Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің экономисті, уақытша жұмыста болмаған жұмыскерді алмастыру үшін

"Шымкент" магистральдық газ құбырлыры басқармасы филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
2458

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Филиал бойынша бюджет пен бизнес-жоспарды қалыптастыру кезінде бюджеттік өтінімдерді әзірлеуге қатысу;
  • Бюджеттік өтінімдерді, оларға қоса берілетін есептеулер мен негіздемелерді талдау, Филиалдың бюджеті мен бизнес-жоспарының баптары бойынша жиынтық бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру; SAP/BW жүйесіне енгізу;

  • Филиалдың экономикалық бюджетінің орындалуын мониторингтеу, нақты көрсеткіштердің жоспарлы көрсеткіштерден ауытқуын талдау, түсіндірме жазбаны дайындау;

  • Филиал бюджетінің орындалуы бойынша ай сайынғы есепті SAP/BW жүйесінде қалыптастыру, факторлық талдау жүргізу, түсіндірме жазбаны дайындау; ПХГ бойынша шығындарды мониторингтеу, SAP R/3 жүйесіндегі деректерді салыстырып тексеру;

  • «ОңтүстікҚазжерқойнауы» өңіраралық аумақтық департаментіне ұсыну үшін Филиалдың геологиялық қызметінің есептерін қалыптастыруға қажетті ақпаратты дайындау.

Талаптар:

Білім:  сәйкес мамандық бойынша жоғары білім, сәйкес мамандық (квалификация) бойынша орта арнаулы білім.

Еңбек өтілі:
жоғары білімі бар кандидаттар үшін еңбек өтілі талап етілмейді; орта арнаулы білімі бар кандидаттар үшін еңбек өтілі кемінде 5 жыл.


Шарттары:

  • Кандидаттың нақты тұратын жері Шымкент қаласында немесе Түркістан облысының жақын аудандарында болып, жұмыс орнына күн сайын келіп-кету мүмкіндігі болуы тиіс