Карантин кезінде де жақсы жұмыс табуға болады. «ҚМГ Инжиниринг» қызметкерінің оқиғасы осыған дәлел
Тұрақты табыс әкелетін және сонымен бірге рухани ләззат сыйлайтын жұмыс табу оңай емес. Алайда біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «ҚМГ Инжиниринг» сейсмикалық зерттеулер тобының жетекші инженері Айхан Садықовқа бұл белес сәтті бағынып отыр. Бұған оған Samruk qyzmet платформасы көмектесті - https://qsamruk.kz/site.
Мамандық таңдауға отбасылық дәстүр арқау болған. Айханның әкесі - Садықов Дүйсен Шайханұлы - геология-минералогия ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі. Айханның өзі алғашқы білімін Алматы қаласында орналасқан Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ қабырғасында игерген. Оқуды бітіргеннен кейін ол «Болашақ» халықаралық стипендиясына өтініш бергенін айтады. Бұл қадамның да жемісі көп тосқызбады - АҚШ-тағы Колорадо тау мектебіне (Colorado School of Mines) түсіп, онда магистр дәрежесін алды.
Қазақстанға оралғаннан кейін Айхан мансабын «Жамбыл Петролеум» ЖШС-да геофизика бойынша жетекші инженер лауазымынан бастады. Сегіз жылдан кейін ол басқа жаққа қоныс аударуды ұйғарды. Нәтижесінде Атыраудан Астанаға көшіп, жаңа жұмыс іздеуге кірісті.
«Геология және геофизика салаларының ауқымы тар. Сондықтан достарым жұмыс іздеп жүргенімді білгенде, Samruk Qyzmet жағына назар аударуды кеңес етті. Аталмыш ресурс қолдануға өте ыңғайлы екен. Оған бірнеше апта бойы мониторинг жүргізіп, бос жұмыс орындарын жұмыс дағдылары мен тәжірибесіне сүйене отырып қарастырдым. Бұл тұста керекті дүниелерді іріктеудің өте ыңғайлы тетіктері көп көмектесті», - дейді Айхан.
Порталда орналастырылған бірнеше жүздеген түрлі бос жұмыс орындарының ішінде Айханды «ҚМГ Инжиниринг» ұсынған бос жұмыс орны қызықтырды. Тосылмады, үн қатты. Бірнеше күннен кейін әлеуетті жұмыс беруші онымен хабарласып, сұхбаттасуға шақырды.
«Ол кезде қатаң карантин болғандықтан, сұхбат қашықтықтан өтті. Дегенмен ешқандай қиындықтар туындамады. Тағдырымды одан әрі айқындауға кәсіби білімге тестілеу көмектесті. Бақытыма орай, асуды еңсеріп, жұмысқа шақырту алдым. Ішкі оқудан жұмыс орнында өттім: компанияның қызмет саласы мен бағыты бұрын жұмыс істеген саламнан біршама ерекшеленетіндіктен, жадымда кейбір білімді жаңарту қажет болды. Осылайша тамыр-танысқа қоңырау шалмай-ақ елдегі ең үздік компаниялардың біріне жұмысқа орналастым», - деп бөліседі маман.
Қазір Айхан «ҚМГ Инжиниринг» ресурстық базаны дамыту департаменті сейсмикалық зерттеулер тобының жетекші инженері. Бұл қызметте болғанына бес ай болып қалған.
«Менің жұмыс ауқымыма «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорындарындағы қолданыстағы мұнай, газ кен орындарын және барлау учаскелерін зерттеу кіреді. Мен мұны «ҚМГ Инжиниринг» тарапында бар геофизикалық бағдарламалық өнімдер көмегімен жасаймын. Компаниямыз өте технологиялық жарақтанған және оның құзырында – саладағы алдыңғы қатарлы туындылар бар екенін атап өткім келеді», - дейді Айхан.
Кейіпкеріміз осы бағытта одан әрі де дамуға ниетті. Ол жер қойнауын іздеу және барлау қажет екеніне сенімді. Айхан тұтас ел экономикасына нақты және елеулі үлес қосып жатқан «ҚМГ Инжиниринг» тату ұжымы жұмысының маңыздылығын түсіну өзіне ерекше қуаныш сыйлайтынын жеткізе отырып әңгімесін түйіндеді.