«Энергожөндеу» ӨЖК ЖЭО-2-дегі Қосалқы қазандық жабдықтарын жөндеу учаскесінің шебері
«Алматы электр станциялары» АҚ Алматы қ.Міндеттері:
-
Учаскенің және өзі басқаратын топтың перспективалық даму жоспарларын, өндіріс тиімділігін арттыру жоспарларын, технологияны жетілдіру, қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру құралдарын енгізу, еңбек өнімділігін арттыру және өндірістік жарақаттануды болдырмау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;
-
Қазандық агрегаттары мен турбоагрегаттарды жөндеу кезінде аралық наряд-рұқсаттарды бере отырып, наряд-рұқсаттар бойынша жұмыстардың жетекшісі функцияларын орындайды;
-
Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеу және жөндеу-техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындау үшін бригадалар мен буындарды қалыптастырады, олардың сандық және біліктілік құрамын айқындайды, персоналды орналастырады;
-
Қажетті материалдық ресурстарға жиынтық өтінім жасап, олардың алынуын қамтамасыз етеді;
-
Қызметкерлерді технологиялық құжаттамамен, құрал-саймандармен қамтамасыз етеді, жұмыстарды орындау мерзімдерімен және ЖӨЖ (АБР) талаптарымен таныстырады. Жұмыс орындарын аралайды. Жұмыстарды орындау технологиясының, сапасының және мерзімдерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, анықталған бұзушылықтарды жедел түрде жояды. Өндірістік циклдің барлық кезеңінде ЖӨЖ әзірлеуге қатысады;
-
Электр станциясының жауапты тұлғаларына жабдықтарды қабылдау-тапсыру актілеріне қол қою арқылы тапсырады;
-
Жабдықтың істен шығу себептерін анықтау жөніндегі комиссия жұмысына қатысады;
-
Жұмыстарды орындау технологиясының, сапасының және мерзімдерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді, анықталған бұзушылықтарды жедел түрде жояды;
-
Санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалардың сақталуын бақылайды. Учаске қызметкерлерін аттестаттау жөніндегі тарифтік-біліктілік комиссиясының жұмысына қатысады. Бекітілген жоспарлы іс-шаралар мен нұсқамалардың уақытылы және толық орындалуын бақылайды;
-
Персоналдың ауысымдық жұмыс кестелерін жасайды. Бағынысты персоналға қайталама, жоспардан тыс, мерзімдік және мақсатты нұсқамалар өткізіп, журналдарды жүргізеді;
-
Айына кемінде бір рет мінез-құлыққа негізделген қауіпсіздік аудиттерін өткізіп, аудит қорытындылары бойынша міндетті түрде есеп жасайды;
-
Бағынысты жұмысшылар орындаған жұмыстарды қабылдайды.
Талаптар:
-
Энергетика саласы бойынша жоғары білім және энергетика ұйымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі немесе Энергетика саласы бойынша орта техникалық білім және энергетика ұйымдарында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Еңбек жағдайлары:
-
Жұмыс режимі: сағат 08:00-ден 17:00-ге дейін;
Жыл сайынғы еңбек демалысы – 28 күнтізбелік күн;
Салалық нормаларға сәйкес жеке қорғаныш құралдарымен (ЖҚҚ) қамтамасыз етіледі.
Қажетті қабілеттер
- Энергетика
- Теплоэнергетика
- • Знание принципов работы электроэнергетического оборудования;
- • Знание в области теплоэнергетики
- Знание принципов работы ТЭЦ и технологических схем теплоснабжения
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Озат)
- Орыс тілі (Озат)
Ұқсас вакансиялар