«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «Ақтөбе ЖТ бөлімшесі» филиалы Ақтөбе локомотив пайдалану депосы өндірістік қауіпсіздік және экология секторының бастығы

371284 - 389986
ТЧЭ-2 АКТЮБИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Әзірлейді:
- Еңбек жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шараларды; өндірістік қауіпсіздік саласындағы қызметтер бюджетiн;
- Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, электр-өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша іс-шаралар жоспарларын;
- Өндірістік қауіпсіздік және қауіпсіз еңбек әдістері бойынша нұсқаулықтарды, функцияларды орындауға тікелей бағытталған міндеттерді бөле отырып, сектор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын;
- Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды.
  • Жүргізеді:
- Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарының бұзылу жағдайларын есепке алуды, оларды талдауды және жою жөніндегі іс-шараларды;
- Өндірістік қауіпсіздік жағдайын, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, жеке қорғаныс құралдарының (ЖҚҚ) жай-күйін тексеруді, оларды қамтамасыз ету және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін айқындауды;
- Өндірістік учаскелердегі еңбек жағдайларын жедел талдауды, тәуекелдерді сипаттау мен бағалауды, депоның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге әсер ететін факторларды айқындауды.
  • Қамтамасыз етеді:
- Өндірістік қауіпсіздік талаптарының барлық анықталған бұзушылықтары бойынша тергеп-тексеруді ұйымдастыруды және жүргізуді, талдау хаттамаларын, түзету іс-қимылдары жоспарын жасауды және есеп беруді ұсынуды;
- Арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен және т.б. қамтамасыз етуге өтінімдер жасауды.

 Біліктілік талаптары:

  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (вагондар, локомотивтер және электрлі жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Электртехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (теміржол жолдарын және жол шаруашылығын салу); Көлік құрылысы; Машина жасау (технологиялық машиналар мен жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Еңбек өтілі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр