Артқа

Үшінші буын заңгері. Айбике Дуабекованың «QazaqGaz» компаниясындағы еңбек жолы

29 мам. 2023
Үшінші буын заңгері. Айбике Дуабекованың «QazaqGaz» компаниясындағы еңбек жолы

Үшінші буын заңгері. Айбике Дуабекованың «QazaqGaz» компаниясындағы еңбек жолы

Qsamruk.kz платформасының арқасында сүйікті жұмысын тапқан жұмыс іздеушілердің оқиғаларымен бөлісуді жалғастырамыз.

Айбике Дуабекова «QazaqGaz» ҰК» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметінің аға менеджері болып жұмыс істейді.

Ол компания қызметі туралы егжей-тегжейлі 2022 жылы Түркістанда өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Жастар форумы кезінде біліп, шараға қатысқан замандастарымен дос болып кетті. Кейіпкеріміз әлі күнге дейін әріптестерімен қарым-қатынас жасап, олармен бірге «Жеті қадам» модульдік бағдарламасында оқуда.

Айбике газ саласы елдің экономикалық әл-ауқатында шешуші рөл атқарады деп санайтындықтан, компанияға орналасуға шешім қабылдады. Корпоративтік басқару – бұл компанияның қызметін басқару мен бақылауды қамтамасыз ететін және корпоративтік қатынастарға қатысушы Басқарма, Директорлар кеңесі және акционер арасындағы қатынасты дұрыс құруға көмектесетін маңызды бағыт.

«Мамандық таңдауда көкжиек айқын еді. Себебі мен біздің отбасымызда үшінші ұрпақ заңгерімін және оны мақтан тұтамын», - дейді сұхбаттасушымыз.

Жаңа жұмыста Айбике бұрыннан бар білімді үнемі дамыту мен оны нығайту мүмкіндігін ұнатады.

Qsamruk.kz жайлы заңгер ару жақсы білетін. Өйткені оның таныстары тиісті серивтстің көмегімен компаниялар тобына жұмысқа орналасқан болатын.  

«Менің ойымша, платформада мықты мақсатты аудитория және PR науқаны бар. Қордың портфельдік компанияларында жұмыс істейтін қызметкерлер бұл сайт туралы біледі. Сервис түйіндемені ыңғайлы түрде жүктеуге мүмкіндік береді. Ал сайтты компьютер мен ұялы телефон арқылы пайдалануа жағы сайтқа кез-келген уақытта және кез-келген ыңғайлы жерде кіруге жол ашады. Сонымен қатар, маған белгілі бір компанияның жұмыс орындарын таңдауға септігін тигізетін сүзгі ұнайды», - дейді Айбике.

Бос уақытында кейіпкеріміз коньки тебуді, сурет салудың әртүрлі әдістері бойынша шығармашылық шеберлік сабақтарына қатысуды құп көреді.

«Шамамен 7 жыл бойы спорттық бал билерімен кәсіби түрде айналыстым. ҚР Чемпионатының күміс жүлдегері және бидің осы түрлері тұрғысында Павлодар облысының жеті дүркін чемпионымын», - деп атап өтті ол.

Айбике өмірдің барлық салаларында даму маңызды екенін нұсқап, кәсіби және жеке өсуді қатар алып жүруге тырысады.

Естеріңізге сала кетейік, Qsamruk.kz мыңдаған адамдарға «Самұрық-Қазына» АҚ тобында және Қазақстанның басқа да ірі жұмыс беруші-компанияларында қолайына жағатын жұмыс табу мүмкіндігін сыйлайды. Өздеріндегі бос орындар туралы ақпаратты порталда 500-ден астам ұйым мен олардың филиалдары орналастырады. 150 000-нан астам үміткер тіркелген. 2019 жылдан бастап 34000-нан астам бос жұмыс орны туралы мағлұмат орналастырылған. Платформа тарихында жұмыс орындарына 330 000-нан астам рет қызығушылық танытылды.