Бас директор «Өскемен су электр станциясы» ЖШС (Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы)

“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Ішкі іздеу
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
49

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Даму стратегиясын іске асыру;
  • Серіктестіктің қызметін басқару;
  • Экономикалық және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету;
  • Өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті, еңбекті қорғау және энергия үнемдеуді қамтамасыз ету;
  • Бағынысты персоналды басқару;
  • Негізгі ішкі және сыртқы өзара қарым-қатынастарды басқару;
  • Инвестициялық жобаларды басқару және дамыту;
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, тәуекелдерді, ішкі бақылау және қауіпсіздік жүйесін басқару;
  • Комплаенс тәуекелдерін басқару.

Талаптар:

Жұмыс тәжірибесі:

  • Электр энергетикасы саласындағы өндірістік компанияларда кемінде 12 жыл жұмыс тәжірибесі. Бұл ретте соңғы 3 жылда саяси лауазымдарды атқармауы тиіс.
  • Басқарушылық жұмыс тәжірибесі кемінде 7 жыл, оның ішінде электр энергетикасы саласындағы, қызмет ауқымы, күрделілігі және/немесе табыс көлемі бойынша Серіктестікке кемінде салыстырмалы компанияларда жоғары басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл және одан да көп тәжірибесі болуы тиіс.
  • Позитивті жетістіктердің және мінсіз іскерлік беделдің болуы.
    Ірі жобаларды, оның ішінде инвестициялық жобалар мен күрделі құрылыс жобаларын басқару тәжірибесі;
  • Корпоративтік және функционалдық стратегияларды әзірлеу және іске асыру тәжірибесі;
  • Серіктестіктің ұзақ мерзімді және орта мерзімді бизнес-жоспарларын және операциялық қызметін қамтамасыз ету тәжірибесі;
  • Өндірісте озық технологияларды енгізу, электр энергетикасы саласындағы компанияларда өндірістік процестерді табысты жаңғырту, қайта ұйымдастыру немесе трансформациялау тәжірибесі;
  • Әртүрлі бағыттар бойынша кросс-функционалдық өзара іс-қимыл тәжірибесі: өндірістік қызмет, инвестициялар, қаржы және т.б.

Білімі:

  • Электр энергетикасы саласында жоғары техникалық білім немесе қызмет бейініне сәйкес өзге жоғары білім, не қосымша бейіндік қайта даярлау;
  • Келесі бағыттар бойынша қосымша білім немесе біліктілікті арттыру: стратегиялық менеджмент, жоспарлау, жобаларды басқару, инвестициялар, құрылыс;
  • Халықаралық аккредитациясы бар бағдарлама бойынша магистр дәрежесінің және/немесе MBA, және/немесе EMBA дәрежесінің болуы құпталады.

Білімдері мен дағдылары:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы:
  • «Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңы;
  • «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
  • Электр энергетикасы, құрылыс қызметі және инвестициялар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері;
  • Келесі салалардағы теориялар мен тәжірибелер: электр энергиясын өндіру, макро- және микроэкономика, электр энергиясының баға белгілеуі, компания дамуын жоспарлау қағидаттары;
  • Салалық жаһандық трендтер, электр энергетикасы, құрылыс және қоршаған ортаны қорғау салаларындағы нарықты түсіну;
  • Инвестициялық жоспарлау және жобалық менеджмент тәсілдері;
  • Корпоративтік басқару және компанияның орнықты даму қағидаттары мен тәсілдері;
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негізгі ережелері;
  • Персоналды, командаларды және жобаларды басқару дағдылары;
  • Өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау, қоршаған орта, су ресурстары және азаматтық қорғау салаларындағы білімдер;
  • Өндірістік процестерді білу, тәуекелдерді басқару дағдылары;
  • Бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру/цифрландыру саласындағы білімдер;
  • Серіктестіктің және Қатысушының ішкі нормативтік-өкімдік құжаттары (ІНҚ);
  • Көпшілік алдында сөйлеу, сендіру қабілеті.
  • Мемлекеттік және орыс тілдерін еркін меңгеру.

Құзыреттер:

  • Серіктестіктің және/немесе өзге де ішкі нормативтік құжаттардың бекітілген құзыреттер моделіне сәйкес.