6-разрядты оқшаулаушы Функционалдық бағыты – жөндеу-құрылыс жұмыстары «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» ҰҚ» АҚ

от 411 107
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
58

Қаралған саны:
768

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • себіндіден рулон материалдарын тазалау;

  • екі жақты рубероидты және қаптамасы жоқ рулон материалдарын қайта орау;

  • желімдеу алдында негіздерді қолмен ґрунттау;

  • рулонды кілемді катокпен таптау;

  • рулон және дана материалдарды кесу, табақтар мен плиткалардың бұрыштарын қию;

  • түйіспелер мен жіктерді майлау үшін ерітінді дайындау;

  • черепица арасындағы жіктерді тығындау және ерітіндімен майлау;

  • дана және рулон материалдардан жасалған шатырды бөлшектеу;

  • мастикаларды және рулондарды дайындау;

  • рулон және мастикалы материалдармен бір және екі еңісті шатырларды жабу және жөндеу;

  • шатырларды жапсарланған рубероидпен жабу;

  • гидрооқшаулағышты ендірме бөлшектермен және деформациялық жіктермен түйісетін жерлерде гидрооқшаулағыш қабатты орнату;

  • рулонды шатырларды шыны талшықпен арматуралау;

  • дайын кілемнің бетін ыстық мастикамен жабу және үстіне құм немесе ұсақ қиыршық тас себу;

  • рулон және дана шатыр материалдарынан жасалған жабындарды, күмбезді, конус тәрізді, аркалы және басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу, мастикалы шатырларды жасау

Біліктілік талаптары:

Білім:

  • орта техникалық (орта – арнайы, орта кәсіби);

  • «оқшаулаушы-шатыршы» мамандығы бойынша қысқа мерзімді курстардан өткені туралы куәлігінің болуы.


Жұмыс өтілі:

  • 6-разрядты оқшаулаушы-шатыршы болып кемінде бір жыл еңбек өтілі.

Қосымша талаптар:

Құзыреттер:

  • шатырлық болаттың негізгі қасиеттерін, қарапайым шатырларды белгілеу, жөндеу және жабын орнату тәсілдерін, аса күрделі пішінді беттерге гидрооқшаулағышты қолдану әдістерін, материалдар мен шатыр жабындарының сапасына қойылатын талаптарды білу.


Дағдылар:

  • еңбек функциясына сәйкес орындалатын жұмыстарда қолданылатын қол құралдарының және шағын механизация құралдарының түрлері, типтері мен арналуы; еңбек функциясын орындауда қолданылатын қол құралдары мен шағын механизация құралдарының құрылысы мен мақсаты, олардың қауіпсіз пайдаланылуына қойылатын талаптар; еңбек функциясына сәйкес жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын қол құралдары мен шағын механизация құралдарын пайдалану ережелері;

  • жол-құрылыс және жөндеу жұмыстарын орындау ұзақтығына, сондай-ақ қоршау орындарының мақсатына байланысты қоршау құрылғыларының түрлері және оларды қолдану тәртібі; әртүрлі ауа райы және климаттық жағдайларда қоршау құрылғыларының блоктарын (секцияларын) орнату, бекіту және орнықтылығын қамтамасыз ету ережелері;

  • рулон материалдарын себіндіден тазалау, екіжақты рубероидты және қаптамасы жоқ рулон материалдарын қайта орау, жіктер мен түйіспелерді майлауға арналған ерітінді дайындау, дана және рулон материалдардан жасалған шатырды бөлшектеу, мастикалар мен рулондарды дайындау;

  • рулон және мастикалы материалдармен бір және екі еңісті шатырлардың жабындарын орнату және жөндеу, гидрооқшаулағыштың ендірме бөлшектермен және деформациялық жіктермен түйісетін жерлерінде гидрооқшаулағыш қабатты орнату, рулонды шатырларды шыны талшықпен арматуралау, дайын кілемнің бетін ыстық мастикамен жауып, үстіне құм немесе ұсақ қиыршық тас себу, сондай-ақ рулон және дана шатыр материалдарынан жасалған жабындарды, күмбезді, конус тәрізді, аркалы және басқа да күрделі шатырларды орнату және жөндеу, мастикалы шатырларды орындау;

  • еңбек функциясы бойынша жұмыстарды орындау уақыт нормалары;

  • алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері;

  • жеке қорғану құралдарын қолдану ережелері;

  • жұмыстарды жүргізу кезінде еңбек қауіпсіздігі, өрт және экологиялық қауіпсіздік талаптары.


Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру