"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Экспресс" филиалының сервистік қызмет көрсету секторының жетекші инженері

от 410 783
Филиал "Экспресс" Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның қалыптастыруындағы жолаушылар пойыздарында жолаушыларға көрсетілетін сервистік қызметтердің сапасына бақылау жүргізу;
  • жолаушылар пойыздарына жол жүру барысында және жолаушыларды отырғызу/түсіру станцияларында жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жүргізу;
  • поезд бригадалары қызметкерлерінің Жолаушыларды, багажды және жүк-багажды теміржол көлігімен тасымалдау қағидаларын, лауазымдық нұсқаулықтарды және корпоративтік қызмет көрсету стандарттарын сақтауын бақылау;
  • жолаушылардың өтініштері мен шағымдарын қарау жұмыстарын ұйымдастыру, бұзушылықтардың себептерін талдау және оларды жою бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • тәртіптік комиссия отырыстарына материалдар дайындау, хаттамалар мен бұйрықтардың жобаларын рәсімдеу;
  • пойыздардың алмалы-салмалы мүкәммалмен, төсек-орын жабдықтарымен, баспа өнімдерімен, тауарлармен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етілуін бақылау;
  • жолаушылар пойыздарында азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды сатуды мониторингілеу;
  • сервистік қызметтер көрсету жөніндегі шарттарды сүйемелдеу, мердігер ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауын бақылау;
  • жолаушыларға сервистік қызмет көрсету мәселелері бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау;
  • сектордың іс қағаздарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу, есептер мен талдамалық материалдарды дайындау;
  • мультимедиялық жүйелердің, жолсеріктердің мобильді терминалдарының, GPS-трекерлердің және жолаушылар пойыздарында қолданылатын өзге де техникалық құралдардың жұмысын мониторингілеу;
  • жолаушыларға қызмет көрсету сапасы мен сервис деңгейін арттыруға бағытталған іс-шараларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (вагондар); тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану (теміржол көлігі); Экономика; Менеджмент; Маркетинг
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы

Ұқсас вакансиялар

"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының қашықтықтан технологияларды дамыту секторының менеджері (15 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  32
от 482 846
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы
"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалының Оқу - әдістемелік жұмысы бөлімінің менеджері (14 грейд)
"ҚТЖ" "ҰК АҚ "Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы" филиалы | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  33
415 248 - 622 872
Теміржол автоматикасы, телемеханика және байланыс жөніндегі мамандандырылған жасақтың - теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс орталығының жетекші инженері
Центральная лаборатория автоматики и телемеханики | Еңбекпен толық қамтылу | Астана қ.
24.06.2026 |  167
от 441 859