KIMEP University студенттерімен және түлектерімен онлайн кездесуі


Жарияланған және тізімнен жасырылған
Басталу уақыты:

Аяқталу уақыты:

Берілген өтінім:
28
Құрметті достар, 

Сіздерді "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобы өкілдерінің KIMEP University студенттерімен және түлектерімен онлайн кездесуіне қатысуға шақырамыз!

Күні: 20.01.2023 
Уақыты: 15:00-16: 00
Сипаты: Онлайн (ZOOM) 

Спикерлер:

* Ксения Ищанова - Samruk Business Academy рекрутинг департаментінің директоры
* Самал Наурызова - Samruk Qyzmet жобасының жетекшісі

Алдағы сессияда сіз біле аласыз:
- жұмыс берушілердің алдында сізді басқа үміткерлерден ерекшелендіруге көмектесетін құралдар мен тетіктер
- сапалы түйіндеме жасау шарттары
- "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай онлайн рекрутингтік платформасы туралы - Samruk Qyzmet
- "Самұрық-Қазына" АҚ тобына кіретін компаниялар туралы
- "Самұрық-Қазына" АҚ тобының компанияларындағы мансаптық мүмкіндіктер туралы

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Сессияға қатысу Samruk Qyzmet порталында тіркеуден өткеннен кейін ғана қолжетімді болады. 

ZOOM қосылымына сілтеме жасалған шақыру хаты Сіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайына 2023 жылдың 19 қаңтарында сағат 18.00-ге дейін жіберіледі.

Тіркелу сілтемесі:
https://qsamruk.kz/events/vstreca-so-studentami-i-vypusknikami-kimep 

Тіркеліп үлгерген алғашқы 5 қатысушы кәсіби рекрутермен бірге Speed Interview-тен өту мүмкіндігін иеленіп, онда сұхбаттасу бойынша тәжірибелік кеңестер алады.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына +7-7172-799-599 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз