Инженер Мұнай мен газды өңдеу техникасы мен технологиясы қызметі

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
157

Қаралған саны:
3335

   Конкурс туралы

Талаптар

Лауазымдық нұсқау бойынша біліктілік талаптары

Талап етілетін біліктілік

Білімі (жоғары, мамандық/ біліктілік)

Лайықты қызмет саласы бойынша жоғары кәсіптік білім.

Техникалық (мұнай және газ кенорындарын өндіру және пайдалану / геология және барлау / бұрғылау / жобалау / химия / технологиялық үдерістерін автоматтандыру / ақпараттық технологиялар / радиотехника / электроника немесе математика, биология және экология)

Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі

Еңбек тәжірибесіне қатысты талаптарсыз

Сала бойынша ұлттық және / немесе халықаралық компаниялардағы және / немесе функционалды бағытқа лайықты салалардағы жұмыс тәжірибесі

-

Басқару лауазымдарындағы еңбек тәжірибесі 

-

Лауазымдық міндеттерді орындауға қажетті білім:

  1. Еңбек заңнамасының, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің және нормаларының негіздері.
  2.  Мұнай өндіретін кәсіпорындарындағы өндірістік үдерістерді білу;                                
  3. Ағымдағы ұңғымаларды жер асты жөндеу техникасы және технологиясы саласындағы білім;            
  4. Көмірсутек кенорындарындағы өңдеу технологиясы және технкиасы;                                     
  5. Ұңғымалардың атқымалы, газлифттік және мехникаландырылған пайдалану технологиясы;
  6. Ұңғымалардың механикаландырылған қорының технологиялық режимін сақтауды бақылау әдістері мен техникалары;                                                      
  7. Ұңғымалардың механикаландырылған қоры жұмысының технологиялық тиімділігін арттыру әдістері;
  8. Ұңғымалардың қиындатылған қорын пайдалану технологиясы мен техникасы (мех ерітінділер, АСПО, коррозия, тұз тұнбалары және т.б.).
  9. Ұңғыма қорының жөндеу аралық мерзімін есептеу және терең сорғыш жабдығының істен шығуға дейінгі атқарымын есептеу әдістері.

Міндеттерді орындауға қажетті дағдылар:

  1. Ақпаратты жинақтау, жүйелендіру және талдау;                                                   
  2. Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын қолдану дағдылары;                      
  3. Ақпараттық жүйелерді қолдану;                                                       
  4. Заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы құжаттарды жүйелендіру, есепке алу және жүргізу дағдылары

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттер:

1.     Өндірістік материалдарды жинақтау және жүйелендіру;

2.     Дерекқорларды дайындау;

3.     Ортамерзімді уақытқа ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар бойынша ұсыныстарды дайындау;

4.     Жаңа тиімділігі жоғары өңдеу технологияларын жетілдіру және дайындау жұмыстарына қатысу;       

5.     Кенорындарда инновациялық өңдеу технологияларын енгізу жұмыстарын қадағалау және қатысух;

6.     Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы Заңы аясында мұнайгаз саласындағы кәсіпорындар дайындайтын нормативті және техникалық құжаттамалар жобасын қарастыруға қатысу;

7.     Қиыншылықтармен күресу бойынша ұсыныстарды беру: тұз тұнбалары, механикалық ерітінділер, терең сорғыш жабдықтың коррозиясы және АСПО;

8.     Жұмыс берушінің жазбаша қаулысы бойынша Жұмыскердің кәсіби біліктілік деңгейіне лайықты қосымша жұмыстар мен функцияларды орындау.

Ерекше жағдайлар