Соглашение

Дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға және өңдеуге келісім беру

Пайдаланушыны тіркеу, QSamruk.kz Порталымен және мобильді қосымшасымен (бұдан әрі тиісінше – «Портал» және «Қосымша») жұмыс істеу, сондай-ақ пайдаланушылардың өтініштерін қарау үшін қажетті дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауды және өңдеуді «Samruk Business Academy» ЖМ (бұдан әрі – «Мекеме») жүзеге асырады. Мекеме мына мекенжайда орналасқан:

 

Қазақстан Республикасы, 010000,

Астана қаласы, Нұра ауданы,

Сығанақ көшесі, 17/10 ғимарат.

 

«Тіркелу» батырмасын басу арқылы пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мекемеге дербес деректерді (бұдан әрі – «Деректер») жинауға және өңдеуге (жинақтау, сақтау, өзгерту, толықтыру, пайдалану, иесіздендіру, бұғаттау және Портал жүйесінен жою) келісім береді.

 

Дербес деректерді өңдеу мақсаттары

 

Деректер мынадай мақсаттарда өңделеді:

* пайдаланушыны тіркеу және сәйкестендіру;

* пайдаланушының есептік жазбасын құру және жүргізу;

* Портал мен Қосымшаның жұмысын қамтамасыз ету;

* адами ресурстарды басқару саласында зерттеулер жүргізу;

* онлайн-тестілеу және прокторинг жүргізу;

* пайдаланушылар Байланыс орталығына жүгінген кезде олардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және өңдеу;

* Байланыс орталығына жүгінген кезде пайдаланушыны сәйкестендіру;

* ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және есептік жазбаға рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу.

 

Жиналатын дербес деректердің тізбесі

Пайдаланушы пайдаланатын Портал мен Қосымшаның функцияларына қарай мынадай дербес деректер жиналуы және өңделуі мүмкін:

* тегі, аты, әкесінің аты;

* жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН);

* туған күні, айы және жылы;

* атқаратын лауазымы туралы мәліметтер;

* жұмыс тәжірибесі туралы мәліметтер;

* білімі мен біліктілігі, сертификаттарының болуы туралы мәліметтер;

* елі, азаматтығы және тұрғылықты өңірі туралы мәліметтер;

* атқаратын бизнес-функциясы туралы мәліметтер;

* мүгедектігінің болуы және оны растайтын мәліметтер;

* прокторинг арқылы онлайн-тестілеу жүргізуге қажетті деректер, оның ішінде пайдаланушының жеке басын растау және онлайн-тестілеу барысында бұзушылықтардың алдын алу үшін қажетті бейнежазба, аудиожазба, экран суреттері және өзге де деректер.

 

Байланыс орталығына жүгіну

Пайдаланушы Байланыс орталығына жүгінген кезде Мекеме өтінішті тіркеу, қарау және өңдеу, сондай-ақ пайдаланушыны сәйкестендіру үшін қажетті дербес деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады.

 

Егер өтініш пайдаланушының есептік жазбасында тіркелмеген электрондық пошта мекенжайынан, оның ішінде бұрын тіркелген электрондық поштаға қолжетімділік жоғалған жағдайда жіберілсе, Мекеме Байланыс орталығы арқылы пайдаланушыны қосымша сәйкестендіруге құқылы.

 

Жеке басты растау үшін есептік жазбаның пайдаланушыға тиесілігін растау және рұқсатсыз қол жеткізудің алдын алу қажет болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттың деректерін, оның ішінде құжаттың алдыңғы бетінің бейнесін ұсыну талап етілуі мүмкін.

 

Сәйкестендіру барысында алынған деректер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, тек пайдаланушының жеке басын растау және тиісті өтінішті өңдеу үшін пайдаланылады.

 

Cookie файлдары

Сайт пен Қосымша пайдаланушының құрылғысында сақталатын шағын мәтіндік файлдар – cookie файлдарын пайдаланады.

Cookie файлдары Портал мен Қосымшаның жұмысын қамтамасыз ету, пайдаланушының баптауларын сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Портал мен Қосымшаның жұмыс сапасын жақсарту үшін пайдаланылуы мүмкін.

 

Дербес деректерді қорғау

Мекеме пайдаланушылардың дербес деректерін рұқсатсыз қол жеткізуден, өзгертуден, таратудан, жоюдан және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғау үшін қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шараларды қабылдайды.

 

Пайдаланушы есептік жазбаға кіру деректерінің құпиялылығын қамтамасыз етуге және оларды үшінші тұлғаларға бермеуге міндетті.

Егер пайдаланушы Порталдағы жеке кабинетінің құпиясөзін рұқсатсыз пайдалану немесе қауіпсіздікке қатысты өзге де бұзушылық туралы білсе, мына байланыс арналары арқылы Мекемеге дереу хабарласуы қажет:

тел.: +7-7172-79-95-99

e-mail: support@hrqyzmet.kz

 

Деректерді пайдалану және иесіздендіру

Мекеме дербес деректерді мәлімделген мақсаттар шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңдейді.

Зерттеулер жүргізу, талдамалық материалдар дайындау және статистика қалыптастыру мақсатында дербес деректер жинақталған және иесіздендірілген түрде пайдаланылуы мүмкін.

 

Комплаенс қызметіне жүгіну

«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін жұмыс беруші компаниялар тарапынан расталған бұзушылықтар болған жағдайда, жұмыс іздеуші «Самұрық-Қазына» АҚ комплаенс қызметіне мына байланыс арналары арқылы жүгінуге құқылы:

тел.: 8-800-080-4747 (ҚР аумағында қоңырау шалу тегін)

e-mail: mail@sk-hotline.kz

 

Деректерді өңдеу және сақтау мерзімі

Дербес деректер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында сақтаудың өзге мерзімі белгіленбесе, осы келісімде көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті мерзім ішінде өңделеді және сақталады.

Өңдеу мақсаттарына қол жеткізілгеннен кейін немесе одан әрі сақтау қажеттілігі болмаған жағдайда, дербес деректер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылуға немесе иесіздендірілуге тиіс.

 

Келісімді қайтарып алу және есептік жазбаны жою

Пайдаланушы келісімді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен қайтарып ала алады.

Тіркелген пайдаланушы өзінің есептік жазбасын жою туралы сұрау салуға құқылы. Есептік жазбаны жою үшін +7-7172-79-95-99 телефоны арқылы немесе support@hrqyzmet.kz электрондық поштасына сұрау жіберу қажет.

Есептік жазбаны жою туралы сұрау Мекемеге келіп түскен сәттен бастап 48 сағат ішінде қаралады. Дербес деректерді жою Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын және заңнамада көзделген жағдайларда оларды одан әрі сақтау қажеттілігін ескере отырып жүзеге асырылады.

Құпиялылық саясатының қолданыстағы нұсқасы мына белсенді сілтемеде орналастырылған:

https://qsamruk.kz/privacy-policy