Артқа

«Жас химик» байқауында жеңіске жетіп, алғашқы жұмысына орналасты. 23 жастағы Samruk-Kazyna Ondeu қызметкерінің оқиғасы

15 жел. 2023
«Жас химик» байқауында жеңіске жетіп, алғашқы жұмысына орналасты. 23 жастағы Samruk-Kazyna Ondeu қызметкерінің оқиғасы

Біз QSamruk.kz портал арқылы армандаған жұмысын тапқан адамдардың оқиғаларымен бөлісуді жалғастырамыз.

Олардың бірі 23 жастағы Малика Қайырбекке қатысты болып отыр. Біздің платформамыздың көмегімен кейіпкеріміз өзінің еңбек жолындағы алғашқы қызметіне – «Samruk-Kazyna Ondeu» компаниясына орналасты. Компания химия саласында инвестициялық жобаларды жүзеге асырумен айналысады.

Малика халықаралық бакалавриат аясында Назарбаев зияткерлік мектебінде оқып, Қазақстан-Британ техникалық университетінде (ҚБТУ) инженер-химик дипломын алды. KazTransOil және Lukoil Lubricants Central Asia-да тағылымдамадан өтті.

Samruk-Kazyna Ondeu-ге 23 жасқа дейінгі жастар арасында дарынды мамандарды анықтау үшін ұйымдастырылған «Жас химик» байқауының арқасында келді. Тиісті өскелең ұрпақ өкілдерін барынша қамту үшін хат елдің химиялық мамандықтары бар барлық жоғары оқу орындарына жіберілді.

Біздің порталда конкурсқа қатысуға 49 адам өтінім берді. Қатысушылар түйіндемені және орташа академиялық бағаларды (GPA) бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратты талдау бойынша тестілеу, ағылшын және қазақ тілдерін білуді тексеру, ахуалдық кейстерді шешу бойынша кәсіби тапсырмалар сияқты кезеңдерден өтті.

Жеңімпазға SK Ondeu-ге инженер-химик лауазымына жұмысқа орналасу мүмкіндігі берілді.

«Толығырақ ақпарат алу үшін мен QSamruk.kz сайтына кірдім. Қажет компаниялар бойынша бос жұмыс орындарын іздеу мүмкіндігіне қуанғанымнан тыс, мамандығыма сәйкес сауалнаманы толтыру тетігі іріктеу процесін жеңілдете түсті. Сонымен қатар, сол кезде басқа қалада болғаныммен, бүкіл іріктеу процесін онлайн тәртіпте өткізуге жағдай қарастырылғанын аңғардым. Сондай-ақ жобаның Instagram парақшасына жазылып, үнемі жұмыс орындарына байланысты жаңартуларды қарап отырдым», - деп әңгімелейді Малика.

Кейіпкеріміз «Инженер-химик» мамандығын мектептегі қызығушылығына орай таңдаған. Нәзік жанның айтуынша, мұғалімдердің бірі химиялық процестер туралы майын тамыза тарқатқаны сонша, аталмыш ғылымға қатысты әртүрлі мамандықтарды егжей-тегжейлі зерттей бастаған.

«Менің жұмыстағы негізгі міндеттерім болашақ жобалардың техникалық қырларын зерттеу мен әзірлеуді қамтиды. Компанияда маған корпоративтік мәдениет өте ұнайды және басшылықтың жұмысым туралы ұдайы кері байланыс жасап, пікіріме ден қоятыны жадыратады. Әріптестерім де жанашыр және әрқашан ұсақ-түйекке дейін көмектесуге дайын. Мұндай достық пейіл жұмысымызды одан сайын жағымды етеді», - дейді Малика.

Алматыда Малика тауларда серуендеп, жорық жасауда студенттік ұйымды басқарған және әртүрлі әдемі жерлерге шамамен 25 жорық ұйымдастырған. Сондай-ақ, сноуборд пен йоганы жақсы көреді. Астанаға көшіп келгелі «Шешендік өнерге» оқуға ден қойған.