Ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу жөніндегі бұрғылаушының көмекшісі 3-разряд

«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
32

Қаралған саны:
418

   Конкурс туралы

 

Талаптар

Білімі (мамандығы / біліктілігі)

1. Арнаулы бағдарлама бойынша дайындықтан өткен орта арнаулы білім;

2. Ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу (ҰКАЖ) жөніндегі бұрғылаушының көмекшісі 3-разряд куәлігі.

Қызмет бағыты бойынша жұмыс тәжірибесі

Кемінде 3 жыл

Кәсіби білімдері мен дағдылары

Ұңғымаларды ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру бойынша білім мен дағдылар

Сертификаттардың болуы

Ұңғыманы ГНВП (газ-мұнай-су көрінісі) жағдайында басқару сертификаты

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді

Тілдерді білуі

Қазақ, орыс тілдері

Компьютерде жұмыс істеу дағдылары және бағдарламалық өнімдерді білуі

Талап етілмейді

Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

ҰКАЖ (ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу) көтеру қондырғыларын пайдалану және олармен жұмыс істеу бойынша озық тәжірибе;

ҰКАЖ көтеру қондырғыларының техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшеліктерін білу;

Ұңғымаларды күрделі және ағымдағы жөндеу технологиясын, ұңғымаларды жөндеу сапасын басқару негіздерін білу;

ҰКАЖ кезінде жұмыстарды орындау қағидалары мен тәртібін білу;

ҰКАЖ түрлерін орындауға арналған регламенттерді білу;

Мұнай-газ өнеркәсібіндегі еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

ҰКАЖ көтеру қондырғыларымен жұмыс істеу дағдылары;

ҰКАЖ жабдықтарымен жұмыс істеу дағдылары;

Кешенді мәселелерді шешу дағдылары;

Төтенше/сыни жағдайларда әрекет ету дағдылары;

ҰКАЖ бригадасы шеңберінде еңбек тәртібін қолдану дағдылары.

Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

Ұңғымаларды күрделі жөндеу технологиялық процесін жүргізуге қатысады;

Көтеру қондырғыларын монтаждау және демонтаждау жұмыстарына қатысады;

Ұңғымаларды күрделі жөндеуге дайындау бойынша дайындық жұмыстарын орындайды;

Сорғы-компрессорлық және бұрғылау құбырларын орнату кезінде биіктік жұмыстарын орындайды;

Жуу сорғыларының жұмыс параметрлерін бақылайды;

Машиналық және автоматты кілттерді орнатады;

Жабдықтар мен құрал-саймандарды тексеру және майлау жұмыстарына қатысады;

Таль жүйесін жарақтандыру және қайта жарақтандыру жұмыстарына қатысады;

Бұрғылау және сорғы-компрессорлық құбырларды түсіру және көтеру кезінде оларды «саусаққа» қою немесе мұнара алаңшаларына орналастыру жұмыстарын орындайды, құбырларды өлшеуге қатысады, таль жүйесінің жарамдылығын бақылайды;

Құбырлар мен штангаларды түсіру-көтеру операцияларына дайындау үшін гидравликалық бұрау және ажырату кілттерін, элеваторларды, сатыларды және алаңшаларды дайындайды;

Тығындаушы қоспалар мен химиялық реагенттерді дайындауға, ұңғымаларды қышқылдық және гидротермиялық өңдеуге, құтқару, зерттеу және перфорациялық жұмыстарға, ұңғымаларды игеруге, ұңғымаларды арқанды әдіспен жөндеуге, турбобұрлар мен забойлық қозғалтқыштарды жинау, бөлшектеу және сынауға қатысады;

Металл пластырьларды, эксплуатациялық және сынақ пакерлерін, әртүрлі құтқару және кесу құралдарын, забойлық жабдықтарды, сүзгілерді, ұңғыма сағалық арматурасын, фонтандық арматураны, қарсы атқылау жабдықтары мен өрт сөндіру құралдарын жинау, бөлшектеу және орнатуға, ұңғыма сағалық пакерлерді ауыстыруға, жоғары және төмен қысым желілерін монтаждау, демонтаждау, қосу және қысыммен тексеруге қатысады;

Ротор мен оның жетегінің жарамдылық жағдайын, жуу сұйықтықтарының, тығындаушы қоспалар мен химиялық реагенттердің параметрлерін бақылайды;

Ұңғымада штепсельдік қосқыштар болған жағдайда электр жабдықтары мен жарықтандыру құрылғыларын қосады және ажыратады;

Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтайды;

Еңбек тәртібін сақтайды;

Белгіленген еңбек нормаларын орындайды;

Еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтайды;

Жұмыс берушінің мүлкіне (соның ішінде үшінші тұлғалардың жұмыс берушіде сақталатын мүлкіне) және басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарайды;

Адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мүлкінің сақталуына қауіп төндіретін жағдай туындағаны туралы дереу жұмыс берушіге немесе тікелей басшыға хабарлайды;

Еңбекті қорғау, экология, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындайды;

Өз құзыреті шегінде тікелей басшының, цех басшылығының және серіктестік басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды;

Серіктестіктің еңбек тәртібі ережелерін сақтайды;

Бұрғылаушы жоқ болған жағдайда оны алмастырады (демалыс, ауруға байланысты және т.б.).