Артқа

Рекрутер кеңесі. Ойды шебер жеткізе білу өнері

28 нау. 2024
Рекрутер кеңесі. Ойды шебер жеткізе білу өнері

Бәріміз жаңа жұмысқа орналасар кезде жұмыс берушінің көңілін аударып, жағымды әсер қалдыру үшін хат жазып, таныстыру ақпаратын дайындап, түйіндеме беріп жатамыз. Осы орайда «Жоғары технологиялар институты» ЖШС адам ресурстарын басқару бөлімінің бас менеджері Мирагүл Магулова жұмыс іздеушінің рекрутердің назарын өзіне қалай аударып, басқа үміткерлерден ерекшелене алатыны жайлы өзіндік кеңестерімен бөлісті.

  1. Өткен өміріңізге қызықты әрі салмақты саяхат жасаңыз

Жүріп өткен еңбек жолыңызды әдебиеттегі немесе кинодағы кейіпкердің бағындырған белесі сияқты жеңісті, дамуға жетелейтін және жетістіктер сәттері ретінде қалыптастырыңыз. Өзіңізді таныстырудан бастап, содан кейін еңсеруге тура келген қиындықтар мен кедергілер, өркендеу көкжиегі және өмірден алған сабақтарыңызға көшіңіз және түйінінде бүгінде мансабыңызда қол жеткізген кезеңмен аяқтаңыз.

  1. Қысқа да нұсқа

Өзіңізді немесе кәсіби жолыңызды тұлғалық кескін-келбетіңіз бен ұстанымыңызды, кәсіби ыңғайыңыз немесе құндылықтарыңызды жақсы көрсететін үш басты сөзбен сипаттауға тырысыңыз. Бұл жаттығу ең маңызды нәрсеге ден қоюға көмектеседі және айтар ойыңызды есте қаларлықтай етеді. Тиісті ұғымдарды таңдағаннан кейін олардың әрқайсысын бөлек оқиғаға яки қызмет баспалдақтарынан мысалдарға айналдырыңыз.

  1. Біреге жақтарыңызды сипаттап беріңіз

Маркетингте бірегейлік өнімнің бәсекелестерден ерекшеленуіне көмектеседі. Сол сияқты, сізді кәсіби тұрғыдан бірегей ететін нәрсені анықтаңыз және оны әңгімеңіздің негізі ретінде пайдаланып, өрбітіңіз. Сіздің ешкімге ұқсамайтын қасиеттеріңіз айрықша дағдылар үйлесімімен, бір саладан екінші салаға ауысудағы озық тәжірибемен немесе мәселелер шешімін табудағы өзгеше тәсілімен байланысты болуы мүмкін.

  1. Сыр-сұхбат

Біржақты, бірсыдырғы әңгіменің орнына аудиторияға ойлануға және өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін сұрақтар қою арқылы өзіңізді таныстыруды сыр-сұхбатқа айналдырыңыз. Мысалы, сөзіңізді салаңыздағы проблема туралы ой салтын сұрақтан бастай аласыз, содан кейін оны қалай шешуге болатындығына ойысасыз.

  1. Бейне, сандық құралдарды қолданыңыз

Бұл өзіңіз туралы кәсіби бейнежазба, интерактивті портфолио немесе тіпті сіздің мансаптық жолыңыз бен жетістіктеріңізді көрсететін инфографика болуы мүмкін.

Бұл кеңестер Сізге өзіңіз туралы әңгімелеп қана қоймай, оны жеке оқиғаңыз жарқын, есте қаларлықтай және шабыттандыратындай әсерлі шығуына көмектеседі.