Артқа

Үш қор компанияларында жұмыс істеген | Нұрлан Нысанов, «KMG Engineering» ЖШС

07 жел. 2021
Үш қор компанияларында жұмыс істеген | Нұрлан Нысанов, «KMG Engineering» ЖШС

Нұрлан Нысанов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны «КМГ Инжиниринг» ЖШС-нің сатып алу саласында жұмыс істейді. Ол бұл жұмысты «Самұрық-Қазына» АҚ тобының бірыңғай бос орындар платформасы – Qsamruk.kz көмегімен тапты. Оның еңбек жолы қызықты, ол Қор компаниялары жүйесінде бірнеше рет кадрлық ротациядан өткен. Мәліметтерді білу үшін маманмен сөйлестік.

«Мен Нұр-Сұлтан қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін . радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша бітірдім. Одан кейін қысқа уақыт – шамамен алты ай – ҚТЖ филиалдарының бірінде жұмыс істедім. Алайда  көп ұзамай уран операторы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны «KAP Technology» ЖШС-не ауыстым. IT маманы болып жұмыс істедім. Дегенмен, біраз уақыттан кейін маған сатып алуда өз күшімді сынап көру ұсынылды. Мен өзімді дәлелдедім, жұмыстың өзі маған ұнады. Сөйтіп, негізгі қызметімді ауыстырдым», – дейді Нұрлан.

Нұрлан KAP Technology компаниясында төрт жыл жұмыс істеді. Алайда, бір сәтте ол өзгергісі келді.

«Біз жұмысымыздың электрондық поштасына Қорда Samruk Qyzmet - https://qsamruk.kz/ бос жұмыс орындарына арналған платформа бар екені туралы хабарламалар алдық. Сайттың қандай мүмкіндіктер ашатынын мезгіл-мезгіл тексердім. Бір кезде «КМГ Инжиниринг» ЖШС бос жұмыс орнын таптым. Көп күтпестен өтініш бердім. Менімен байланысып, тестілеуге, содан кейін сұхбаттасуға шақырды», - деп бөлісті әңгімелесуші.

Нұрлан сынақтан еш қиындықсыз өтті – сатып алуға қатысты сұрақтарды ол өзінің бұрынғы жұмысынан жақсы білетін. Сұхбаттан да сәтті өтті. Ал ақпан айында Нұрлан ресми түрде ҚМГ Инжинирингте сатып алу секторының жетекші маманы болды.

«Мен пандемия кезінде келдім, сондықтан мен қашықтан жұмыс істей бастадым. Әрине, әріптестерімді жеке көрмегендіктен қиындықтар бар, бірақ мен бүкіл ұжыммен тіл табыса алдым. Уақыт өте келе, бұрынғыдай тікелей сөйлесетін боламыз деп ойлаймын. Оған қоса, менің келуіммен компанияның сатып алуларында оң өзгерістер болған сияқты. Сондықтан еңбегім бекер емес», - деп түсіндіреді ол.

Нұрлан Qsamruk.kz сайтын пайдалану туралы да өз әсерімен бөлісті:

«Платформа интерфейс тұрғысынан өте ыңғайлы – барлығы түсінікті және қисынды. Менің ойымша, бұл ең үлкен бәсекелестерден алда екенін білдіреді. Маған сайтта түйіндеме жасау мүмкіндігі де ұнады. Әрине, платформаны кейбір жайттар тұрғысында, мысалы, профиліңізге дағдыларды қосуда әлі де жетілдіре аласыз. Бірақ, жалпы, Qsamruk.kz сәтті жұмыс істейді деп айтар едім, өйткені мен оның көмегімен жаңа жұмыс таптым».