Артқа

«Мен өз жолымды таптым». Karabatan Utility Solutions қызметкерінің оқиғасы

01 там. 2023
«Мен өз жолымды таптым». Karabatan Utility Solutions қызметкерінің оқиғасы

QSamruk.kz платформасының арқасында «Karabatan Utility Solutions» кәсіпорнына жұмысқа орналасқан Әділет Ғұсмановтың оқиғасымен бөліскіміз келеді. Әділет еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер болып жұмыс істейді. 

Біздің мақаланың кейіпкерінің білімі жақсы – орта техникалық және екі жоғары оқуды тауысқан. Жұмыстан бос уақытында Әділет шахмат ойнағанды, коньки тепкенді, сондай-ақ балық аулауды ұнатады.

Кейіпкеріміз өзінің мансабын құрылыс компаниясында бастағанымен, содан кейін оны Қор компанияларының бірі – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ға шақырады. Осы компанияда жұмыс істеген 6 жыл ішінде ол бірнеше қызметті ауыстырды - техник, жол диспетчерінің, шебердің міндетін атқарушы, инженер-метролог (эколог), қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология қызметіндегі жетекші инженер.

ҚТЖ-да 6 жыл жұмыс істегеннен кейін Әділет мансабында өзгерістер болғанын қалады. Атырауға көшуге шешім қабылдап, жергілікті компаниялардың бірінен нәпақа көзін тапқанымен, ол біраз уақыттан соң өндірістік көлемнің болмауына байланысты жұмысын тоқтатты.

«Мен «Karabatan Utility Solutions» ЖШС туралы ақпаратты QSamruk.kz сайтынан таптым. ҚТЖ-да жұмыс істей жүріп, тиісті порталдың Қазақстанның ірі компанияларында бос жұмыс орындарын қарау үшін құрылғанын білдім. Қарапайым және ыңғайлы интерфейспен ерекшеленеді, ал бос жұмыс орындарын аймақтар бойынша сүзуге, түйіндеме жасауға, растайтын құжаттарды жүктеуге болады, мысалы: дипломдар, сертификаттар және тағы басқа», - дейді ол.

Әділет компания туралы мәліметті зерделей келіп, QSamruk.kz алаңындағы инженер лауазымына жауап берді.

«Бір-екі күннен кейін сұхбатқа шақыру хаты келді. Сұхбат барысында маған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау инженері мамандығына қатысты сұрақтар қойылды. Шамамен бір аптадан кейін QSamruk.kz платформасынан менің поштама жұмысқа қабылдау туралы хабарлама келді», - дейді ол.

 «Karabatan Utility Solutions» ЖШС таңдаған себебінің бірі, кәсіпорынның «Самұрық-Қазына» АҚ сынды үлкен отбасының бөлігі болғаны екенін айтады.

Әділет еңбекті қорғау саласындағы мамандықты таңдағанын келтіреді. Өйткені өндірісте жұмыс істеуді және жаңа құралдарды әзірлеуді, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жақсарту үшін үздік әлемдік тәжірибелер мен бағдарламаларды енгізуді ұнатады.

«Мені өте жылы қабылдады керемет ұжымым бар. Әріптестер арасында көп нәрсені үйренуге болатын ақылды, талантты адамдар еңбек етуде. Ұжымдастарым тәжірибелерімен бөліседі, технологиялық процестермен таныстырады және де жұмысымның барлық қыр-сырын егжей-тегжейлі жіктеп беруден жалықпайды», - дейді ол.

Көріп отырғаныңыздай, QSamruk.kz сайтының арқасында Әділі өмірі өзгеріп сала берді. Тиісті сайт мыңдаған адамдарға «Самұрық-Қазына» АҚ тобында және Қазақстанның басқа да ірі жұмыс беруші компанияларында сүйікті ісін табуға жол ашуда. Жұмыс орындары туралы ақпаратты порталға 510-нан астам ұйымдар мен олардың филиалдары орналастыруда. Мұнда 157000-нан астам үміткер тіркелген. 2019 жылдан бастап 38000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылды. Платформаның тарихында бос жұмыс орындарына 360 000 жауап тіркелді.