«ҚТЖ» ҰК» АҚ - « желі дирекциясы» филиалының Құжаттамалық қамтамасыз ету Департаментінің бақылау жөніндегі менеджері (13 грейд)
- Құрылған күні:
-
21.10.2025
- Берілген өтінім:
- 86
- Қаралған саны:
- 812
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Басқарма төрағасының Компанияның стратегиясы және цифрландыру жөніндегі орынбасары, компания аппаратының басшысы дирекция директоры өткізетін компаниялардың өндірістік және селекторлық кеңестерінде қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Дирекция мәселелері бойынша Компания басқармасының жұмыс жоспарын қалыптастырады және сауал жолдайды;
- ЭҚЖ арқылы хаттамалық тапсырмалар бойынша Дирекцияның барлық құрылымдық бөлімшелеріне ескерту-хат дайындайды, қалыптастырады және жібереді;
- ЭҚЖ арқылы компания және Дирекция басшылығының хаттамалық тапсырмалары бойынша барлық өңірлік бөлімшелерге ескерту-хат дайындайды, қалыптастырады және жібереді;
- іс жүргізушілер мен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлеріне компания мен Дирекция басшылығының хаттамалық тапсырмаларын орындау бойынша жауаптар жобаларын ресімдеу, келісу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді;
- компания және Дирекция басшылығының тапсырмаларын орындау мерзімдерін бұзу фактілері бойынша орындаушылық тәртіп бойынша кеңеске материалдар дайындайды;
- Дирекция басшылығына дирекция директоры өткізген өндірістік, селекторлық кеңестерде қабылданған шешімдердің орындалу барысы туралы ақпараттық анықтамалар ұсынады;
- қажет болған жағдайда компания басшылығы мен Дирекция тапсырмаларының орындалу мерзімдерін бұзу фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізеді;
- Департамент басшылығының атына келіп түскен сұрау салулар бойынша дирекцияның құрылымдық бөлімшелерімен келіп түсуіне қарай бақылау мен хат алмасуды жүзеге асырады;
- ЭҚЖ-дағы жұмыс жөніндегі дирекцияның желілік бөлімшелерінің қызметкерлеріне кеңес береді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету, Мұрағаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, менеджмент,Қаржы, маркетинг, журналистика, филология, әлеуметтану, саясаттану, әлеуметтік жұмыс, құқықтану, халықаралық қатынастар, аударма,, қоғаммен байланыс және немесе / теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы
Ұқсас вакансиялар