«Samruk Qyzmet – мамандық бойынша жақсы жұмыс табудың тамаша мүмкіндігі». «Интергаз Орталық Азия» қызметкерінің оқиғасы
Бүгінгі таңда жұмыс табу мақсатында газет-журналдардағы хабарландыруларға үңіліп, саналуан компанияларға қоңырау шалып жататын адамды көзге елестету қиынға айналып барады. Бұл процесс қазіргі кезде интернетке көшкен. Қызықты бос жұмыс орнын байқап, ықтимал жұмыс берушінің қызметімен танысу үшін батырманы бірнеше рет басу жеткілікті. Тиімді әрі ыңғайлы әдіс. Мұны біздің бүгінгі кейіпкеріміз – «Интергаз Орталық Азия» АҚ желілік-пайдалану қызметінің операторы Бақытбек Жаманқұловтың оқиғасы дәлелдейді.
Жас жігіт «Интергаз Орталық Азия» АҚ командасының құрамына 2021 жылдың сәуірінде кірген. Бұл оның «Самұрық-Қазына» қорының компаниялар тобындағы алғашқы жұмыс тәжірибесі. Алайда, холдингпен танысқанға дейін Бақытбек экономика үшін ең тиімді сала туралы нақты түсінікке ие болған. Біріншіден, ол «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін бітірген, екіншіден, бұрын білім беру саласы бойынша еңбек еткен.
Кейіпкеріміз жаңа жұмыс іздеуді мамандандырылған интернет-ресурстардан бастаған. Бірнеше сайтты зерттегеннен кейін https://qsamruk.kz/ ресурсын тапқан, назар аударып, қызыққан. Хабарландырулардың алдын ала бетінде үміткерге қойылатын талаптар көрсетілген, бос орынға қанша адам жауап бергенін, олардың қаншасын жұмыс беруші қарастырғанын білу мүмкіндігі іске асырылған. Сондықтан қажет жұмыс орны жайлы ақпаратты табу қиынға соқпаған.
«Samruk Qyzmet - қажетті және табысты жоба. Оның көмегімен болашағы бар және тағы бір атап өтерлік жайт, тікелей мамандық аясында жұмыс табуға болады. Бәрінен бұрын бос жұмыс орындарын іздеу бойынша ыңғайлы навигация ұнады – қажетті сүзгіні, қаланы таңдайсың, өз жұмыс тәжірибеңді көрсетесің – содан мархаббат, өз бейінің бойынша барлық бос жұмыс орындарын бірден көресің», - дейді Бақытбек Жаманқұлов.
Нәтижесінде жас жігіттің таңдауы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» компаниясының құрамына кіретін және көгілдір отынды магистральдық тасымалдау саласында оның мүддесін білдіретін «Интергаз Орталық Азия» АҚ тарапына түскен. Жауап та жағымды болған. Компания өкілдері Бақытбектің өтінішін қарап, оны жұмысқа қабылдау туралы оң шешім қабылдаған.
Ол бүгін желілік-пайдалану қызметінің операторы болып жұмыс істеуде.
«Біз тұтынушыларға газ берудің қалыпты тәртібін қамтамасыз етеміз, газдың даризациялануын, аспаптар мен жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалаймыз. Көптеген қазақстандықтардың әл-ауқаты біздің жұмысымыздың тиімділігі мен сапасына байланысты. Жұмыс өте қызықты және сонымен бірге жауапкершіліктің жоғары деңгейін жүктейді. Порталдың арқасында осы позицияны тапқаныма өте қуаныштымын», - деп бөлісті Бақытбек.
Samruk Qyzmet-те жұмыс іздеушілердің саны артып келеді, қазіргі уақытта онда 73 000-нан астам қолданушы тіркеліп, түйіндемелерін қалдырды.
Сонымен қатар, портал бос жұмыс орындарынан басқа мансаптық сауаттылық бойынша оқудан өтуге мүмкіндік береді: жобалық команда барлық тілек білдірушілер үшін жетекші сарапшыларды тарта отырып, мансаптық қарқындар, практикумдар, вебинарлар, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізеді. Бұл іс-шаралардың барлығы тегін онлайн режимінде өткізіледі, яғни оларға кез-келген адам қатыса алады. Ең жақын мансаптық интенсив 22 қарашада басталып, 5 күнге созылады.