жол машиналары мен механизмдерін баптаушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру, өндірістік процестерді механикалан-дыру және автоматтандыру, ақаулар-дың алдын алу, ресурстардың бар-лық түрлерін үнемдеу, стандарттау, метрологиялық қамтамасыз ету, ра-ционализация мәселелері бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету бойын-ша жұмыстар жүргізеді
- ТҚК-3,4,5,6 сәйкес жол машиналарының компьютерлеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Жол жүру машиналарының компьютерлеріне бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату
- Электр жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жол машиналарының жұмыс органдары мен жабдықтарын жөндеу
- Қозғалтқыш жабдықтарына техника-лық қызмет көрсету және жөндеу
- Станоктардың агрегаттары мен тораптарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Жол машиналарының жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Жарықтандыру және сигнализация жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу
- Анықталған ақаулар туралы журналдарды, актілерді толтыру
- Жол машиналарына шыққан кезде жүргізушілермен бірлесіп ақау актілерін жасайды
Біліктілік талаптары:
- Білімі: Арнайы (техникалық және кәсіптік) немесе орта және белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
- Мамандығы: Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану; Темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талаптар қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру