Артқа

«Басқа елдердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істегім келді» Мағзұм Андосов, KMG PetroChem жетекші инженер-механигі

15 мау. 2024
«Басқа елдердің озық тәжірибесін пайдалана отырып, мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істегім келді» Мағзұм Андосов, KMG PetroChem жетекші инженер-механигі

Бүгін KMG PetroChem Келешегі бар жобалар департаментінің жетекші инженер-механигі Мағзұм Андосовтың оқиғасымен бөліскіміз келеді.

Мағзұм бізге өнеркәсіптегі алғашқы қадамынан бастап, ірі компаниядағы қазіргі жұмысына дейінгі өзінің еңбек жолы туралы айтып берді. Ол жаңа компания жайлы қалай білгенімен бөлісіп, Qsamruk.kz сайты ұсынатын мүмкіндіктер және өзінің жұмысқа орналасу барысын әңгімеледі.

Бағынған белес кәсіби өсу, бейімделу және жұмысқа деген сүйіспеншілікке қатысты болып отыр.

 

Мағзұм Андосов дарынымен, табандылығымен және еңбекқорлығымен ерекшеленетін инженер-механик. Кейіпкеріміздің еңсерген асуы еңбек жолын енді бастаған көптеген жас мамандарға үлгі болып, шабыттандыруы ғажап емес.

Мағзұм Ұлттық ғылыми-зерттеу технологиялық университетін және Мәскеу болат және қорытпалар институтын бітіріп, беделді инженер-механик мамандығын меңгерген. Содан кейін «Синергия» қаржы-өнеркәсіптік университетінде магистр дәрежесін алған.

 

Қызмет баспалдақтарымен өрлеуді «Өскемен титан-магний зауыты» АҚ-да титан губкасын өңдеу цехында слесарь-жөндеуші болып бастаған. Біртіндеп еңбекқорлығы мен талантының арқасында мансап сатысының барлық сатысынан өтіп, «Қазақстан алюминийі» компаниясы директорының техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі орынбасарына дейін қол жеткізгені назар аудартады. Оның кейінгі жұмыс орны «ЗабСибНефтиХим» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып,  Сенімділікті басқару қызметінің талдау және әдістеме бағытының менеджері қызметін атқарған.

«Мен KMG PetroChem туралы СИБУР мен ҚазМұнайГаз бірлескен жобалары арқылы білдім. Біраз тәжірибе жинақтаған соң, мемлекетіміздің игілігі үшін жұмыс істеу және басқа елдердің озық тәжірибелерін енгізу мақсатында Ұлттық компанияда жұмыс істеуге құлшыныс таныттым», – деп сыр шертеді Мағзұм жаңа жұмысқа беталысы жөнінде.

 

«Qsamruk.kz туралы интернеттегі жаңалықтар порталдарын оқу арқылы қанықтым. Мені сервис интерфейсының қарапайымдылығы мен түсініктілігі, сондай-ақ өтініш беруші үшін барлық қажетті ақпараттың болуы бірден қызықтырды: әрбір бос орынның сипаттамасы, қаралым статистикасы, кері байланыс», - дейді кейіпкеріміз.

 

Байқау рәсімдері келесі тәртіпте жүрген: сәйкес сүзгілерді пайдаланып, Qsamruk.kz сайтында бос жұмыс орындарын қарап шыққаннан кейін ол талаптарға толық сәйкес келетінін тауып, үн қатқан. Содан кейін онымен рекрутер байланысып, талаптар мен шарттарды талқылаған, тікелей жетекшісімен сұхбаттың бірінші кезеңін белгілеген. Екінші кезең HR қызметкерінің, департамент директорының және басқарма төрағасының орынбасарының қатысуымен өткен. Үшінші кезең ретінде Qsamruk.kz сайтында онлайн тестілеу белгіленген. Барлық кезеңді сәтті еңсеру нәтижесінде оған жұмысқа қабылданғаны жайлы хабарлаған.

Бүгінде Мағзұм ТФК/ПЭТФ жобасының ажырамас бөлігіне айналған және механика бағытына жауап береді. Мамыр айында мамандандырылған ұйыммен бірлесе отырып, Қытайдағы терефтал қышқылын шығаратын зауыттың негізгі жабдығының техникалық аудитін аяқтаған. Қазір ол әріптестерімен жобаның алдын ала техникалық-экономикалық негіздемесінің соңғы нұсқасын әзірлеуде. Сонымен қатар, компанияның қоржынында Мағзұм белсенді қатысатын басқа да келешегі бар жобалар тұр.

«Маған жауапты және мейірімді команданың арқасында жаңа компанияға тез бейімделе алғаным ұнайды. Басшылық ізгі қарым-қатынас пен ұсыныстарға ашық, бұл сәйкесінше ұжымның тату және ұйымшыл жұмысына ықпал етеді. Ал аталған дүние шынымен де кез-келген қиындықтар мен мәселелерді тиімді шешуге көмектеседі», - деп атап өтті Мағзұм.

Бос уақытын Мағзұм өзін дамытуға арнайды: кітаптар мен техникалық құжаттамаларды оқу, спортпен шұғылдану, сонымен бірге жеке тиімділігін арттыру үшін әртүрлі курстардан өту.

Қазіргі уақытта QSamruk.kz сайтында Қазақстанның түрлі аймағындағы 1100-ден астам бос жұмыс орны бар. Тиісті алаңда 210 000-нан астам үміткер тіркелген және 2019 жылдан бері 60 000-нан астам бос жұмыс орны жарияланды. Платформаның бүкіл тарихында үміткерлер бос орындарға 600 000-нан астам рет жауап берді.

Тіркеліңіз, түйіндемеңізді толтырыңыз және арманыңыздағы жұмысты табыңыз!