Артқа

Әділбек Өмірәлиев, QazaqAir: «Компанияның жетістіктері әр маманның табысынан құралады»

11 қаң. 2021
Әділбек Өмірәлиев, QazaqAir: «Компанияның жетістіктері әр маманның табысынан құралады»

«Самұрық-Қазына» компаниялар тобы – 300 мыңнан астам адам еңбек ететін Қазақстанның ірі холдингтерінің бірі. Топ ондаған түрлі құрылымды біріктіреді және негізінде таланттарды жылжыту мен дамыту жатқан өркендеудің даңғыл түскен. Бүгінде жекелеген компаниялар мен жалпы Қордың менеджментін күшейту бойынша топтық кадр саясаты іске асырылуда. Таланттардың уақытылы орын ауыстыруы Қордың және оның компанияларының акционердің сыртқы сын-тегеуріндері мен үміттеріне қарсы стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған. Осындай мысалдардың бірі – «QAZAQ AIR» әуе компаниясының қаржы директоры Әділбек Өмірәлиевке қатысты болып отыр, оның «Самұрық-Қазына» АҚ-дағы еңбек жолы 2010 жылы аға менеджер лауазымынан басталған. Біз Әділбекпен әңгімелесіп, оның мансаптық жетістігінің негізі не болғанын, өзін дамытуға қалай ынталандыратынын және жұмыстан бос уақытында немен айналысатынын анықтадық.

Білімнен қол үзбей өрбіген мансап

Қазір «QAZAQ AIR» қаржы директоры Әділбек Өмірәлиев еңбек жолын 2007 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясында навигациялық жүйелер бағыты бойынша жоба менеджері болып бастаған. 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін «Зерде» инфокоммуникациялық холдингінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді, содан кейін «Самұрық-Қазына» компаниясына аға менеджер болып ауысып, онда көлік және коммуникациялық активтерді дамытуға кірісті.

«Самұрық-Қазынаға» 30-ға жуық үміткермен қатар ашық конкурс арқылы орналастым. «Қазпоштаны» дамыту жобасынан бастап, онымен алғашқы төрт жыл шұғылдандым. Содан кейін – 2014-2015 жылдары Халықаралық бизнес бойынша Europeaniversitybusinessschool іскерлік әкімшілендіру магистратурасында Қор гранты бойынша оқыдым.

2013-2014 жылдары Қор өз қызметкерлерінің сараптамасын арттыруда үлкен серпіліс жасады. Мысалы іскери ағылшын тілі сала немесе қызмет түрі бойынша күшті техникалық дағдылармен қатар әдепкі жағдайға айналды. Қорды трансформациялау бағыттарының бірінде компаниялар тобының ішінде адами капиталды арттыру межеленді. Холдингтің дамуына қызметкерлер ғана үлес қосып қоймай, Қордың өзі де олардың дамуы үшін бір нәрсе жасай алатынын түсіну оң нәтиже берді. Осындай тәсілдің арқасында «Самұрық-Қазына» қоры қосымша сараптамамен бірге өзіне адалдығы жоғары таланттарды иеленді.

2015 жылы «QAZAQ AIR» әуе компаниясы құрылды. Оқудан оралғаннан кейін маған осы жаңа жоба бойынша жұмыс сеніп тапсырылды. Басында осы компанияны бақылауда ұстадым, ал 2019 жылы Қор қойылған міндеттерді жедел шешу үшін қаржы директоры ретінде компанияға жіберді. Осылайша 2020 жылдың тамыз айында жоспарлы-шығынды қызметтегі QAZAQ AIR құрылған сәттен бастап алғаш рет оң кіріс көрсетті», - дейді Әділбек Өмірәлиев.

Кейіпкеріміздің бүкіл мансаптық өсуі үнемі жаңа білім алумен байланысты өрбіген. Ол өзінің алғашқы жоғары білімін Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде алып, оны 2007 жылы «Есептеу математикасы және кибернетика» мамандығы бойынша бітірген. Қазақстанға оралғаннан кейін екінші рет білім алуға ден қойды – 2009 жылы Рысқұлов атындағы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің қаржы тұрғысында бакалавриатын бітірді.

«Көбіне біз бизнес пен үнемі өзгеріс үстіндегі қоршаған ортаның жаңа сын-қатерлерін еңсере отырып, жұмыста тың дүниелерге қанығамыз. Бірақ сырттан келетін соны білім бизнеске пайдалы жұмыс әдістерін алу үшін өте қажет.

Мысалы, маған QAZAQ AIR жобасымен жұмыс істеуді ұсынған кезде, ең алдымен, бірінші кезекте миыма жаңа салада жаңа кәсіпорынды іске қосуға өзіміздің дайын болуымыз керектігі сап ете қалды.

Шынтуайты сол, сол кезде менде авиация туралы салалық білім тек «жолаушы» деңгейінен аспайтын, бірақ мен алған MBA дәрежесі және компанияларды басқарудың корпоративтік мәдениетінің тәжірибесі тұрғысынан бизнестің қалай құрылғанын түйсіндім.

QAZAQ AIR-ге толық көңіл бөлуім туралы шешімді Қор авиация бойынша мамандандырылған салалық білім алу жөніндегі бастамамен қатар қолдады. Екі жыл бойы IATA салалық мектебінде оқу, өндірістік-экономикалық жоспарлау және жаңа ұйымда корпоративтік басқару мәдениетін құру бойынша авиакомпаниядағы тұрақты жұмыспен қатар жүрді.

Жинақтала түскен теорияны тәжірибе арқылы қолдау керек екенін есте ұстаған жөн – тек осылай ғана дағдылар мен сараптама өседі», – дейді Әділбек Өмірәлиев.

2016-2018 жылдары кейіпкеріміз халықаралық әуе көлігі қауымдастығынан (IATA) авиакомпаниялар менеджменті бойынша диплом алды. Бір жылдан кейін ол өзінің білімі мен тәжірибесін тікелей «QAZAQ AIR» компаниясының авиациясында қолдана бастады.

Қорда қалай өсуге болады?

«Самұрық-Қазына» қорында қазақстандық нарықтағы ең жақсы еңбек жағдайы жасалған деп есептейді Әділбек. Ал қызметкердің өсуінің негізгі шарты - белсенді болу және дамуға ұмтылу.

«Егер де сен өз міндеттерің мен Қор жұмысындағы рөліңді дұрыс түсінсең, онда жақсы нәтижеге қол жеткізе аласың. Алғашқы бір-екі жылда істің қыр-сырына бойлап, осы арқылы қандай да бір міндетті озық дәрежеде орындауды байыптай бастайсың.

Сондай-ақ компанияның және жеке өзіңнің нәтижелеріңнің кемелденуіне қандай құралдар көмектесе алатыны жайлы түсінік пайда болады. Өзіңді де ұмытпаған жөн, себебі компанияның жетістігі әрбір маманның табысынан құралады ғой», – дейді Әділбек.

Қызметкерлерді ынталандыру жүйесі , соның ішінде Қорда, тұжырымдамалық тұрғыдан үш бағытта жұмыс істейді: жалақының көбеюі, мансаптық өсу немесе салалық маман ретінде біліктіліктің көтерілуі.

«Қордағы жалақы тұрғысынан үдеріс барынша ашық ұйымдастырылған: өз жұмыс ауқымыңда қаржылық ынталандыратын және ұйымдастыру нәтижесі саған байланысты болатын ҚНК стратегиялық деңгейден бастап жеке көрсеткіштерге (KPI) дейін каскадтаудың өте түсінікті жүйесі түзілген.

Қордың ішінде мансаптық өсу мүмкін және бізде көптеген оң мысал бар. Қордағы менеджерлердің шаруасы шаш-етек – көп жұмыс істеу керек және көбінесе елдік ауқымдағы маңызды шешімдер қабылдау үшін негіз жасау қажет. Керемет нәтижелері бар гроссмейстердің тиімділігі лауазымда жоғарылау үшін жақсы негіз бола алады, бірақ басқарушылық ұстаным әлдеқайда физиологиялық ресурс пен күш-қуатты қажет ететінін ұғына білген абзал.

Егер Қордағы салалық сараптама туралы айтатын болсақ, онда қоржындық компаниялардың бірінде өндірісте жұмыс істеу көкжиегі аңғарылады. Бұл пайдалы үдеріс, өйткені қор мен оның қарамағындағы компаниялар бітеқайнасып кеткен – өзара бизнес бір-біріне әсер етеді, бұл стратегиялық шешімдерді дұрыс және уақтылы қабылдауға мүмкіндік береді. Топта басты менеджерлер рөлінде, оның ішінде бірінші басшылар ретінде таланттар холдингтік ұйымнан еншілес ұйымға жіберілетін табысты және тиімді мысалдар, сондай-ақ холдинг портфельдік компаниядан команданы күшейтетін кері үдеріс баршылық», - дейді Әділбек Өмірәлиев.

Бірақ біздің кейіпкеріміздің пікірінше, бәріне бірдей үлгеру мүмкін емес: жалақының өсуін, мансаптық өсуді немесе жеке тұлғалық өсуді таңдауыңыз керек. Әділбек соңғысына ден қойған.

Шабыт пен сүйікті іс

Тұрақты дамуға ынта ММУ-да оқыған жылдары пайда болған. Диплом алғаннан кейін оның топтастарының едәуір бөлігі АҚШ-қа аттанған немесе Ресейде қалған. Тек үштен бірі ғана Қазақстанға оралған.

«Қай елде жұмыс жасағаныңыз қаншалықты маңызды? Егер шетелде сен бар күш-жігеріңді салсаң, онда мансаптың шыңы, мысалы, шағын бөлімшеде немесе зертханада, мүмкін, қандай да бір ірі компанияда басшылық лауазымға тағайындалуыңыз ықтимал. Ал Қазақстанда кәсіби мүмкіндік әлдеқайда көп және бұл жерде айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге болатынына сенемін. Экономика мен халық үшін пайдалы болатын нәтиже бұл», - дейді Әділбек.

Тығыз жұмыс кестесіне қарамастан, кейіпкеріміз сүйікті ісіне уақыт табады. Міне, үш жыл бойы триатлонмен айналысқан ол, «IronMan» сайысының жартысынан бірнеше рет өтіп, толық қашықтыққа дайындалуда. «Бұл мен үшін жақсы мотивация. Егер қандай да бір істе нақты нәтижеге қол жеткізгің келсе, онда оны көп істе. Мысалы, триатлонда жақсы нәтижеге жету үшін көп жаттығу керек. Осылайша мінез-құлық пен тұрақты табандылық тәрбиеленеді. Қызықты қисынды байқадым: спортпен неғұрлым көп айналыссаңыз, отбасыңызбен көбірек уақыт өткізесіз. Қандай да бір өмірлік қуат пайда болады да, қажетсіз әрекеттерге аз уақыт бөле отырып, тиімдірек жұмыс істей аласың», – дейді Әділбек Өмірәлиев.