«Түйіндемедегі деректерді жаңарту – табысқа қадам» «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының қызметкері «Samruk Qyzmet» арқылы жұмыс табуда
Көптеген теріс пікірлерге қарамастан, бүгінде тамыр-таныссыз беделді жұмыс табу өте оңай. Көбінесе үміткерлерді іріктеуде адам факторын жоққа шығаратын рекрутингтің автоматтандырылған үдерісіне байланысты. Дәл осы қағидат бойынша qsamruk.kz порталы – «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының бос жұмыс орындарына арналған бірыңғай сайты жұмыс істейді.
«Делдалсыз» жұмысқа орналасу мүмкіндігін пайдаланғандардың бірі – қазір «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Комплаенс қызметінің менеджері, қазақстандық Сырым Елубаев болды. Ол бұл қызметте 2022 жылдың ақпан айынан бері жұмыс істейді.
Толық қарқындағы жұмыс
Сырым санкциялық тәуекелдерді басқаруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалауға және комплаенс-тәуекелдерді басқаруға, яғни іске асырылған тәуекелдерді құжаттандыруға және негізгі тәуекел индикаторларының күйін жаңартуға және т.б. жауап береді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Сырым бес бизнес-процес бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді, үш еншілес және тәуелді ұйымдарды тексеруге қатысты, барлық еншілес және тәуелді ұйымдардың тәуекел және сәйкестік қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша шеберлік сабағын өткізді, Қазатомөнеркәсіп тобының жеткізушілері мен мердігерлері үшін әдеп сақтау қағидаттары, Қоғамдағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Жалпы, Сырым Комплаенс қызметіне тез қосылды.
Комплаенс қызметі Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нормативтік талаптарды сақтауын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының, Ұлыбританияның Біріккен Корольдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына және халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу тетіктерін енгізу, сыбайлас жемқорлық тәжірибесі, санкциялық шектеулер бойынша нормативтік талаптар, сондай-ақ листинг, ақпаратты ашу және инсайдерлік ақпарат негізінде бағалы қағаздармен операцияларды болдырмау бағыттарында қажетті шараларды қабылдайды.
Топтық жұмыс
Кез келген қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету үшін тек өзінің функционалдық міндеттеріне ғана сүйенген, жұмысқа қасаң қағидалы қатынас болмауы керек деп есептейді Сырым. Комплаенс-қызметте командалық жұмыс жалпы мақсаттарға тиімді қол жеткізуге бағытталған және өзара алмастыру принципіне негізделген. Сондықтан Комплаенс қызметінің әрбір қызметкері қандай да бір түрде жоғарыда аталған барлық міндеттерді жүзеге асыруға тап болады.
Қолайға жаққан жұмыс орны
Сырым алғаш рет түйіндемесін Samruk Qyzmet платформасына 2021 жылдың қаңтарында жүктеген. Ол кезде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде жұмыс істеген. Жыл бойы Сырым негізінен функционалдық міндеттер, сертификаттар/біліктілік және ұсынымдар бөліміндегі деректерді үнемі жаңартып отырды. Содан бір күні, яғни 2022 жылдың қаңтар айында оған «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінен қоңырау түсті.
«Маған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да менің түйіндемеме сәйкес лайықты бос жұмыс орнының пайда болғаны туралы хабарланып, менен конкурстық іріктеуге қатысқыңыз келе ме деп сұрады. Әрине, мен келістім, содан кейін біліктілік кезеңдері өтті: алдын ала сұхбат («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Комплаенс қызметінің басшысы жүргізді); кәсіби білімді тестілеу (менің жағдайда бұл тиісті заңнаманы білу); қазақ және ағылшын тілдерін білуге тестілеу; ауызша ақпаратты талдау қабілетін тексеру; құзыреттер бойынша әңгімелесу (Бизнес академиясының қызметкері жүргізеді); «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Кадрлар комитетімен қорытынды сұхбат», - деп бөлісті Сырым.
Жалпы, бүкіл іріктеу процесі шамамен бір айға созылды және кейіпкеріміз ақпан айының ортасында жұмысқа кірісті.
Жұмыс іздеушілерге кеңес
«Samruk Qyzmet» платформасы қызықты жұмыс табуға жақсы көмекші екенін атап өтті Сырым. Кем дегенде, сайт жоғары сапалы түйіндеме жасауды үйренгісі келетіндер үшін пайдалы, өйткені платформа толыққанды түйіндеме түрінде деректерді жүктеп салуға мүмкіндік береді. Ал ыңғайлы интерфейс бәрін жылдам байыптауға көмектеседі.
«Талапкерлерге бір ғана кеңес бергім келеді – кәсіби дағдыларды дамытуды тоқтатпаңыз және белгілі бір сертификаттар мен біліктіліктерді алған кезде түйіндемеңіздегі мәліметтерді үнемі жаңартып отырыңыз. Сонда сіз міндетті түрде қалаған нәрсеңізге қол жеткізесіз және арманыңыздағы жұмысқа орналасасыз», – деп сөзін аяқтайды Сырым.