Әулет дәстүрін жалғастырған Дарын
Дарын Аманқұлов, "Интергаз Орталық Азия" АҚ Опорный ЖӨБ БӨАжА (КИПиА) қызметінің басшысы
Дарын Нұрланұлы - еңбек әулеттерінің болашақ мамандарды қалай қалыптастырып, шыңдайтынының жарқын мысалы. Аты аңызға айналған газ маманы Аманқұл Шалатайұлының немересі өз жолын слесарь қызметінен бастаған және бүгінде КИПиА қызметінің басшысы.
Кейіпкеріміздің бойындағы табандылық пен отбасылық құндылықтарды берік ұстану QSamruk.kz платформасындағы ізденіске жалғасып, оған тез жұмысқа орналасуға және салада дамуға көмектесті. Дарынның еңбек жолы - бұл мамандыққа деген сүйіспеншіліктің ұрпақтан ұрпаққа беріліп, соңында нақты нәтиже беруінің мысалы.
Дарын Аманқұлов 2023 жылы “Логистика және көлік академиясын” “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша бітіріп, техника және технологиялар бакалавры дәрежесін алды. Жас кезінен бастап ол техникалық жүйелер мен автоматтандыруға құмартып, сонымен қатар радиоэлектрониканы жөндеуге қызығушылық танытты.
Газ саласы Дарынды тұрақтылықпен, халық тұрмысындағы маңызымен және заманауи технологиялармен жұмыс істеу мүмкіндігімен қызықтырды. Оған отбасыдағы тәрбие де әсер етті - атасы Аманқұл Шалатайұлы өмір бойы газ саласында еңбек етті. Жұмыс іздеу үшін Дарын мансапты бастаудың ыңғайлы құралы ретінде QSamruk.kz платформасын таңдады.
Содан Дарын QSamruk.kz платформасында тіркелді. Тестілеуді тапсырып, 13 үміткердің ішінен іріктеуден өтті. "Платформа қарапайым және ыңғайлы болды. Барлығы - компаниялар, бос жұмыс орындары, талаптар - бір жерде. Бұл уақытты үнемдейді және басты нәрсеге назар аударуға көмектеседі", - дейді ол.
2021 жылы Дарын "Интергаз Орталық Азия" АҚ Бейнеу аудандық газ шаруашылығының жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарь лауазымына қабылданды. Жауапты жұмыс тәртіп пен нақты техникалық білімді қажет етті. Келесі жылдың наурыз айында ол Жаңаөзен желілік өндіріс басқармасында құбырларды коррозиядан қорғау бойынша монтер болды, ал қарашадан бастап 2-санаттағы АСУТП бойынша инженер болып жұмыс істеді. Бүгінде ол бірнеше жыл ішінде қатардағы қызметтен басқарушы лауазымға дейін көтеріліп, КИПиА қызметінің басшысы қызметін атқарады.
"Мен үшін тек жұмыс істеп қана қоймай, даму да маңызды. Отбасылық өнеге іске деген сүйіспеншілік пен тәртіп нәтиже беретінін көрсетті. Компания әр бастаманы бағалайды және өсуге көмектеседі - бұл биік белестерді бағындыруға ынталандырады", - дейді Дарын.
Дарын өзін жауапты маман ретінде дәлелдеді. Әріптестері оның техникалық сауаттылығын, бастамашылығы мен дәлдігін атап өтеді. Ол отбасындағы үлкендердің жоғары сенім үдесінен шығуға тырысады. Бос уақытында Дарын спортпен - жүгірумен, грепплингпен, сондай-ақ радиоэлектрониканы жөндеумен және кітап оқумен айналысады. Бұл оны бабында сақтауға және рухани көкжиегін кеңейтуге септігін тигізеді.
Дарын оқиғасы - отбасылық дәстүрлер мен QSamruk.kz сынды заманауи құралдардың табысты қызмет өрнегін құруға ықпал ететінінің айқын көрінісі. Бүгінгі таңда платформада 287 000-нан астам үміткер тіркелсе, 82 000-нан астам бос жұмыс орны орналастырылған және жауаптар саны 930 000-нан асты.
Тіркеліңіз, түйіндемені толтырыңыз және арманыңыздағы жұмысты табыңыз.