Қазіргі заман есепшісінің келбеті қандай?
"NRG audit" ЖШС басқарушы серіктесі Ғалия Нури аталмыш кәсіптің қалай өзгергені және бүгінгі таңда компанияларға қандай мамандар қажет екендігі туралы айтып берді.
Ол қазіргі заманғы бухгалтер неге тек сандарды шемішкеше шағатын маман ғана емес, бизнестің өсуіне көмектесетін, компанияның күш-қуатын тізгіндеп, басқалар тек дүрбелең көретін жерде тәртіп орнататын адам екені туралы сыр шертті.
Толығырақ әрі қарай оқыңыз.
Бухгалтерлік есеп әлемі тез өзгеруде. Бұрын зейін мен дәлдік жеткілікті болса, бүгінде талдау, стратегиялық ойлау және сандардың артынан адамдар мен процестерді көре білу қабілетін меңгеру қажет.
Қазіргі бухгалтер тек орындаушы емес. Бұл бизнес қарқынын басқара алатын, компаниялардың өсуіне көмектесетін, оларды тәуекелдерден қорғайтын және басқалар шалынып, сүрінетін жерде тәртіп орнататын тұлға.
Қазіргі бухгалтер тек сандар сиқырына үңіліп қоймай, бизнес тілін де жақсы түсінеді.
Ол CRM-де жұмыс істеп, жасанды сана мен автоматиканы қолданады, бірақ бәрінен бұрын тірідей ойлау мен адами байланыс қасиетін сақтайды.
Бүгінгі таңда бухгалтерлік қызмет тек есеп-қисап емес, сенім, байланыс және жауапкершілік кеңістігі болып табылады. NRG audit-те біз дәл осындай мамандарды бағалаймыз - жүйелі ойлайтын, сенімді қарым-қатынас жасайтын және бастама көтеретін жандар. Біздің компанияның бухгалтері - бұл қатаң құрылым мен икемділік, сандар мен адамдар, жылдамдық пен сапа арасындағы тепе-теңдікті сақтай алатын үзеңгілес серік.
“NRG audit дегеніміз не?” деп сұрағанда, мен әрқашан “Бұл бухгалтерлік компаниядан гөрі үлкен ауқым” деп жауап беремін. Біз бизнестің тиімді, заңды және ашық жұмыс істеуіне көмектесетін аудит, салық және аутсорсинг сарапшыларының экожүйесін құрдық.
Ұранымыз - "Бизнес тетіктерін дәл баптау" - философиямыздың мәнін көрсетеді: әр жобада сандар мен мағыналар арасындағы тепе-теңдікті сақтау үшін дәлдікті, технологияларды және адам ақыл-ойын біріктіреміз.
Егер сіз қиын болған кезде де алға ұмтыла алатыныңызды сезінсеңіз; қарым-қатынасты терең байыптап, белгісіздікті тәртіпке айналдыруды білсеңіз; шындықты іздеп, біліммен бөліссеңіз; сұлулық сырына бойлай алсаңыз - демек жолымыз бірге!
NRG audit-те бухгалтер өзін сарапшы ретінде де, тұлға ретінде де жүзеге асыра алатын кеңістік құруды көздейміз.
Тәжірибелі мамандар үшін бұл өсу алаңы, яғни аудитте, салықтық сараптамада, тәуекелдерді басқаруда және халықаралық жобаларда даму мүмкіндігі. Біз қызметкерлердің дамуын қолдаймыз, оқытуға инвестиция саламыз және кәсіби алмасу кеңістігін құрамыз.
Жас мамандар үшін өсуге және талдауға деген ұмтылыс маңызды. Уақытты басқара білу, жауапкершілік, тез үйрену қабілеті және бизнес пен адамдарға деген қызығушылық - бұл белестерді бағындыруды бастау үшін жеткілікті. Қалғанының бәрі тәжірибемен келеді. Біздің жолымызды еңсерген әрбір тағылымдамадан өтуші компаниялар мен серіктестер сенетін бухгалтер мәртебесін иеленеді.
ХХІ ғасырдың бухгалтері - бұл орасан күш-қуат, озық сана және жауапкершілік. Бұл бизнеске қисын заңдары бойынша өмір сүруге көмектесетін, бірақ елпілдеген тірі жаны бар адам. NRG audit те дәл осындай мамандарды іздейді, дамытады және демейді. Өйткені мықты команда өз ісін жақсы көретіндерден және мән-мағынасын түйсінетіндерден басталады.
Қарымды команданың бір бөлігі болу оңай - QSamruk.kz алаңындағы жұмыс орнына жауап беру жеткілікті. NRG audit тарапында сандар күш құралына, ал жұмыс өсу кеңістігіне айналады.