Samruk Qyzmet 2021 мансаптық қарқыны


Жарияланған және тізімнен жасырылған
Басталу уақыты:

Аяқталу уақыты:

Берілген өтінім:
1222

Құрметті жұмыс іздеушілер!

Қазақстанда мансап құру бойынша ең қарқынды онлайн-оқытудың 5 күні ұсынылады. Оның үстіне тегін.

Дәстүр бойынша жыл сайын барлық ниет білдірушілер үшін Samruk Qyzmet мансаптық қарқынын өткіземіз. 2021 жылдың тақырыбы – «Цифрландыру дәуірінде мансапты қалай құруға және коммуникацияларды қалай түзуге болады?».

Қандай білім аласыз?

Мысалы «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында қандай мансаптық мүмкіндіктер бар екенін біле аласыздар. Немесе 30 жылдан кейін кәсіби даму үшін не істеу керектігі тұрғысында. Сондай-ақ интернетте жұмыс іздеу қаншалықты тиімді, болашақта қандай дағдылар мен құзыреттер қажет болады жайлы әңгіме өрбиді.

Кім тарқатады?

Самұрық-Қазына, AirAstana, Kcell, Skillfactory және басқа да көптеген компаниялардың мансаптық өсу саласындағы үздік сарапшылары мен рекрутерлері (қызметкерлерді іріктеумен айналысатын мамандар).

Қашан?

5 күн 2 сағаттан: 29 наурыз бен 2 сәуір аралығы, 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Қанша тұрады?

Тегін.

Біз еліміздің барлық тұрғынын мансаптық сауаттылыққа оқытқымыз келеді.

Қосылу үшін не істеу керек?

1) Qsamruk.kz сайтында тіркеуден өту

2) «Қатысу» батырмасын «басу»

3) «Аты-жөн» және «e-mail» жолдарын дұрыс толтыру міндетті

Барлық мәлімет Qsamruk.kz сайтындағы жеке кабинетке және поштаға келеді.

Барлық 5 күнге арналған іс-шараның толық бағдарламасы:

1 күн: 29.03.2021 «Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобындағы мансаптық мүмкіндіктер»:

Компания өкілдерінің сөз сөйлеуі:

Спикерлер:

Samruk Qyzmet, жоба менеджері, Әділхан Нағыманов;

Самұрық-Қазына, қызметкерлерді іздеу және іріктеу жөніндегі менеджер, Әсия Чернова;

AirAstana, рекрутинг басшысы, Наталья Абдуллатыпова;

Kcell, рекрутинг бағытының басшысы, Айжан Ербөлекова;

Қорытындысында келесі жайттарды айтып береміз:

Платформада жұмыс істеу;

Бейнебетті дұрыс толтыру;

Елең еткізетін түйіндеме жасау және ілеспе хат жазу;

Рекрутерлермен байланыс орнату.

Спикер: Эльмира Салимова

2 күн: 30.03.2021 «Мансапты дамыту 30+: «қалуға болмайды кетуге»

Спикер: Алла Попова, кәсіби бағдарлаушы

Мансап бойынша кеңесші;

Психология ғылымдарының кандидаты;

Мәскеу Үкіметінің МҚБУ доценті.

3 күн: 31.03.2021 «Цифрлық әдеп. Интернет арқылы тиімді коммуникация құру дағдысы»

Спикер: Татьяна Баранова, қазіргі заманғы әдеп және іскерлік хаттама бойынша сарапшы

Тәжірибелік бизнес әдебі бойынша сарапшы.

Жетекші компаниялар үшін корпоративтік оқыту бағдарламаларын жасаушы. Корпоративтік клиенттер арасында GeneralElectric, Tele 2, Bayer, Mondelez және тағы басқа. ЖОО және мәдени платформалардың дәріскері.

Хаттама бойынша Ұлттық мамандар қауымдастығының мүшесі.

ТМД спикерлері қауымдастығының мүшесі. Форумдар мен конференциялардың спикері, колумнист, әдеп оқулығының және бірқатар мақалалардың авторы

Теледидар және радио сарапшысы

 4 күн: 01.04.2021 «Интернет дәуірінде жұмыс іздеу технологиясы»

Спикер: Юлия Пушкина, Skillfactory мансап орталығының жетекшісі

2008 жылдан бастап ірі халықаралық компанияларда персоналды басқару тәжірибесі (Samsung, LandRoverJaguar, тағы басқа)

T&D сарапшысы

HR жобаларын басқару

10 жылдан астам корпоративтік және жеке сегментте мансап мәселелері бойынша кеңес беру

5 күн: «Қазіргі заман трендтері. Болашақ құзыреті, оларды қалай анықтауға және дамытуға болады»

Спикер: Анна Тимофеева

HR саласындағы сарапшы. Мансап бойынша кеңесші. Мансап жаттықтырушысы. THE BEST HRD 2018

Қазақстан Республикасы HR менеджерлер қауымдастығының мүшесі

«The BEST HRD 2018 KAZAKHSTAN» аталымының жеңімпазы, ҚР үздік HR менеджері 2020

Мансап кеңесшілері қауымдастығы аймақтық даму жөніндегі комитетінің мүшесі (ТМД)

Ұйымдастырушы: «Самұрық-Қазына» Корпоративтік Университеті

Қосылыңыз және мансап жолыңызды жеңілдетіңіз!