Артқа
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС жас инженерінің оқиғасы
22 сәу. 2024
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС өндірістік бақылау және механикалық тұтастық бөлімінің инженері Ерасыл Бейбітұлы. Кәсіпорын Қазақстанның жетекші мұнай өңдеу зауыттарының үштігіне кіреді және елдегі ең заманауи болып саналады. Зауытты басқаруды "ҚазМұнайГаз ҰК" АҚ және Қытай ұлттық мұнай компаниясы (CNPC) бірлесе, тепе-тең негізде жүзеге асырады.
Ерасыл Бейбітұлы бізбен QSamruk.kz сайтында өтінім беруден басталған және 23 үміткердің ішінен іріктеуден сәтті өткен мансап жолының тарихымен бөлісті. Бұл туралы әрі қарай толығырақ оқи аласыздар.
"ПҚОП" ЖШС апарар жол
Ерасыл Бейбітұлы - кәсіби еңбек жолы табандылық пен өз ісіне деген адалдықпен шабыттандыратын жас инженер. 2019 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін "Органикалық заттардың химиялық технологиясы" мамандығы бойынша бітірген. 2020 жылы білімін жетілдіре отырып, мемлекеттік және жергілікті басқару саласында "Менеджмент" мамандығы аясында магистр дәрежесін алған.
Жұмыс тәжірибесі және "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" белесі
Ерасыл Бейбітұлы өзінің мансабын 2020 жылы "Павлодар мұнай-химия зауыты" ЖШС-де бастап, онда технологиялық қондырғылардың операторы болып жұмыс істеді.
2023 жылы Ерасыл Алматыға көшіп келіп, Қазақстанның жетекші институттарының бірі – Д. В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтында аға инженер лауазымын атқарды және еліміздің мұнай өңдеу зауыттарындағы коррозия мәселелерін шешуге маманданды. Павлодар, Шымкент және Атырау МӨЗ сияқты кәсіпорындарда аудит жүргізу барысында ол "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС компаниясы туралы білді. Тиісті жайт оның кәсіби мансабында бетбұрыс жасады. QSamruk.kz платформадасындағы бос жұмыс орындарына қызығушылық танытқан Ерасыл ол арқылы өтініш беріп, осы компаниядағы қызметке үміткерлердің бірі атанды.
"Жұмысқа қабылдау кезеңі қалай өткенін әңгімелесем, маған "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС өкілдері хабарласып, онлайн-сұхбат тағайындады. Содан кейін екі күннен соң мені қабылдағысы келген бөлімше басшылары тікелей сұрақтар қойды. Барлық сұраққа жауап бердім және конкурстық негізде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 23 үміткердің ішінен қабылдандым"
"Бөлімде ең жаспын, жасым 27-де. Ал қалған барлық қызметкер менен үлкен, көпшілігі 30 жастан асқан. Мен істейтін бөлімде өз өмірін өндіріс пен зауыт салуға арнаған үлкен тәжірибесі бар адамдар еңбек етеді. Олар керемет кәсіпқой мамандар және мұндай әріптестерден бірдеңе үйрену — бұл таптырмас әрі ерекше мүмкіндік.
Бүгінде Ерасыл Бейбітұлы "ПетроҚазақстан Ойл Продактс" ЖШС-де тер төгіп, онда командасымен бірлесе Risk-Based Inspectionком (RBI) әдістемесін белсенді енгізуде. Бұл әдіс жабдықтың күйіне байланысты тәуекелдерді тиімді бағалауға және сәйкес мәліметтер негізінде төтенше жағдайлардың алдын алу және маңызды жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзарту арқылы тексерулерді жоспарлауға жол ашады. Ерасылдың осы саладағы жұмысы өндірістік процестердің сенімділігін едәуір арттыруға және кәсіпорын үшін тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Жеке уақыты мен ермегі
Жұмыстан тыс уақытта Ерасыл белсенді және тығыз өмір салтын алып жүреді. Ол сноуборд тебуді жақсы көреді, кітап оқығанды ұнатады және достарымен бірге өткізген уақытын қатты бағалайды.
Жаңа биіктерді еңсеруге шабыт
Ерасылдың бастан кешкені - еңбекқорлық, табандылық және тұрақты дамуға ұмтылыстың табысқа жетелейтінінің айқын мысалы. Оның Қазақстанның жетекші мұнай өңдеу зауыттарының бірінде инженер лауазымына жету жолы кәсібиліктің жоғары деңгейін көрсетеді және мансаптық жетістіктерге және жеке өсуге ұмтылатын жас мамандар үшін шабыт ретінде қызмет атқаратыны анық.