"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының бизнес-талдау департаменті Алматы өңірлік бөлімінің инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Орындау аясындағы қызмет бойынша статистикалық есептерді жасау әдістемесінің қолданыстағы талаптарының сақталуына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Статистикалық ақпарат пен есептілікке қосылған жалған мәліметтер мен өзге де бұрмалаушылықтарды болдырмау және жою шараларын қабылдайды.
- ДУ-10 нысаны бойынша қозғалыстағы пойыздарда есептік сағаттағы жүк вагондарының нақты бар-жоғы туралы ведомостіні және ДУ-16 нысаны бойынша жүк паркінің баланстық вагондары мен бос вагондардың нақты бар-жоғы туралы кітапты толтырады.
- ДО-2, ДО-3, ДО-15 нысандары бойынша статистикалық есептерді жинақтау мен жасау жұмыстарын жүзеге асырады, сондай-ақ осы есептердің көрсеткіштері бойынша макеттерді қалыптастырып, оларды ДИСКОР ақпараттық жүйесіне жолдайды.
- Статистикалық есептер мен ақпараттық жүйелердегі жүк вагондарының бар-жоғы, жұмысы, техникалық жай-күйі мен пайдалану көрсеткіштеріндегі сәйкессіздіктерге бақылау жүргізеді. Сонымен қатар, станциялардан алынған пойыздарды, жүк вагондары мен контейнерлерді қабылдау және тапсыру, жүк жұмыстары туралы мәліметтерді ГВЦ әзірлейтін ДО-1, ДО-2, ГО-1, ГО-2, ГО-3 нысандарындағы статистикалық есептермен салыстырып тексереді.
- Жүк вагондары мен контейнерлер бойынша нақты нөмірлік және жол бойындағы санақтарға қатысады, станциялардан алынған жедел мәліметтерді жинақтап, қорытындылайды.
- ДО-2, ДО-15, ВО-1 нысандары мен ақпараттық жүйелерде тіркелген жүк вагондарының саны, бағыттар бойынша тиеулі вагондардың бар-жоғы, ақаулы вагондар бойынша көрсеткіштер арасындағы алшақтық себептерін талдайды. Сәйкессіздіктердің себептерін дер кезінде анықтап, оларды жою жөнінде шаралар қабылдайды.
- ГП бөлімшесінің пайдалану қызметі көрсеткіштері бойынша жедел анықтамаларды қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- мамандығы: Статистика; автоматтандыру және басқару; ақпараттық жүйелер; көлік, техника және технологиялар; логистика (салалар бойынша); тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: темір жол көлігі саласында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр