Мансап бойынша жаңажылдық онлайн практикум


Жарияланған және тізімнен жасырылған
Басталу уақыты:

Аяқталу уақыты:

Берілген өтінім:
890

Құрметті жұмыс іздеушілер!

Samruk Qyzmet – бұл «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобында жұмыс іздеуге арналған платформа ғана емес, сонымен қатар жұмыс іздеп жүрген немесе өз мансабын жоспарлап жүрген мамандардың тұлғалық дамуы мен мансаптық сауаттылығын арттыруға арналған кәсіби алаң.

Шараға тіркелу тек Samruk Qyzmet тіркелген пайдаланушыларына қолжетімді. Қатысу үшін «Қатысу» түймесін басу керек.

2020 жыл бәріміз үшін трансформация жылы болды.

Біздің көпшілігіміз өмірлік құндылықтарымызды қайта қарастырдық, біреу кәсіби қызметті өзгерту туралы, ал біреу 2021 жылға арналған мансапты жоспарлау туралы ойлады.

Сіз 2021 жылы мансаппен не істеу керектігі туралы ойладыңыз ба?

Осы сұраққа жауап табуға және алдағы жаңа жылды жоспарлауға көмектесу үшін Samruk Qyzmet жобалық командасы 22-25 желтоқсанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін өтетін «Мансап бойынша жаңажылдық онлайн практикум» дайындады.

Әдеттегідей, біз мансаптық және кәсіби даму үшін бірқатар тәжірибелік және пайдалы онлайн вебинарлар дайындадық.

Онлайн практикум бағдарламасы.

Мерзімі: 22.12.2020

Өткізу уақыты: 16.00-ден 18.00-ге дейін

Вебинар тақырыбы: «Жаңа жылға арналған мақсат. Жылыңызды дұрыс жоспарлаңыз»

Спикер: Эльмира Салимова

Samruk Qyzmet жобасының қызметкерлерді іздеу және іріктеу сұрақтары бойынша сарапшысы;

Қазақстан мен ТМД елдерінің еңбек нарығында 17 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар;

Сертификатталған мансап бойынша кеңесші;

Тәжірибелі психолог.

Мерзімі: 23.12.2020

Өткізу уақыты: 16.00-ден 18.00-ге дейін

Вебинар тақырыбы: «Өзіңіздің бірегейлігіңізді қалай табуға және жұмыс берушіге өзіңізді тиімді сатуға болады? Еңбек нарығында қанша тұрамын?»

Спикер: Әйгерім Жаңабаева

Еңбеккеақы төлеу мәселесі жөніндегі сарапшы;

Экономика ғылымдарының кандидаты (еңбек экономикасы, кәсіпорын экономикасы);

8 жыл бойы GRP (GlobalRemunerationProfessional) халықаралық еңбекақы төлеу стандарттары бойынша HR әріптестерін оқытады және сертификаттайды.;

«Еңбекақы төлеудің шұғыл стратегиясы» онлайн әдістемесінің авторы;

«Жұмыс берушіге, клиентке немесе мердігерге өз білімі мен дағдыларын қалай әділ әрі ҚЫМБАТ сатуға болады» онлайн марафонының авторы.

Мерзімі: 24.12.2020

Өткізу уақыты: 16.00-ден 18.00-ге дейін

Вебинар тақырыбы: «Сатылатын түйіндемені дайындаймыз және сұхбатқа дайындаламыз. Рекрутермен кездесу алдында не білу керек?»

Спикер: Серік Асанов

«Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті рекрутинг бағытының басшысы;

Қызметкерлерді іріктеу және іздеу бойынша 4 жылдан астам тәжірибе.

Мерзімі: 25.12.2020

Өткізу уақыты: 16.00-ден 18.00-ге дейін

Вебинар тақырыбы: «Өз мүмкіндігіңізді қалай бағалау керек? Әлеуетті жұмыс берушілер мен бәсекелестерді талдау»

Спикер: Эльмира Салимова