«Қазақстан Халық Банкі» АҚ
"Қазақстан Халық банкі" АҚ — өз клиенттерінің игілігі үшін 90 жылдан астам табысты жұмыс істеп келе жатқан Қазақстан Республикасының ең ірі әмбебап коммерциялық банкі, Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі.
"Қазақстан Халық банкі" АҚ Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылған Жинақ банкі негізінде құрылды және бірнеше жылдар бойы ҚР Үкіметінің зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі агенті болды.
2001 жылы өткізілген Халық банкін жекешелендіру өз клиенттеріне сапалы қызметтердің барынша кең көлемін ұсына алу үшін бизнесті қайта құрылымдауға мүмкіндік берді.
Банк Visa International, MasterCard International, China Union Pay төлем жүйелерінің карточкаларын шығарады және қазақстандық төлем карточкалары нарығында өзгеріссіз көшбасшы болып қала беруде. Айналыстағы банк карточкаларының жалпы саны 3,9 млн бірліктен асты, бұл Қазақстандағы төлем карточкаларын пайдаланушылардың шамамен 40%-ын құрайды.
ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2008 жылғы 6 тамызда № 10 банктік және өзге де операциялар мен бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүргізуге лицензия берген.