ТОО "Электровоз құрастыру зауыты"
0

Оценка компании соискателями

0%

Кәсібилілік

0%

Сыпайылық

0%

Кері байланыстың жылдамдығы

ТОО "Электровоз құрастыру зауыты"

Alstom компаниясының Қазақстанда 1000-нан астам қызметкер штатын және екі зауытты қоса алғанда, 7-ші өндірістік алаңы бар. 

Оның біріншісі - Астана қаласындағы "Электровоз құрастыру зауыты" (ЭҚЗ) электровоздар мен олардың компоненттерін өндірумен айналысады;

Екіншісі - Алматы қаласындағы "Қазэлектржетек" (ҚЭЖ) бірлескен кәсіпорны бағыттамалы жетектерді өндірумен айналысады.  

Сондай-ақ бізде электровоздар мен компоненттерге Жеке сервистік қызмет көрсету бар.

Астана, Арыс қалаларында депо. 2024 жылдан бастап электровоздар паркінің ұлғаюымен Шу және Алматы қалаларында депо ашу жоспарлануда.

2022 жылдың наурызында арба цехының ашылуы өтті - онда механиктер мен инженерлер тобы электровоздарға арналған арбаларды жинап, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

2017 жылдан бастап электровоз компоненттеріне қызмет көрсету бойынша Сервистік орталық жұмыс істейді.

Қазақстан Жаңа Жібек жолы арқылы Еуропаны, Таяу Шығысты, Азия мен Ресейді байланыстыратын маңызды көлік торабы ретінде қызмет етеді. Ұзындығы шамамен 21 000 км қазақстандық теміржол желісі ені 1 520 мм жолды пайдаланатын әлемдегі үшінші ірі желі болып табылады және техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар үшін елеулі нарық болып саналады.

Alstom-да біз ұтқырлық белестерін бағындыруда, оны ақылға қонымды және орнықты етуде бірлесіп жұмыс істеуге құмар ізденімпаз және жаңашыл адамдарды бағалаймыз.

Біз икемді, инклюзивті және жауапты мәдениетті құрамыз. Мұнда саналуан адамдарға әртүрлі салалар мен аймақтарда жұмыс істеу қырлары бар оқу, өсу және мансаптық ілгерілеу мүмкіндіктері ұсынылады.

Пойыздарды жүйрік етеміз. Осылайша әлем ажарын қалай ашатынымызды да біліңіз.

Компаниядағы бос орындар

Еншілес компаниялардағы бос орындар