"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының Комплаенс-офицері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Компанияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері бойынша ішкі және сыртқы реттеу талаптарын сақтауын бағалау;
- Комплаенс-функциялар мәселелері бойынша Қоғамның компаниялар тобы бойынша коммуникацияны және оқытуды қамтамасыз ету;
- комплаенс саласында әдіснаманы әзірлеу және енгізу;
- бастамашылық ақпараттандыру желісін енгізу;
- комплаенс-тәуекелдерді бағалауды жүргізу;
- қызметтік тергеу жүргізу;
- мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), комплаенс және тергеу саласындағы халықаралық кәсіби ұйымдар (мысалы, Ica, CFE, "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы мамандарын қайта даярлау және біліктілігін арттыру корпоративтік орталығы) беретін және біліктілік емтиханын міндетті тапсыруды көздейтін комплаенс саласындағы, жақсырақ қолданыстағы кәсіби сертификаттар
- Саладағы мамандығы: құқықтану, қаржы, аудит, экономика немесе жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті өзге де салалар;
- Жұмыс тәжірибесі:компанияда бар немесе Стандартта көрсетілген бағдарламаның комплаенс элементтерінің көпшілігін жүзеге асыруды көздейтін комплаенс функциясын іске асыруда кемінде 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі.
Қосымша талаптар:
- Комплаенс және этика мәселелері бойынша ішкі корпоративтік құжаттарды, стандарттарды, саясаттар мен рәсімдерді әзірлеу, сондай-ақ комплаенс рәсімдері шеңберінде бизнес-процестерді мониторингтеу, тергеп-тексерулер жүргізу, этика және комплаенс саласында есептілік қалыптастыру бойынша тәжірибе мен дағдылар;
- Халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды, құқықтық және аудиторлық қызметті, Қазақстан Республикасының комплаенс саласындағы заңнамасын, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы