Қор қызметкерлері

Эльвира Қонақбаева
Эльвира Қонақбаева
Корпоративтік басқару департаментінің аға менеджері
Өмірімдегі маңызды деген оқиғалар ерекше бір қарқынмен алмасып жатты. Шымкент қаласында өмірге келдім. Әкем құқық қорғау органдарының қызметкері болғандықтан елдің түкпір-түкпіріне қоныс аударатынбыз. 9 жылда 7 мектеп ауыстырдым. Мектепті Астана қаласында экстернмен аяқтадым. Бұлай болу себебін сол кезде түсінбесем де, қазір жаным еркіндік пен тұрақтылықты қалағандықтан деп білем.    Анам бар өмірін отбасына арнағандықтан, балалық шағым қызықты сәттерге толы өтті. Фортепиано класы бойынша музыкалық мектепке барып, би, сурет салу, тоқу, іс тігумен айналыстым. Мектеп қабырғасында өлең жазатынмын. Бұл қабілетім тіл маманы- анамнан берілсе керек. Анам қызының жан-жақты болып өсуіне бар күш-жігерін салды.    Мектепті аяқтау кезінде ҚМЭБИ көшпелі комиссия өткізіп, бағымды сынап көріп, экономикалық факультетке оқуға қабылдандым. ЖОО-дағы соңғы оқу жылымда «Deloitte» компаниясы «ашық есік күндерін» өткізіп, бос орынға өтінішімді тапсырдым. Байқау іріктеуінен өтіп, тағы да диплом алмай жатып, жұмысқа орналасып үлгердім.    Төрт жыл «Deloitte» аудиторлық департаментінде қызмет еттім. Алайда экономикалық біліммен аудитке бару қиын болды. Сонда да көп нәрсе үйрендім. Бұл мен үшін ең үздік мектептердің бірі, себебі тәртіпке, жауапкершілікке, тайм-менеджментке және дұрыс жоспарлау дағдыларына үйретті. Сол кезде 27 жасымда менеджер болам деген мақсат қойдым. Алайда, оған жету жолында тағы да 5 деңгейден өту қажет болатын.    2012 жылы Астанаға қайтып оралып, консалтинг саласында өз бағымды сынап, еңбек жолымды «KPMG» Басқарушылық кеңес беру бөлімінде  бухгалтерлік есеп, қаржылық есептілік саласында қызмет көрсетуден бастадым. Артынша, корпоративтік басқару және тұрақты даму жөніндегі жобалармен айналыстым. 2009 жылы «KPMG» «Корпоративтік басқару диагностикасының әдістемесін әзірлеп, 2012 жылдан бастап Қор және оның потфельдік компанияларының корпортивтік басқару деңгейінің диагностикасы бойынша жобалық команда жұмысына тартылдым. 2013 жылы жылдық және интеграцияланған есептерді дайындаумен айналыстым. Сол кезде «КазТрансОйл» АҚ және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сияқты компаниялар келіп қосылды. Осылайша, үш жылғы еңбегім Қор мен оның портфельді компанияларына арналды.    «KPMG»-де корпоративтік басқару мен тұрақты даму бағытына жауапты болдым. Команда құрып, қызметтер сатумен айналысып, аталмыш тәжірибені компанияларға енгізу керек болды. Өзім шешім қабылдап, адамдарды басқарып, келісімшарт жасап және жобаларды іске асыратын деңгейге жеттім. Яғни, мақсатыма жетіп, 27 жасымда менеджер болдым.  Аудит – аясы тар сала, дей тұрғанмен нақты ережеге сүйенеді. Ал консалтинг – шығармашылық, жаңа дүние жасау, ұдайы жетілу мүмкіндігі. «KPMG»-де жұмыс барысында презентациялық және басқа да дағдыларға, бір міндеттен екіншісіне тез арада ауыса білу, аз уақыт ішінде әртүрлі салаларды талдай білуді үйрендім.    Алға қойған мақсатқа жетіп, жинаған тәжірибемді іске асыруды көздедім. Бір сөзбен айтқанда тапсырыс беруші жағына шыққым келді. Осы жылдың ақпан айында Қордың Корпоративтік басқару департаментінде бос орын шығып, бағымды сынап көрмек болдым. Іздегенге сұраған болды. Қазіргі кезе Қорда кең ауқымды өзгерістер белең алуда. Трансформация бағдарламасы іске асырылу шыңында. Жұмыста отырып-ақ, осы бағытта білім алу мүмкіндігі бар. Болашақ Қоры дизайны үдерісінің бір бөлшегі ретінде қаланғаныма қуанамын.    Жұмысымда Қордың барлық процестерімен танысып, олардың Корпоративтік басқару кодексі талаптарына сәйкестігін тексердім. Корпоративтік басқару қағидаттары – басқарудың барлық жүйесінің,оның ішінде трансформацияның басты іргетасы іспетті.Тиімді корпоративтік басқару– Қордың ұзақмерзімді құны мен тұрақты дамуын арттыру көзделген стратегиялық мақсатқа жету негізі.    Өмір бойы барлығын басымдылығы бойынша реттеп, маңызды тұстарға көп уақыт бөлемін. Үнемі уақыт тапшылығы болса да, бір демалыс күнімді отбасыма арнауға талпынам. Бала тәрбиесіне келгенде, оған ақылшы, нағыз жанашыр дос болғым келеді. Қызыма еш уақытта дауыс көтермеймін. Керісінше, бәрін орнымен түсіндіруге тырысам.    Әлі күнге дейін өлең жазам. Көңіл-күйіме байланысты ішкі жан-тебіренісімді шығарудың тәсілі болғасын да шығар. Қызым екеуміз өз қолымызбен әшекей бұйымдар жасағанды ұнатамыз. Мен үшін бұл демалудың бір түрі әрі қызымның қолын жаттықтырады.    Әр адам алдына жоғары мақсат қоя білуі керек. Мақсатсыз адам, қанатсыз құспен тең. Трансформацияның негізгі дені ойлауды, сананы түбегейлі өзгерту. Ал біз өз кезегімізде бұл үрдісті үздік болу мүмкіндігі деп қабылдап, үздіктер қатарына қосылу үшін әр басқан қадамымызға баға беріп, әрекет-дағдыларымызды икемдеуіміз қажет, сонда ғана Болашақ Қоры сапарына бірге аттанбақпыз!
Дмитрий Кожемяк
Дмитрий Кожемяк
Ақпараттық технологиялар департаментінің аға менеджері
Ақмола қаласында дүниеге келдім. Осындағы №7 мектепті аяқтадым. Компьютерді бес саусағымдай білгендіктен, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне «Ақпараттық жүйелер» мамандығына түстім. Оқып жүрген кезімде мәліметтерді шифрлау бойынша өткен АТ конференциясында 2-орынды иеленгенім бар. 4 курста дипломдық жұмысқа аса күрделі жобаны таңдап, нәтижесінде компьютердің көмегімен басқарылатын ландшафтты сканерлеп, мәліметтерді жинап, талдайтын робот жасап шықтық.    Өмір бойы ағаммен егіздердей қатарласып, тай-құлындай тебісіп өстік. Ұзақ уақыт бір бөлмеде тұрып, бір партада отырғанымыз аздай, бірдей болып киініп, бір оқу орын қабырғасында білім алдық. Араласатын достарымыз да ортақ болатын. Жасөспірім кезімде бұның бәрі ашу-ызамды тудыратын. Уақыт өте келе арқа сүйер қамқоршы ағамның барына тәубе етем.    Жоғары оқу орнын аяқтап, «Қазақтелеком» АҚ-ға жұмысқа орналастым. Ондағы жұмыс барысын тез игердім. Әр жылым жеміске толы болды. Ағам екеуіміз мәліметтер қорымен, ақпараттық қауіпсіздік, электрондық пошта, есеп жазбасы және өзге де ақпараттық жүйелермен айналыстық. Адамдарға жұмысын оңтайландыру және қорғау үшін зор мүмкіндіктер беретін әр түрлі ақпараттық жүйе мүмкіндіктерін ашуға ықыласым артты. Ақпараттық жүйелерді басқаруға жаңашыл тәсілдеме енгізуге деген талпынысым жетекші маман қызметіне дейін көтеріп, компанияның ұйымдастыруымен шетел оқытушылары мен ақпараттық жүйе сарапшыларынан тәлім алдым. Нәтижесінде, емтихандарды ойдағыдай тапсырып, MSSCSM құралдарын енгізу бойынша жобаны аяқтадым.    2012 жылы ішкі жобалар бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтеріліп, IT-инфрақұрылымды сүйемеледеу бойынша жобалармен айналыстым. Қармағымдағы 12 қызметкермен бірге көптеген асуларды бағындырдық. Бастапқыда ойлау қабілетімді түбегейлі өзгерту қиын болды. Себебі, барлық істі өзім атқарып үйренгендіктен жұмысымды тексерудің қажеті болмап еді. Әр іске деген жауапкершілік сезімім тағы бар. Уақыт өте келе іс-тәжірибемен қаруланып, команданы басқаруды үйрендім. Командалық жұмысқа келгенде директорлық әдіс жарамсыз, бұл ретте ынталандыру мен шабыттандыру өз жемісін бермек.    Жұмыс барысында үнемі жаңа идея ұсынып, жаңашылдық пен түбегейлі өзгерістерге әрдайым дайын болу керек. IT әлемі өзгерістерге толы, күн санап жаңа технологиялар енгізіліп, үйреншікті үдерістерді толығымен өзгертетін стандарттар жетілдірілуде. Бұл жылдан-жылға IT өміріміздің барлық саласына қарышап енуіне де байланысты. Аталмыш өзгерістерді қабылдамау, не ілесе алмау болашақ кемесі көшінен қалдырмақ.    2014 жылы Қордағы әріптестерім Ақпараттық технологиялар департаментінде бос орын барын айтты. Онда тек жоғары кәсіби мамандар жұмыс істейтінін біле отырып, еш ойланбастан құжаттарымды тапсырып, конкурстық іріктеуден өттім. Ұжымда жұмыс істеу барысында командамыздың кез-келген жобаға сақадай-сай екенін сездім.    Осы кезде енгізіліп жатқан Қордағы қызметкер жұмысын бағалаудың жаңа әдісі көңілімнен шықты. Ең алдымен, алға дұрыс мақсат қоюды үйрендім, екіншіден, жұмысыма қажет те пайдалы жағын қамту ұнады. Алдағы уақыттағы қажет деп тапқан курстарға жазылып, осал тұстарымды ескеріп, күнделікті жетілу үстіндемін. Жоспарымда - жуық арада IPMA және Cobit 5 бойынша сертификат алу.    Осында жұмыс істеген санаулы уақытта резервті көшіру жүйесін енгізу жөніндегі жоба аяқталды. Кейбір критикалық ақпараттық жүйелер үшін әр 10 минут сайын резервтік көшірмелер жасау және оларды әр түрлі жеке тасымалдаушыларда 5 жылға дейін сақтау мүмкіндігіне қол жетті.  Кез-келген істі тез алып кетем. Сол себепті айналысатын істерім көп десем болады. Ата-анам қолдап-қолпаштағанмен, ешқашан не істеу керектігін айтқан емес, өзім барлық асулардан өтіп ысылғанымды қаласа керек. 10 жылдай гитарада ойнаймын, қазір музыка жазуды үйрену үстіндемін. Жарым шығармашылық адамы болғандықтан бұл ісімді құптайды. 16 жасымда өзімнің заманауи би мектебім болған. Сол шақта спорттық гимнастика және жүзумен белсенді айналыстым. Саяхаттауды да қатты ұнатам, жыл сайын жаңа бір ел, жер көруге тырысам. Әрине, әлі де бармаған жер, баспаған тауларым бар. Бәрі уақыт еншісінде...
Гүрия Қайыржанова
Гүрия Қайыржанова
Бухгалтерлік есеп және есеп беру департаментінің аға бухгалтері
Ақмола облысы, Астрахан ауданында туылдым. Отбасымда - төрт баламыз. Мен – үлкенімін. Әкем – сәулетші, анамның мамандығы жерге орналастырушы болғанмен, көп жылдар қаржы саласында мемлекеттік қызметте жұмыс атқарды. Ата-анамыз бізді еркіндікте өсіргенмен, әрдайым өз ісімізге жауап бердік.    Жергілікті мектепте білім алып, кейін Астана қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне «Бухгалтерлік есеп» мамандығына оқуға түстім. Ата-анам да осы жерде білім алған. Менің мамандығым бойынша мықты ұстаздар білім беретінін көп еститінмін. Ата-анам осы бағытты таңдауымды ұсынып, қыз балаға бухгалтер мамандығы оңтайлы дегенді жиі айтатын. Отбасымда әкемнен басқасының бәрі қаржыгер. Оқу қиынға түскен жоқ. Мектеп пен жоғары оқу орнын үздік тәмамдадым. Өзімді жолы болғыш адаммын деп ойлаймын. Емтихан кезінде де айым оңымнан туды, бәрі өзімді сенімді ұстап, қобалжудың болмауынан болар.    Университеттен кейін «Цесна-Астық» концерніне бухгалтер болып 3 жыл істедім. Кейін «Қуат» құрылыс корпорациясындағы осындай қызметке ауыстым.    4 жыл жұмыс істеп, 2007 жылы «Самұрық» холдингіне орналасып, аутосорсинг секторынан бастап, кейін өзімді жақсы жағымнан көрсетіп, штатқа өттім. Департаментіміз ұнайды: жақсы ұжым, тамаша басшылар, атмосфера да қолайлы. Жұмыста әркімнің міндеттері айқын бөлінген. Есепті автоматтандыру жүргізілгенде жұмыстан кеш шыққан кездеріміз де болды. Бірақ жұмыс барысында мұндай сәттер әр адамда болады ғой. Ал қазір осының арқасында жұмысымыз бірталай жеңілдеді.    Қазіргі уақытта жалақы аударумен айналысып, жеткізушілермен жұмыс жасаудамын. Күн сайын мәліметтер ағынымен бетпе-бет келеміз. Оларды іріктеп, керегін алып реттейміз. Өмірде бұл өте қажет дағды.    Ары қарай да біліктілігімді арттырмақпын. ҚР кәсіби бухгалтерінің сертификаты мен ДипИФР (Халықаралық Қаржы Есептілігі бойынша диплом) және САР (Certified Accounting Practitioner) бар. Жақында біз мерзімді есептілік тапсыратын және олардың талапқа сай болуын талап ететін Ұлттық банкте оқу ұйымдастырылды. Қазір бар күшімді жұмсап ағылшын тілін меңгерудемін. Жоспарда АССА (Association of Chartered Certified Accountants) емтихан тапсыру.    Уақыт өте келе, ата-анамның маған дұрыс бағыт бергенін түсінем. Жұмысым өте ұнайды. Басқа салада өзімді елестетудің өзі қиын.
Раиса Кенжәлі
Раиса Кенжәлі
Жұртшылықпен байланыс департаментінің аға менеджері
Өз-өзіммен және қоршаған ортамен үйлесімдікте өмір сүргендіктен болар өмірге деген құштарлығым зор. Арайлап атқан әр таңыма қуанамын. Отбасы - тұлғаны қалыптастырушы басты діңгек. Ата-анамнан дарыған адалдық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттер менің дамып, жетілуіме ықпал етті. Балаларымды отбасымнан алған үлгі бойынша тәрбиелеуге тырысам. Бала – өмірдің гүлі, олар үшін бар жақсылықты жасағың келеді. Себебі, не ексең, соны орасың дегендей, алдағы болашағымыз тікелей олармен байланысты. Үлкендері, әдетінше, атасынының баласы. Кіші қызым Ямила жақында 3 жасқа толды. Ортаншы баламыз Альрами – аутист. Ол өте зерек, білімпаз. Ондай балалардың жүрегі таза келеді. Осы ұлымыздың арқасында өміріміз айшықты, мән-мағыналы. Оны мақтан етеміз. Бәрі жақсы болатынына сеніміміз мол. Отбасым мен алтын ұям – қандай жағдай болмасын бақытқа кенелетін шағын арал іспетті. Үй шаруасына пысық әйел, жұмыста да табысқа жете алады деп ойлаймын. Мәселе міндеттердің қай түрі болмасын басым тұстарын анықтауда. Алайда, нәзік жан иесі болғандықтан, өзіңе көңіл бөлуді де ұмытпау керек. Әр адамның жеке аумағы, жайлы зонасы, нақтырақ сүйікті ісімен айналысатын орны болуы қажет қой. Бұл ретте 20 жыл отасқан жолдасым маған жан-жақты қолдау көрсетуде.   Көп іске қызықсам да, музыкадан жұбаныш табам. Бала кезімнен ден қойып, музыкалық аспаптарда ойнаймын. Бәрінен классика ұнайды. Жан сарайыңды ашып, өмірдің қиын сәттерінде жол табуға көмектеседі. Шабытым келгенде – өлең, әуен жазам. Осындайда түні бойы көз ілмеуім мүмкін. Бұл сүйікті ісім болғандықтан, еш шаршамай, таңертең өзімді жақсы сезінем. Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде жоғары білім алдым. Сәті туып, жоғары оқу орнын аяқтай сала телевидениеге келдім. Кәсіби шығармашыл мамандардан баға жетпес тәжірибе алдым. Бір мезетте қызыққа толы және күрделі оқиғалар, өмірдің ащы шындығымен бетпе-бет келесің. Телевизиялық журналистика – көгілдір экрандағы жай ғана әдемі сурет емес, ең алдымен адамды бей-жай қалдырмайтын түрлі тағдырлар мен жағдайлар. Қиын болса да, көрермендерге объективті  ақпаратты жеткізуге тиіссің. Астанада тұрғаныма 14 жыл болды. Келген беттен «Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргіздім. 2006 жылы «Самұрық» холдингіне жұмысқа шақырды. Бастапқыда тіпті отыратын орным болмай, бұл мәселе күнде ертеңге қала берді. Қол қусырып отырмай, үйден керек заттарымды ала келдім. Оның ішінде телефон аппараты да бар. Жұмыс орнымды реттеп,  жұмысқа кірістім. Журналисттік тәжірибе «тізеге қойып жазуға» да мүмкіндік берді. Бұл ретте, Холдингтің PR-қызметі қалай өрбитіні тек маған байланысты-тын. Барлығын дұрыс ұйымдастыру қажет. Қолға алмаған ісім қалмады. Әйтсе де барлығы тынымсыз еңбекпен келетініне сендім. Жұмыста барынша кәсібилік таныту, адалдық пен ашық-жарқындық, биік асуларды бағындыруға ұмтылу шын мәнінде жоғары нәтижелерге қол жеткізеді. Тек ұйымшыл командалық жұмыс пен әрқайсымыздың жеке жетістіктерміз болашақ дамудың сенімді негізі болатынына сенем. Осы күнге дейін адамдарға деген сенімділігімді жоғалтпадым, қарым-қатынаста адалдық, шынайылықты бағалаймын. Осыдан да болар кез келген істі ерекше ынтамен атақарам. Қызметім мен әріптестерімді бағалап, құрмет тұтам. Өмірде орын алған жағдайды объективті бағалап, босқа күтіп уақыт созбайтын адаммын. Әр оқиғаны сол қалпында қабылдап, позитивті ойлауды жөн санаймын. Жақсы ой оң қадамдарға жетелейді. Мәселенің айқын жағына бет бұруға тырысам. Ар-намыс, абырой ұғымдарын аяққа таптамай келем. Әлі де әлемнің жақсылыққа толы екеніне сенемін. Әйел адамның жаны әсемдікке құмар келеді. Өзімді күткен ұнайды. Ал әдемілік дегенді нәзіктік деп түсінем. Бұл ішкі жан сұлулығы, бара бара әдемі жалынға айналатын бойдағы бір жарық ұшқын. Табиғаттың берген сыйын орнымен пайдалануға тырысам. Өмірдің әрбір сәтінен ләззат алам. Үнемі жанымда ақылды, дарынды әрі мейірімді бір сөзбен айтқанда ең жақсы адамдардың болғанына ризамын.
Әният Мұратбаев
Әният Мұратбаев
Әлеуметтік және сервистік жобалар қызметінің аға менеджері
Алматы облысы, Бақанас ауылында туып өстім. Онда 5-сыныпқа дейін білім алып, кейін отбасымыз Алматы қаласына қоныс аударып, сол жердегі орта мектепті тәмамдадым. Атымды ағам қойған. Арабша «жұмақ» деген мағына береді. Ат қою рәсімі ескіше өткен. Әркім өз нұсқаларын бас киімге салып одан кезек-кезек алған кезде ағама өз нұсқасы түскен.   Мектепті бір «төрттік» бағамен тәмамдадым. Бұл жерде бір қызығы, анам ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері және мен оқыған мектепте әдебиет пәні мұғалімі болатын, тегіміз әр түрлі болғандықтан, туған анам екенін мектеп бітіргенше ешкім білмеген. Мектеп бітіру кешінде геометрия пәні мұғалімі бұл жайлы біліп қатты таң қалды. «Беске» шығып, «қызыл аттестат» алатын мүмкіндігің болды ғой неге айтпағансың деді. Бірақ мен ешқашан анамның дәрежесін пайдаланбаймын деп шешкем. Отбасында - бес ұлмыз. Мен - төртіншісімін. Ал анамыз бәріміздің сынып жетекшіміз болғандықтан уйде де қатаң бақылауда болдық. Мектеп қабырғасында ең алдымен мұғалім ретінде қабылдап, аты мен әкесінің атын қатар атадық. Әкем – Қазақстан мен ТМД-дағы еңбек сіңірген энергетик. Бала тәрбиесіне көп араласпай, бұл ретте анама көп сенім артты. Ал анамыз бәрімізді қатаң тәртіпте ұстап, жақсы тәрбие берді. Мектепті бітіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің саясаттану факультетіне түстім. Екінші курста заң факультетіне ауысып, осы мамандықты аяқтадым. 1999 жылы мені жас маман ретінде Астанаға жіберді. Көлік прокуратурасына жұмысқа орналастым. Онда прокурордың көмекшісінен бастап, аға прокурор қызметінде 4 жыл жұмыс істедім. Осы кезеңде астанада құрлыс дүмпуі басталып, заңгер ретінде жеке бизнеске кетуге тура келді. Бұл қызметпен қатар нотариатта да өзімді сынап көрдім. Алайда біршама уақыт жұмыс істеп, маған лайық еместігін түсіндім. Бұдан кейін консалтингтік компанияда істедім. 2006 жылы «Самұрық» МАБҚХ құрылып, жұмысқа шақырылдым. Өзімді ірі холдингте сынап көргім келді. 2007 жылдың наурызында өнеркәсіптік активтерді басқару жөніндегі сарапшы болып тағайындалдым. Аталмыш дирекцияда 8 жылдан астам жұмыс жасау барысында машина жасау және отан қорғау өнеркәсібімен айналысатын «Қазақстан Инжиниринг» ҰК АҚ қызметі мәселелерін басқарып келем. Компания осы аралықта жаныма жақын болып, көз алдымда қанат жайды. Алғаш қабылдап алған кезде төмен түсім көрсетсе, 2010 жылдан бастап, тұрақты түрде пайда әкеле бастады. Соңғы рет жұмысшылар қызметіне  бағалау жүргізілген кезде дирекцияда тынымсыз еңбек етіп, өзіме бұдан да көп жауапкершілік артып, яғни басқарушылық лауазымына ауыса алатынымды түсіндім. Егер басқарушылық білігімді жетілдіретін ұсыныстар түссе, бас тартпаймын. Спортты жақсы көретін адаммын. Мектеп табалдырығынан шығыс жекпе-жегі бойынша жарыстарға қатыстым. Негізі Грек-рим күресінен бастадым. Одан каратэмен, аралас жекпе-жек және бокспен айналыстым. Университетте бодибилдинг үйірмесіне тағы барғанмын. Органда жұмыс істеген кездерімде жұмыс уақыты нормаланбаған болғандықтан спорт қалыс қалды. Қазіргі уақытта жаттықтыру залдарында денемді шынықтырам, баскетбол, волейбол, үстел теннисі, хоккей және футбол ойнағанды ұнатамын. Әлі де спорт – өмірімнің ажырамас бөлігі. Шынықсаң, шымыр боласың деген бар ғой. Отбасыма тоқталсам, Нұраят, Нұримаш, Амира есімді үш қыз баланы тәрбиелеп отырмыз. Оларға жақсы тәлім берсем деймін. Оларды барынша еркелетемін, ал есесіне аналары қаталдау. Жұмыстан қолым қалт еткенде, қайда барсам да, демалысқа, қонаққа болсын өзіммен ертіп жүруге тырысам, өйткені онсыз да жұмыста көп уақытымды өткізем. Қандай да бір  жаңалыққа, жаңа жерлерді көруге жаным құмар. «Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» - өмірлік басты ұстанымым.
Ләйла  Жақсыбекова
Ләйла Жақсыбекова
Үкіметпен өзара іс-қимыл жөніндегі департаменттің аға менеджері
Ата-анамыз бес баласына бірдей еңбексүйгіштік, оқуға деген ынталылық, бастаған істі аяқтау сияқты дағдыларды дарытқан. Оның дәлелі – әрқайсымыздың өмірде адаспай, өз орнымызды табуымыз. Мектепті аяқтағаннан кейін үлкен әпкемнің жолымен Алматы халық шаруашылығы институтына «Өнеркәсіптегі бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметтің талдамасы» мамандығына оқуға түстім. Институтты тәмамдағаннан кейін, мені Алматы қалалық тұрмыстық қызмет басқармасының автобазасына еңбек жөніндегі экономист ретінде бөлді. Онда комсомол ұйымдастырушысы қызметін қоса атқардым. Кейін қоғамдық комсомол  жұмысында қызмет етіп, одан әрі  Алматы облыстық қаржы басқармасында мемлекеттік бюджет бөлімінде ревизор-инспектор, кейін Қаржы министрлігінде бас экономист болдым. 1994 жылдан бастап, Министрлер кабинетінің аппаратына жұмысқа ауысып, Қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімі реферанты қызметінен бастап, одан сала және және Бөлім меңгерушісі болдым. Еліміз тәуелсіздіктің айтулы жолында өзінің даму бағытттарын айқындады. Қаржы министрлігі мен Министрлер кабинеті аппаратында еліміздің мемлекеттік сыртқы қарызын басқару саласында нормативтік-құқықтық базасын құру, халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасу және басқа да құжаттарды әзірлеуге атсалыстым. Қордың құрылған кезінен бастап жұмыс істеймін. Даму институттары қызметінің үлгісінде кандидаттық диссертация қорғадым. Еңбек жолымда қай жерге  жұмысқа келсем де, жаңа бір жұмыс бөлімшесі сеніп тапсырылатын. Табандылығым мен белсенділігімнің арқасында оң нәтижеге қол жеткіздім. Әр жұмыс тәжірибем алдағы қыметіме мықты демеу болды. Қиыншылықтар да жоқ емес. 1997 жылғы желтоқсанда мемлекеттік органдар жаппай жаңа астанаға көшкен кезде бейтаныс қала, қатал климат, туған-туыстардан жырақта біраз қиналғаным бар. Алайда ата-анамыз ауыртпалықтарға шыдап, болашаққа нық сеніммен қадам басуға тәрбиеледі. Жаңа астанаға кетерімде анамның: «Жұмыс орның қайда болса, үйің сол жерде» деген сөздері бойыма сенімділік ұялатты. Қызыма да бұл қасиеттерді дарытқым келеді. Адамдардың кәсібилігінен өзге де  өнегелік, адалдық, үлкендерді құрметтеу, жақындарына қолдау көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді бағалаймын. Өскелең ұрпаққа тілерім – «Адам» деген ардақты атқа лайық болып, ең алдымен өз-өзіңе адал болу. Қазіргі уақытта Қордағы әріптестеріммен жаһандық маңызды міндеттерді іске асырудамыз. Қор алдында белсенді инвесторға айналу міндеті және тұр. Бұл жолда әр қызметкердің қосар үлесі зор. Осылайша, Қорда трансформация бағдарламасы аясында Үкіметпен өзара іс-қимыл жасау тиімділігін арттыру бойынша бастамалар жоспарланып, сәйкесінше аталмыш бағыт бойынша департаментіміз жұмысын жандандыру қажет. Осы орайда Қордағы барлық достарым мен әріптестеріме осынау маңызды істе сәттілік пен табыс тілеймін!
Алмаз Әбдірахманова
Алмаз Әбдірахманова
Бухгалтерлік есеп департаментінің бас бухгалтері
Балалық шағымда журналист не жақсы адвокат болсам деп армандадым. Алайда бар саналы ғұмырымда бухгалтер болып жұмыс істеп келем. Қазір бұл ісімді жақсы көріп, мақтан тұтам.    Қызметімнің бастапқы кезінде жұмысыма жол сілтеп, бағдар берген айтулы сәт жадымда мәңгі сақталды. Ол кезде Қарағанды мемлекеттік университетін енді аяқтаған кезім, өзімнің туған қалама қайтып оралған сәттен мені «Жезқазған түсті металл» ҒӨБ қазіргі «Қазақмыс» орталықтандырылған бухгалтериясына бөлді.    Алғашқы жұмыс күні қарсаңында әкеммен сөйлестім. Ол кез-келген компанияға келе салысымен бухгалтер болсаң да өндірістік процестерді, одан қала берді барлық технологиялық тізбекке ден қойып, жан-жақты түсініп алуың керек. Комбинаттағы күрделі процестер жайын, олардың көптеген шахталардан тұратынын, алынған кен байыту фабрикаларына, одан әрі мыс балқыту зауытына жөнелтілетінін айтқан. Әкем қарапайым құрылысшыдан бастап ірі құрылыс трест басқарушысына дейін көтерілген. Осы жолда жинаған бар тәжірибесіне сүйене отырып, әр құжат, әрбір қағаздың, санның ар жағында қарапайым адам тұратынын естен шығарма деген кеңес берді.    Осы сөздері санама терең бойлап, қайда жүрсем де ойымнан кеткен емес. Сол себепті Қор дегенде, ең алдымен көз алдыма адамдар келеді. Елдегі активтерді басқарушы команда ең талантты да білімді мамандардан құралған.     «Самұрық-Қазынаға» дейін жеке ірі компанияда күрделі байқаудан өтіп барып, бас бухгалтер қызметіне тағайындалдым. Ондағы жалақым жоғары, жақсы әлеуметтік пакетім болды.  Сол уақытта «Қазына» ТДҚ-ға шақырылған кезімде, бастығым: «Қайда кетіп барасың? Қандай компания? Мемлекеттік қызмет пе?» - деген, мені жібергісі келмей.    Компания жұмысын толық түсінбесем де, жалақы жағынан біршама ұтылсам да осынау жаһандық жобаға қатысам деп шештім. Және бұл шешімім туралы еш өкінген емеспін.    Өткенге көз жүгіртсем, көптеген істер атқарылыпты. Бірақ алда әлі де қыруар жұмыстар тұрғанын түсінем. Өз ісіңе бар уақытың мен күш-жігеріңді жұмсамай, бәрінен озық болу мүмкін емес.    Бәріміз бір командамыз және алда міндетті түрде ортақ табыстарға қол жеткіземіз!
Әсемгүл Имажанова
Әсемгүл Имажанова
Бухгалтерлік есеп және есеп беру департаментінің аға бухгалтері
Ақмола облысы, Қорғалжын ауылында дүниеге келіп, мектепті сол жерде тәмамдадым. Бала кезімде ұстаз болуды армандайтынмын, тіпті қазірдің өзінде бұл ең тамаша мамандық деп ойлаймын. Бірінші сыныпта өте жақсы ұстазға жолықтым. Ол оқушылардың екінші анасындай болды. Математика пәнін сүйіп оқығандықтан экономист болам деп шештім. 9-сыныптан кейін әкемнің айтуымен Ақмола қаржы-экономикалық техникумына түспекші болғанмен, өте алмадым. Ол үшін тіпті қуандым да. Себебі, достарыммен 10-11 сыныпты бірге аяқтағым келді.    Жасөспірім шағым 90-жылдарда өтті. Кеңес үкіметінің ыдырауы бір үлкен қоқыныштай көрінді. Елде кәдімгі дағдарыс болды. Қажет заттарымызды талон арқылы алып, дүкен сөрелері жартылай бос тұратын. Қазір дағдарыс туралы көп естиміз. Алайда бұрынғымен салыстырғанда нағыз дағдарыс сол кездері болды.    Мектепті аяқтап, ата-анаммен болашақ астанаға қоныс аудардық. Ондағы Еуразия ұлттық университетіне «Экономика және менеджмент» мамандығына оқуға түстім.  Университеттен кейін бір жылдай жұмыс іздеумен болдым. Қарап отырмау үшін сұлулық салонына әкімші болып орналасып, ұйымдастырушылық қабілетімді дамыттым. 2001 жылдың мамыр айында соғыс ардагерлері госпиталына мамандығым бойынша жұмысқа қабылданып, алғашында кассир, кейін бухгалтер және экономист қызметін үйлестіріп, жалпы 2,5 жыл қызмет еттім. Госпиталь қармағында болғандықтан, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметке шақырды. Бірақ бірден алған жоқ. Әңгімелесу мен тестілеуден өттім. Нәтижесінде кадрлық резервке тіркеді. Артынша Бухгалтерлік есеп департаментіне бухгалтер қызметіне қабылдандым. Министрлік пен әріптестеріме берген тағылымды тәжірибелері үшін алғыс айтам. Мемлекеттік қызметтегі жұмысым ары қарайғы өміріме, мансабыма ықпал етті. Министрліктегі әріптестерім ұсынысының арқасында денсаулық сақтау саласында Көшбасшылық менеджментке үйрету шеңберінде, Бостон және Торонто қалаларында өткен басшыларға арналған семинарға қатыстым.    Министрлікте 3,5 жыл жұмыс істеп, 2008 жылы бұрынғы әріптесімнің ақыл-кеңесі бойынша «Қазына» Тұрақты даму қоры Бухгалтерлік есеп департаментінің менеджері қызметіне келдім. 2012 жылы кәсіби бухгалтер сертификатын алдым. ДипИФР (АССА бойынша қаржылық есептілік дипломына) емтиханды ойдағыдай тапсырдым. Қазір жоспарда толық АССА (AssociationofCharteredCertifiedAccountant) дәрежесін алу. Өткен жылы Қор атынан Лондон HSBC банкіне оқуға барып, банк өнімдерімен таныстым. Сол кезде еліміздің банк жүйесі алда екеніне көзім жетті.  Қызығушылықтарыма келсек, бәрінен саяхаттау ұнайды. Мүмкіндігімше жылына бір рет шетелге шығамын. Мұндай демалыс адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Саяхат барысында жақсы әсер аласың: ел-жер көресің, жергілікті халықпен танысып, өзіңе жаңалықтар ашасың. Әр барған еліңнің сал-дәстүрімен, ас мәзірімен танысасың. Мысалға, Италияға сапарымда өзіме көп керекті алып, тіпті итальян тілін де үйренбек болдым.    Кітапты көп оқығанды ұнатамын, бірақ қазір азайттым. Қазір «Шантарамды» оқудамын. Өте қызық кітап. Бас кейіпкердің түрлі жағдайда өзін ұстауы еліктіреді. Бұл кітапты барлықтарыңызға оқуға кеңес берер едім. Кітапты оқыған кезде өз қабілетімді толық аша алмағанымды түсіндім. Бұдан да маңызды іске кірісу керектей сезілді. Әлеуметтік жұмыстарға ден қойғым келеді. Шын ниетпен, жарнамасыз әлеуметтік өмірге белсенділік танытып жүрген адамдарды үлгі тұтам.    Бос уақытымда әр түрлі жанрда кино қараймын. Мектепте шахмат, биге қатысып, көптеген іс-шараларға атсалысып, музыкалық мектепке бардым. Онда домбырада ойнауды үйрендім. Бірақ өзіме сын көзбен қарайтынмын. Кейбіреулер нотасыз, әуенді естуі бойынша шертетін, менде ондай болған жоқ. Сол үшін қысылатынмын. Барлығын нотаға қарап үйрендім. Табандылығыма байланысты, әуендерді қатесіз орындайтынмын. Жақсы білетін ісіңмен айналысып, білмейтін жұмысқа кіріспеген дұрыс деп санаймын. Не бар күш-жігеріңді жұмсап, үйрену қажет.
Лаура Жайықбаева
Лаура Жайықбаева
Құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің аға заңгері
Мен техника саласына жақынмын. Цифрлармен жұмыс істеген ұнайды. Мектептегі сүйікті пәнім –математика. Есептер мен теңдеулерді шешуде еш қиналмай, тіпті әпкелерім мен сыныптастарыма көмек беретінмін. Анамның ақылы бойынша өзге бағытта: ҚазМУ-дің заң факультетіне түстім. Мүмкін өзіме белгісіз бойымдағы қабілетті анам байқаса керек. Маған заңгер мамандағы сай деп шешті. Және өзіме де осы мамандық ұнады. Университетті аяқтап, зейнетақы қорына жұмысқа тұрдым. Үш жылдан кейін қызмет орнымды ауыстырып, колледжде заң пәндерінің оқытушы болдым. Кейде бала кезімде балабақшада тәрбиеші болғым келетін. Колледжде студенттермен жұмыс істеу қызық болатын. Олармен бірге көп нәрсеге үйреніп, кейбір жайттар туралы көзқарасымды да өзгерттім. Әр шәкіртіме жеке тұлға ретінде қарадым. Оқытушылықтың жақсы тұсы – үлкен аудиториямен жұмыс жасауды үйретеді. Колледждегі жұмысымда тебіреніп  еске алатыным – әріптестерімнің қайырымдылыққа көп көңіл бөлуі. Колледж директоры ата-ана қамқорлығынан айырылған балаларға көмек беру керек деген көзқарасты ұстанды. Бірнеше балалар үйіне бас болып, мерекелерде оларға барып, табиғатқа шығарып, пикник ұйымдастыратынбыз. Мұндай шаралар жан-дүниеңді тазартады. Сәбидің көзінен қуаныш пен алғыс сезімін көргенде бәрін ұмытып бойың жеңілдеп қалады. Қазір уақыттың тапшылығынан мүмкіндік болған жағдайда бұл балаларға отбасыммен не өзім көмектесем. 2001 жылы анамның ақылын тыңдап, Астана қаласына келдім. Бұл жерде мансаптық өсуге мүмкіндік бар. Себебі, жаңа астана – болашақ қаласы. Бірден бейімделу қиын болды. Бес жылдай үйрендім. Кейде үйге кеткім келген кездерде анамның айтқандары есіме түсіп, шыдамдылық танытып, алға ұмтылу керектігін түсіндім. Анам мен үшін ерекше үлгі тұтарлық жан. Әкем мұғалім болғандықтан, көбіне сол кісі көп тәлім берді. Бірақ өмірден ерте кеткендіктен, анам бір өзі үш баланы өсіріп, жеткізді. Анамыз қолдан келсе адамдарға болмашы болсын көмек беру керектігін айтты. Қазір жасы 71-де болса да жұмыс істеп, білім алудан, жаңашылдықтан қорықпайды. Астанада үш жыл ТМРА (Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттікте), одан Қаржы министрлігінде заңгер болдым. Жалпы алты жыл мемлекеттік қызметте істедім. Аталмыш жұмыс колледждегі және зейнетақы қорындағы қызметтерімнен өзге еді. Сонысымен баурап алды. Өзгерістерден қорқудың керегі жоқ. Керісінше бұрын шешімі қиын мәселелердің мәні ашыла түсетіндей. Мемлекеттік қызметте дүниетанымың кеңейіп мемлекеттік ауқымды мәселелер аясында ойлайсың.  «Самұрық-Қазына» Қорында құрылған кезінен бастап жұмыс істеймін. Бұдан да ерте 2007 жылы келдім, ол кезде «Қазына» Қоры болатын. Бұл қызметімде шағын компания аясындағы мәселелермен емес, бір-біріне ұқсамайтын (инвестиция, өндіріс, корпоративтік басқару және т.б.) салаларда заң мәселелерімен айналыстым. Поэзияны, әсіресе, «күміс ғасырды» жақсы көремін. Колледж қабырғасында поэзия кешін ұйымдастырсам, қазір мұны достарымның ортасы алмастырады. Бұрын жүзумен, бимен айналысып, таэквондодан қызыл белдік алдым. Қазір оған уақыт аз. Дегенмен, жақсы күйде болу үшін сырт-бейнеме көңіл бөлемін. Болашақта шетелде білім алуды жоспарлаймын. Саяхатқа шығуды ұнатамын. Жыл сайын жаңа ел-жер көруге тырысам. Әсіресе, Санкт-Петербург және Париж қалалары жақсы әсер қалдырды. Санкт-Петербургте күн сайын театр, мұражайларды  аралаумен болсам, Париж тамаша атмосферасымен есте қалды. Оны «махаббат шаһары» деп  бекер атамаса керек. Соған сай саябақтар да өте көп.  Бүлдіршіндердің қол ұстасып кетіп бара жатқанын, не қарт ата мен әженің құшақтасып отырған сәтін сырттан бақылау ерекше сезімге бөлейді. Күнделікті үйреншікті ортаны ауыстыру адамның жан-сарайын ашып, шаршағанын басып, жақсы әсер сыйлайды.
Юлия Архипова
Юлия Архипова
Құқықтық сүйемелдеу және әдіснама департаментінің жетекшісі
Қызылорда қаласында туып өстім. Отбасымда үш ұлдан кейінгі жалғыз қызбын. Ата-анамыздың қатал тәрбиесін көріп өстік. Ағаларыма да әкемнің қатал мінезі дарып, мектепте өтетін іс-шараларға баруға олардың бәрінен рұқсат алатынмын. Қайда барсам да ағаларым мен оның достарының бақылауында болдым. Осыған қарамастан, ағасы бардың жағасы бар дегендей, отбасымыз тату-тәтті. Ал қазір алыста болсақ та, хабарласып, бір-бірімізге және ата-анамызға үнемі көмек қолын созуға дайынбыз. Ата-анам көп уақыттарын жұмыста өткізетін, ал ағаларым түрлі үйірмелерге қатысатын, мен үйде жалғыз қалмау үшін гимнастика, биге барып, шахмат, баскетбол ойнайтынмын. Сабақта әр түрлі мәселерді талқылап, пікірталасқа түскенді жақсы көретінмін. Сот процесі ұнағандықтан, тергеуші болам деп ойладым. Сол себепті Қазақ мемлекеттік заң академиясы Қызылорда филиалына «Құқықтану» мамандығына оқуға түстім. Жоғары оқу орнын аяқтаған кезде астанаға демалысқа келдім. Бұл жер маған қаты ұнап, осында қалам деп ойладым. Ата-анамнан Астанаға барып, өз бағымды сынап көруге рұқсат сұрадым. Бақытыма орай, олар келісімін берді. Ең алдымен «Егемен Қазақстан» басылымын алып, ондағы аудандық соттарға қабылдау жүріп жатқандығы туралы хабарландыруды көзім шалып, тест тапсырып, әңгімелесуден өтіп, кадрлық резервке өттім. Бос орын шыққанын күтпей, Алматы сотына жұмыс іздеп бардым. Сот төрағасы жұмыс беруге, бірақ қоғамдық бастамаларға қабылдайтынын айтты. Бірнеше ай тағылымдамадан өтіп, тегін жұмыс істедім. Бас маманның орны шыға салысымен, штатқа қабылдандым. Сот отырысының хатшысы ретінде істерді жүргізіп, олардың судьяға келіп түскенінен бастап, қарауға және шешім шығаруға дейінгі барлық процессуалдық сәттерін жатқа білдім. Ол уақытта ата-анам жиі қоңырау шалып, басымда баспана жоқтығы мен жалақымның аздығын айтып, үйге қайтып оралуымды өтінетін. Бірақ мен одан сайын алға ұмтылып, айтқанымнан қайтпадым. Алғашқыда ата-анам қаржы жағынан көмек берді. Оларға алғысым шексіз. Қанша уайымдаса да, өз күшіммен мамандығым бойынша жұмыс істеп жүргенімді мақтан етті. Сотта жарты жылдай қызмет етіп, бір сәтте өмірімді өзгерткім келді. Тергеушіні ізгі мамандықтардың біріне балағанмын. Ал іс жүзінде қылмыскерлермен бетпе-бет келіп, тергеу жұмыстарын көргенде қателескенімді түсіндім. Өз көзқарасымды өзгертіп, бұл салаға енді ат басын тіремеуді шештім. Сол уақытта Мемлекеттік сатып алулар бойынша агенттікке қабылдау болатыны жарияланған. Бірден құжаттарымды тапсырып, тестілеу, әңгімелесуден өтіп, жетекші маман ретінде қабылдандым. 3 жылда құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы қызметіне дейін көтерілдім. Бірнеше мәрте мемлекеттік бағдарлама бойынша баспанаға құжаттарымды тапсырғаныммен, өте алмадым. Ал жалақым жинауға жетпейтін, сол себепті еңбекақысы жоғары жұмыс керек болды. Сол уақытта ұлттық компанияларға жетекшілік еткендіктен «KEGOC» АҚ заң бөлімінен ұсыныс түсті. 4 айдан кейін «Самұрық» Холдингіне мемлекеттік сатып алулар қызметіне шақырылдым. Қорда құрылған кезінен бері жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта да сатып алу жұмыстары жалғасуда. Егер бұған дейін субъекті ретінде Қор сатып алуларымен айналыссақ, қазір сатып алу әдістемесін жүргізіп, бұл ретте Қор тобы бойынша уәкілетті органбыз. Жауапкершілік жоғары және жұмыс та қызықты. Жоспарымда қазақ және ағылшын тілдерін жақсы меңгеру. Ұлым жақында 3-ке толады. Қазақ балабақшасына барып жүр. Жақында басқа жерге ауыстырдық. Себебі, қалмай барып жүрсе де қазақша қарапайым ұғымдарды білмейтін. Ал қазіргі орында нәтиже бар. Тіл үйрену үшін ең алдымен тілдік орта, одан кейін айналаңдағы адамдардың қолдауы қажет.
Мәдина Бағрамова
Мәдина Бағрамова
Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің аға менеджері
1986 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петровка ауылында дүниеге келдім. Орта мектепті «Алтын белгіге» тәмамдадым. «Есептеуіш техника және бағдарламалық жабдықтау», «Экономика» мамандығы бойынша екі жоғары білімім бар. Еңбек жолымды 2008 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ-де бастадым. Еңбек өтілімім – 5,5 жыл. «Самұрық-Қазына» АҚ-да 2014 жылдың сәуір айынан бастап қызмет етемін. Темір жол саласында жұмыс істеу мен үшін өте қызық болатын. «ҚТЖ» - үлкен әрі тату жанұя. Дегенмен өзімді басқа салада сынағым келді. Наурыз айының аяғында «Самұрық-Қазына» сайтында бос орынды көріп, түйіндемемді жібердім. Артынша Қордан хабарласып, тестілуге шақырды. Бір күнде байқаулық іріктеудің барлық кезеңдерінен өту керек. Бірінші блок 50 сұрақтан, екінші блок – 30 сұрақтан тұрды, ал үшіншісі есімде жоқ. Шаршағаным сондай, әр сұраққа мұқият зер салу қиын болды. Қазақ тілі оңай, ал қиналсам ағылшын тілінен  қиналармын деген ойым керісінше шықты. Әңгімелесуде өзімді жақсы сезіндім. Себебі, «ҚТЖ»-да 4 жылдай Тәуекелдерді басқару департаментінде жұмыс істегенім бар. Көп процестер жайлы хабарым болды. Аталған лауазымға тесілеуге қатысқан  тағы  7-8 адам болды. Барлық кезеңдерден 2 адам ойдағыдай өттік. Екі жыл бұрын келгенде еңбек өтілімім аздық еткен. Яғни бұл – екінші талпынысым болғандықтан, түптің-түбінде мені қабылдағандарына шексіз қуандым.
Дәулет Кәрімов
Дәулет Кәрімов
Тау-кен металлургиялық және электр энергетикалық активтер дирекциясының бас сарапшысы
Целиноград қаласында дүниеге келдім. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мектепте білім алдым. Бала кезден әжемнің тәрбиесін көріп өстім. Ол менен басқа інім мен қарындасыма қарайласты. Әлі күнге дейін әжемнің жарқын бейнесі көз алдымда. Өзіме келсем, еркін өссем де өз ісіме деген жауапкершіліктен бас тартқан емеспін.    Мамандық таңдауда ата-анамның тілегі орындалды. Олар әрдайым ұлдарының сапалы білім алғанын қалайтын. Өз басым бұл жауапты істе оларға толық сендім. Себебі, әкем – физика-математика ғылымының кандидаты, Целиноград инженерлік-құрылыс институтының (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) доценті, анам – Целиноград педагогикалық институтының (Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті) музыка және ән сабағының аға оқытушысы.  Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің математика факультетіне оқуға түстім. Кандидаттық дисссертация қорғап, физика-математика ғылымдарының кандидаты атағын иелендім.    Кейін есепке жүйріктік қабілетімді іс жүзінде қолдануға мүмкіндік туды. 90-жылдардың ортасында еліміз экономикалық дағдарысты басынан өткерді: электр қуатының ұдайы өшуі, жылу, сумен қамтудағы іркілістер, өндірістік активтер мен жабдықтардың тозуы. Орын алған мәселелерді шешу қажеттігінен ғылыми-зерттеу қызметінен өндіріс саласына ауысуға тура келді.  Әу бастан Дүниежүзілік банк халықаралық институт ретінде елдегі бірқатар қалалардың инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық шаруашылықты қайта құру және жаңғырту жөніндегі ұйымдарына өз қызметтерін ұсынған. Ол жерге қаржы талдаушысы әрі сарапшы ретінде шақырылдым. WB міндеті тек төмен пайызбен «ұзын-сонар» ақша беру үшін инвестиция тарту мен қаржылық қызмет көрсету емес, институционалдық реформаны әзірлеуде, жоба алдындағы ізденістерде, құрылыс-жөндеу жұмыстарында, пайдалануға берілер кездегі тиімділікті арттыруда жаңа технологиялар мен әлемдік озық тәжірибе трансфертін көздейді. Осы мақсатпен, математикалық моделдеу, KPI әдістері, салыстырмалы талдау және болжам сияқты құралдарды негізге ала отырып, инвестициялық жобаларды іске асыруға барынша ат салыстым.    Сондай-ақ, жылу-энергия және сумен жабдықтау кәсіпорындарында басшылық қызметтерде, атап айтсам, Кентау қ. ТЭЦ-5 бас директоры, Қарағанды қаласы су арнасының қаржы директоры қызметтерін атқардым.    2012 жылдың басынан «Самұрық-Қазына» АҚ салалық дирекциясында жұмыс істеудемін. Өндірістік, инвестициялық бағдарламалар мен келешекте іске қосылатын салалық жобалар бойынша есептер, материалдар және сарапшылық тұжырымдар әзірлеймін.    Сонымен қатар, Директорлар кеңесімен шешім қабылдау және өзара іс-қимыл жасау кезінде әлемдік озық тәжірибелерді енгізумен, регламенттер, саяси және әдістемелік ұсыныстардың орындалуын қадағалаумен айналысамыз. Бөліміміз жұмыс тиімділігін арттыру, экономикалық табысқа жету және компания құнын арттыруда басты көрсеткіштерді әзірлеумен айналысады.    Жұмысым көп уақытты қажет етеді. Көбіне-көп хоббиге уақыт табылмай жатады.    Жас кезімде кітап оқу, рок-н-ролл стиліндегі музыкаға әуес болдым. Қазіргі кезде ғылыми мақалалар мен бірге кәсіби-техникалық басылымдарды жиі оқимын. Бос уақытымда достарыммен, отбасыммен әңгіме тарқатқанды ұнатам. Екі балам, екі немерем бар.    Адамдардың бойындағы адалдық, жауапкершілік, сенімділік, көмек қолын созуға, жаңашылдыққа ұмтылу, төзімділік және әзілді түсіне білу қасиеттері ұнайды.  «Ғылым – теңіз, білім – қайық», «Жан-жүйеміз өзгерісті қалайды» - дегенді ұстанамын
Аль-Фараби Сатбаев
Аль-Фараби Сатбаев
Старший юрист Департамента правового сопровождения и методологии

Аль-Фараби - профессиональный юрист, который уже шесть лет строит карьеру в компаниях Фонда "Самрук-Қазына". Он успел поработать в АО "Казтрансойл", АО "НК "КазМунайГаз" и АО "НК "ҚТЖ".

Две недели назад он стал частью команды Фонда. Теперь он Старший юрист Департамента правового сопровождения и методологии АО "Самрук-Қазына". 

Эту вакансию он нашел на нашей платформе Qsamruk.kz - https://qsamruk.kz/. До трудоустройства в Фонд он зарегистрировался на сайте, мониторил интересные вакансии, проводил анализ необходимых компетенций и запрашиваемых работодателями навыков.

"О платформе я узнал, еще работая в "КТЖ". Наша кадровая служба уведомила нас о том, что появился сайт, где размещаются все вакансии группы компаний Фонда. Я смотрел интересные вакансии, на некоторые отзывался, и в итоге мне удалось стать частью команды Фонда", - делится он.

По мнению нашего собеседника, особенно удобным функционалом портала является возможность искать вакансии по разным фильтрам - к примеру, по профессии или по конкретной компании.

Путь в компанию у Аль-Фараби был интересным и продуманным.

"С самого начала моей карьеры, когда я пришел в первую компанию, я поставил себе цель трудоустроиться в Фонд. Мне были интересны его инициативы и миссия. Я начал готовиться и планомерно выстраивал свой профессиональный путь так, чтобы в конце концов оказаться именно здесь", - рассказывает он.

В том числе и по этой причине Аль-Фараби решил пройти программу магистратуры в Назарбаев Университете по специальности "Государственное управление", наращивал опыт и обучался разным навыкам и компетенциям. Учеба была сложной, практически не было свободного времени, так как параллельно приходилось работать. Но все старания были не напрасны.

За годы работы специалист награждался благодарственными письмами и грамотами от руководства КМГ и КТЖ.

На вакансию старшего юриста, кроме него, на сайте подали заявки еще более 60 человек. Аль-Фараби прошел отбор из пяти этапов, включающий собеседование и тестирование на логическое мышление и знание пяти законов РК, по итогам которого специалист набрал 90 из 100%. Благодаря подготовке, набранному опыту и компетенциям из всех участников выбрали именно его.

"Помимо прочих Фонд выставил требование по свободному владению английским языком, аналитическими способностям, опыту по работе в международных арбитражах и дополнительному образованию. Мой опыт и навыки подходили под это описание, и мне удалось произвести должное впечатление. Я глубоко убежден, что если ставить перед собой конкретные цели и прилагать максимум усилий для их исполнения, то все возможно. Главное, на мой взгляд, не опускать руки после неудач и упорно продолжать свой путь к мечте", - поделился Аль-Фараби.
Алексей Репин
Алексей Репин
«Электр энергетикасы» дирекциясының аға менеджері
Воронежде туып өстім. Кейін ата-анам Қостанай облысы Федоровка кентіне қоныс аударды. Әкем жағынан туыстарымыз Қазақстанда тұратын. Тың игеру кезінде атам – агроном, әжем мұғалім болып жұмыс істеді. Анамды ол кезде Воронеж ауылшаруашылық институтын тәмамдағаннан кейін тыңға жұмысқа бөлді. Осы кезде әкеммен танысыпты. Мен Воронежде, ал қарындасым осында туды. Екі жасыма дейін ата-әжем тәрбиелеп, кейін ата-анам жандарына алды. Әке-шешем ұзақ жылдар Қостанайда оқытушы болып, элеватор және дәнді дақылдар саласы мамандарын дайындады. Балалық шағымда ұшқыш болуды армандадым. Бұл дүние есігін ашуым Юрий Гагариннің ғарышқа ұшу сәтімен тұспа-тұс келуінен де болар. Ол кездері Федоровкада тұрдық. Биіктіктен қорықпайтынмын. Бірде ауылдағы стадионға тікұшақ келіп қонып, ондағы әскерлер досымның анасы істейтін қонақүйге орналасты. Осы сәтті пайдаланып тікұшақпен ұшқанымыз бар. Бұл бір естен кетпес оқиға болды. Аяғымның астынан жер кетіп бара жатқандай сезілді. Бірақ арманым орындалмады. 8-сыныпта көз ауруына шалдықтым. Бұл мен үшін өте ауыр кезең. Сол сәтте өмір тоқтап қалғандай көрінді. Уақыт өте келе, мойымай ары қарай өмір сүру керектігін түсіндім. Жасөспірім шағымда ата-анам жолын қуам деп шештім. Әкем ол кезде элеваторда бас инженер болғандықтан кейбір керек емес құралдарды үйге алып келетін. Кішкентайымнан оларды бұзып, қайта құрап үйрендім. Осылай 10-12 жасымда розетканы іске қосып, сымдарды жалғау мен үшін қиындық тудырмады. Мектепті Қостанай қаласында аяқтадым. Біраз уақыт жұмыс істеп, Отан алдындағы борышымды өтеуге аттандым. 2 жыл Мәскеу зениттік-зымырандық әскерінде қызмет еттім. Әскерге барғым келгенде институтқа түскен дұрыс деген пікірлер болды. Бірақ жұмыс істеп, әскери  міндетімді өтегім келді. Бұл босқа кеткен уақыт емес, ер адам ретінде шыңдалуыма пайдасы тиді. Нағыз ер осы жолдан өтуі керек деп ойлаймын. Жауапкершілік, басқарушылық қабілеттерді де жетілдіреді. Әскерден кейін электромонтер болып жұмыс істеп, институтқа дайындалдым. Оқуға түсіп, оны ойдағыдай аяқтадым. Ол кездері еңбек тәжірибем болып, мамандықты саналы түрде таңдадым. Осы жылдары жолдасыммен таныстым. Бір ұйымда жұмыс істедік. Әлі күнге дейін Қостанайдағы досым бізді таныстырғанын айтып қоймайды. Қарым-қатынасымыз ұзаққа созылды. Бір-бірімізді танып-біліп барып үйлендік. Екі ұлды өсіріп, жеткіздік. Ол кездегі үй салу мақсатымды асыра орындадым. Екі ұл өсіріп, екі үй салып, екі бақша тұрғыздым. Қазіргі уақытта үлкен  ұлым авто ісімен айналысады, ал кішісі біздің жолымызбен энергетика мамандығын таңдады. Отбасымызда мен жұмыс істеп, жұбайым шаруашылықпен айналысады. Оған ешқашан жұмыс істеткен емеспін. Есесіне, ас үйге бас сұқпаймын. Кейін тағы бір қаржы-экономикалық мамандығын алдым. Жұмыс сипатым біраз өзгерді. Бұрын техникалық маман болсам, енді экономистпін. Ары қарай Жоспарлау экономика бөлімі басшысы, кейін экономика бойынша кәсіпорын орынбасары, одан әрі бас директор қызметіне дейін көтерілдім. Астанаға келіп «Астана Энергосервис» Басқарма төрағасы болдым. Кейін «СПК-Тобол» энергетика жобалары, инвестициялармен айналыстым. Алдындағы қызметімнің жақсы жағы бір сала маманы, екінші бір сала ерекшелігін қатар меңгереді. Осыдан 10 жыл бұрын ауылшаруашылық жобаларымен айналысатынымды білсем сенбес едім. 2012 жылы Қордың Электр энергетикалық активтер дирекциясына келгенімде көп жайттар таныс болатын. Энергетиктердің бәрі бір-бірін жақсы біледі. Жұмыс бабында жолдастарыммен көп араласқандықтың арқасында «Самұрық-Қазына» АҚ-ға жұмысқа келдім. Бос уақытымда бұрын гитарада ойнайтынмын. 1979 жылы ансабль құрамында бас-гитарада ойнадым. Ол кезде өзіміздің рок-мәдениетіміз болды. Қазір бәріне уақыт тапшы. Алғаш компьютерлер пайда болған кезде оларды өзім жинап-құрастыратынмын. 80-жылдардың соңында өзімнің бірінші компьютерімді құрастырдым. Бұл мен үшін ең үлкен жетістік. Сол сәтте алдымда екі таңдау тұрды: кәсіби түрде компьютерлермен айналысу не энергетикаға бет бұру. Алайда компьтерлер – хобби, энергетика – мамандық, ал менеджменттің бағыт екенін түсіндім. Менеджер – қолда бар ақпараттар негізінде белгілі бір шешім қабылдайтын адам. Ол және дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Қазіргі жұмысыма техникалық және экономикалық мамандығымның көп көмегі тиюде. Жастарға бірден жоғары жаққа талпынбай, алдымен өндірісте жұмыс істеуге кеңес берер едім. Бұл жолда кәсіпорынның не екенін білу қажет. Жас мамандармен сөйлескенде қандай білімді болғанымен, практикалық жағы ақсап жатады. Әр адам аталған кезеңнен өтуі тиіс. Өмірде нақты жоспар құрып, кім болып, немен айналысатыныңды айқындаудың маңызы зор. Алдағыны болжап білу - табысқа тез жетудің кілті.