Каустик
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

Каустик

Қазақстан Республикасы 2010-2014 жылдарға арналған ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы аясында "Каустик" АҚ мембраналық әдіспен каустикалық сода мен сұйық хлор өндіретін жаңа химия зауытының құрылысын жүргізді.

Қазіргі уақытта біздің кәсіпорын химиялық өнім шығарудың толық жобалық қуатына шықты:

 

Каустикалық сода, МЕМСТ 2263-79, РХ маркалы, құрамында жылына 50% 30 000 тонна негізгі зат бар сулы ерітінді түрінде;

Сұйық хлор, МЕМСТ 6718-93 - жылына 26 000 тонна.

Тұз қышқылы 35%, МЕМСТ 857-95 - жылына 45 000 тонна;

Техникалық натрий гипохлориті, МЕМСТ 11086-76 - жылына 6 600 тонна.

 

"Каустик" АҚ Қазақстан Республикасының аумағында каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы және натрий гипохлоритінің жалғыз өндірушісі болып табылады.

Үздіксіз және уақтылы жеткізу үшін біздің кәсіпорында химиялық өнімнің жеткілікті қорын сақтауға арналған өз қоймалары бар. Бұдан басқа,

жеке теміржол цистерналарының заманауи паркі бар.

Біз шығаратын өнімдерде химиялық өнімдерді өндіру және сатуға барлық қажетті сертификаттар мен рұқсаттар, оның ішінде каустикалық содаға СТ-KZ сертификаты бар.

Бұдан басқа, шығарылатын өнімнің МЕМСТ талаптарына сәйкестігіне "Каустик" АҚ сынақ орталығы сынақ жүргізеді, Қазақстан Республикасы Индустрия мен жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығында ҚР СТ ИСО талаптарына сәйкестік жөнінде аккредиттеу жүйесінде: МЭК 17025-2007, аккредиттеу аттестаты нөмірі 09.12.2010 жылғы KZ.И.14.1055 5 жыл мерзімге акредиттелген.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар