Орындарды іздеу және жалға алу жөніндегі жетекші маман (Астана)
ТОО "Мобайл Телеком-Сервис" (Объединенная Компания Tele2/ALTEL) Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 01.04.2024
- Берілген өтінім:
- 15
- Қаралған саны:
- 322
Негізгі міндеттері:
- Компанияның жабдығын орналастыруға қажетті нысандарды іздеу;
- Компанияның жабдығын орналастыруға арналған жалға алу шарттарын жасасу мақсатында, келіссөздерді жүргізу, ғимараттардың, құрылыстардың және жер учаскелерінің иелерін көндіру;
- Көппәтерлі үйлердің тұрғындарына негізгі станциялардың жабдықтары зиянсыз екені туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
- Компанияның жабдығын орналастыру мәселелері бойынша көппәтерлі үйлердегі пәтер иелерінің жиналыстарын ұйымдастыру және олардың арасында сауалнама жүргізу.
Қойылатын талаптар:
- Жоғары техникалық/заңгерлік/экономикалық білім;
- Жылжымайтын мүлікті жалға беру немесе сату саласындағы немесе жерлердің, ғимараттардың, үй-жайлардың иелерімен жиі сөйлесуді қажет ететін басқа саладағы жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем болмауы тиіс;
- Топография негіздерін білуі, карталар мен сызбаларды пайдалана білу;
- Қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын білу;
- Желі нысандарының құрылысы жөніндегі жалпы техникалық талаптарды білу, келіссөз жүргізу дағдыларын меңгеру, жалға беруге қатысты азаматтық-құқықтық қатынастар саласындағы заңнаманы білу;
- GPS-навигация құралдарын, есептеуіш және компьютерлік техника құралдарын коммуникация және байланыс құралдарын қолдана білу.
Жасалатын жағдайлар:
- Жыл сайынғы лайықты сыйақы;
- Медициналық сақтандыру;
- Корпоративтік ұялы байланысын төлеп беру;
- 28 күнтізбелік күннен тұратын жыл сайынғы еңбек демалысы;
- Қала орталығындағы жаңа заманауи кеңсе.
Ұқсас вакансиялар
АҚ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның (бұдан әрі – Қоғам) тәуелсіз директоры
Акционерлік қоғам «Аграрлық несие корпорациясы» | Жартылай қамтылу
| Астана қ.
16.05.2024 | 1250
жоба менеджері
ТОО "Центр развития цифровой экономики" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.05.2024 | 309
Модератор
ТОО "Центр развития цифровой экономики" | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
13.05.2024 | 217