Бас директор «Шүлбі су электр станциясы» ЖШС (Абай облысы, Семей қ., Шүлбі кенті)
“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Шүлбі к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Даму стратегиясын іске асыру;
- Серіктестіктің қызметін басқару;
- Экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау мен энергия үнемдеуді қамтамасыз ету;
- Бағынысты персоналды басқару;
- Инвестициялық жобаларды басқару және дамыту;
- Негізгі ішкі және сыртқы өзара қарым-қатынастарды басқару;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, тәуекелдерді, ішкі бақылау және қауіпсіздік жүйесін басқару;
- Комплаенс тәуекелдерін басқару.
Талаптар:
Жұмыс өтілі:
- Электр энергетикасы саласындағы өндірістік компанияда кемінде 12 жыл жұмыс өтілінің болуы. Бұл ретте соңғы 3 жылда саяси лауазымдарды атқармаған болуы тиіс.
- Басқарушылық қызметте кемінде 7 жыл жұмыс өтілінің болуы. Оның ішінде электр энергетикасы саласындағы компанияларда қызмет ауқымы, күрделілігі және/немесе кіріс көлемі жағынан Серіктестікпен кемінде салыстырмалы болатын ұйымдарда жоғары басшылық лауазымдарда 3 жыл және одан да көп жұмыс тәжірибесінің болуы.
- Оң жетістіктердің болуы және мінсіз іскерлік бедел.
- Ірі жобаларды басқару тәжірибесі, оның ішінде инвестициялық жобалар мен күрделі құрылыс жобалары;
- Корпоративтік және функционалдық стратегияларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
- Серіктестіктің ұзақ мерзімді және орта мерзімді бизнес-жоспарларын және операциялық қызметін қамтамасыз ету тәжірибесі;
- Өндірісте озық технологияларды енгізу, электр энергетикасы саласындағы компанияларда өндірістік процестерді табысты жаңғырту, қайта ұйымдастыру немесе трансформациялау тәжірибесі;
- Әртүрлі бағыттар бойынша кросс-функционалдық өзара іс-қимыл тәжірибесі: өндірістік қызмет, инвестициялар, қаржы және т.б.
Білімі:
- Электр энергетикасы саласындағы жоғары техникалық білім немесе қызмет бейініне сәйкес өзге жоғары білім не қосымша бейінді қайта даярлау;
- Стратегиялық менеджмент, жоспарлау, жобаларды басқару, инвестициялар, құрылыс бағыттары бойынша қосымша білім немесе біліктілікті арттыру;
- Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша магистр дәрежесінің және/немесе MBA және/немесе EMBA дәрежесінің болуы құпталады.
Білімдері мен дағдылары:
- Қазақстан Республикасының заңнамасын білу:
- «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң;
- Электр энергетикасы және құрылыс қызметі, инвестициялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
- Электр энергиясын өндіру, макро- және микроэкономика, электр энергиясының баға белгілеуі, компания дамуын жоспарлау қағидаттары салаларындағы теориялар мен тәжірибелер;
- Салалық жаһандық трендтер, электр энергетикасы, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы нарықты түсіну;
- Инвестициялық жоспарлау және жобалық менеджмент тәсілдері;
- Корпоративтік басқару және компанияның тұрақты дамуы қағидаттары мен тәсілдері;
- ҚР еңбек заңнамасының негізгі ережелері;
- Персоналды, командаларды және жобаларды басқару дағдылары;
- Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қоршаған ортаны, су ресурстарын қорғау және азаматтық қорғау саласындағы білімдер;
- Өндірістік процестерді білу, тәуекелдерді басқару дағдылары;
- Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру/цифрландыру саласындағы білімдер;
- Серіктестік пен Қатысушының ішкі нормативтік-өкімдік құжаттарын (ІНҚ) білу;
- Көпшілік алдында сөйлеу, сендіру қабілеті;
- Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Құзыреттер:
- Серіктестіктің бекітілген құзыреттер моделіне және/немесе өзге ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес.
Ұқсас вакансиялар
Күрделі құрылыс басқармасы, күрделі құрылыс бөлімінің 1 санатты инженер-технологы
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | Еңбекпен толық қамтылу
| Екібастұз қ.
15.12.2025 | 231
345356 - 365356 KZT
Астана электрмен жабдықтау дистанциясының Қырықыншы тартымдық қосалқы станциясының аға электромеханигі
Астанинская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Ақмола облысы
15.12.2025 | 136
326149 - 341723
«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Шымкент магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология жөніндегі жетекші инженер
Шымкентская дистанция электроснабжения | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
15.12.2025 | 888
385970 - 399543