«PetroRetail»  ЖШС (Qazaq Oil)
«PetroRetail»  ЖШС (Qazaq Oil)
2.1

Оценка компании соискателями

45%

Кәсібилілік

40%

Сыпайылық

40%

Кері байланыстың жылдамдығы

40%

Тартымдылық индексі

«PetroRetail» ЖШС (Qazaq Oil)

Qazaq Oil - бұл жай ғана жұмыс емес, Qazaq Oil - бұл тату отбасы.

"Qazaq Oil" брендін бірінші кезекте адамдар мен команда жасайды. Өйткені олар компанияның басым құндылығы болып табылады. Брендтің жетістігі, лауазымына қарамастан, барлық қызметкерге бірдей байланысты. Қазіргі уақытта PetroRetail компаниясында Qazaq Oil бренді аясында бүкіл ел бойынша 380 автожанармай құю кешенінде 5 000 мыңнан астам адам жұмыс істейді және бұл сан ай сайын өсуде. Себебі біз жаңа станцияларды іске қосып, жанармай құю кешендерінде көрсетілетін қызметтер санын кеңейтіп жатырмыз. Осылайша 3 жыл ішінде жұмыс орындарының саны 2 есеге жуық өсті.

Шынымен де мықты мамандарды тауып, адамдар ортақ іске белсене қатысатын және жаңа білімге ашық ортаны құра алатынымызға өте қуаныштымыз. Іріктеу кезінде кәсіби талаптардан басқа, біз үшін компания мен қызметкердің құндылықтары сәйкес келуі өте маңызды.

 Біз елордадан бастап, шалғай ауыл мен оған ең жақын ірі қалаға дейін жүздеген шақырым ұланбайтақ Отанымыздың қарыштап дамуы мен өзінің жеке тұлғалық өркендеуіне мүдделі адамдарды біріктіреміз.

Жыл сайын біз қызметкерлеріміздің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын компанияның кәсіподақ тарапынан қолдау көрсету есебінен ғана емес, сонымен қатар материалдық және одан тыс ынтасы үшін жағдай жасау арқылы жақсартуға тырысамыз:

Ø сақтандыру шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесін кеңейтеміз;

Ø қызметкерлерді дамыту үшін республикалық форумдар ұйымдастырамыз;

Ø балалар лагерлеріне жолдама шығындарын ішінара жабамыз;

Ø шипажайларда сауықтыру шығындарын өтейміз;

Ø материалдық көмек көрсетеміз: баланың тууына/асырап алуға байланысты, қызметкердің, жұбайының, балаларының, ата-анасының қайтыс болуына байланысты;

Ø өндірістік нысандардағы қауіпсіздік техникасы бойынша үздік қызметкерлерді атап өтеміз;

Ø өндірістік нысандарда тамақтану және демалу бөлмелерін тұрмыстық техникамен жабдықтаймыз және тағы басқалар.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар