Газ желілерін жөндеу қызметінің жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Газ құбырларында техникалық жұмыстарды орындау
- Жұмыс істеп тұрған төмен, орта және жоғары қысымды, диаметрі 500 миллиметрге дейінгі газ құбырларына қосылу, ауыстыру және жөндеу жұмыстарын орындау кезінде слесарлық жұмыстарды орындау;
- Трассалардағы төмен, орта және жоғары қысымды газ құбырларында конденсат жинағыштарды тексеру, ауыстыру және орнату, олардан конденсатты шығару;
- Конденсат жинағыштардың құбырларындағы анықталған ақауларды жою;
- Газ құбырларын тығыздыққа сынау, үрлеу және бумен тазарту;
- Жерасты болат және полиэтилен газ құбырларын жөндеу кезінде күрделі слесарлық жұмыстарды орындау, газдың ағуын және бітелулерді жою;
- Жерасты газ құбырларындағы газдың ағу орындарында, ақауларды жөндеу кезінде, зақымдалған учаскелерді қалпына келтіруде, газ құбырларына, ГРП және ШРП-ға (газ реттеу пункті және шкафтық реттеу пункті) дәнекерлеу жұмыстары (қосылу) кезінде, ШРП құрастыру және тіректерді орнату кезінде топырақты қазу жұмыстарын орындау;
- Полиэтилен газ құбырларында төмен, орта және жоғары қысымды қосқыш қыздырғыштармен және полиэтиленнен жасалған құбырлар мен бөлшектерді қыздырылған құралмен түйістіру арқылы дәнекерлеу жұмыстарын орындау;
- Дәнекерлеуге арналған құбырларды дайындау және оларды орталықтандыру;
- Жоғары қысымды газ құбырларындағы крандарды майлау;
- Төмен, орта және жоғары қысымды газ жүйелерінде линзалық компенсаторларды, конденсат жинағыштарды, гидрозатворларды және ысырмаларды монтаждау және бөлшектеу жұмыстарын орындау.
- Білімі орта техникалық немесе жалпы орта, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.
- Жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесарі өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқудан өтіп, газ қауіпті жұмыстарға рұқсат беру туралы белгісімен білімін тексеруден өтуі тиіс.
- Еңбек шарты негізінде
Ұқсас вакансиялар
Экономика және тарифты құру бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
24.06.2026 | 3598
Бухгалтерлік есеп бөлімі бас бухгалтерінің орынбасары
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Шымкент өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
19.06.2026 | 1935
Батыс Қазақстан өндірістік филиалының бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Орал қ.
03.07.2026 | 1945