«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Қарағанды 1 сынып теміржол станциясының (жедел жұмыс бойынша) бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Поездар қозғалысына байланысты жұмыскерлерге еңбекті қорғау бойынша нысаналы нұсқама жүргізеді, кейіннен нысаналы нұсқама журналында жұмысқа жіберуді қол қойғыза отырып тіркейді
- Поездар қозғалысына байланысты жұмыскерлерге қозғалыс қауіпсіздігі бойынша Нұсқаулықты жүргізеді, кейіннен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі нұсқама журналында жұмысқа рұқсатты қол қойғыза отырып тіркейді
- Станция жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерінің орындалуын, негізгі көрсеткіштердің (KPI) орындалуын қамтамасыз етеді
- АСОП-қа ақпараттық хабарламалардың уақтылы, сенімді және сапалы дайындалуын және берілуін бақылауды жүзеге асырады
- Цех жұмыскерлерінің поездарды қабылдау және жөнелту, құрамдарды тарату, қалыптастыру, вагондарды тиеу және түсіру үшін кірме жолдарға беру және жинау жөніндегі тапсырмаларды орындауын, вагондардың технологиялық нормативтері мен тоқтап қалу нормаларын, жолаушылар және жүк поездарының қозғалыс кестесін, поездарды қалыптастыру жоспарын, жылжымалы құрамды жөндеу және орналастыру жөніндегі тапсырмаларды орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- ТМД мен Балтық жағалауына қатысушы мемлекеттерге тиесілі вагондардың станциялық жолдарында тұрып қалуын бақылауды, оларды станциядан уақтылы жөнелтуге шаралар қабылдауды жүзеге асырады
- Технологиялық тәртіпті нығайту, поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін, қозғалыс цехында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысты жүзеге асырады
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымдарында кемінде 2 жыл немесе станциялық/маневрлік диспетчер, 1-2 сынып, сыныптан тыс станцияларында кезекші лауазымдарында кемінде 3 жыл
- Жұмыс орны: Қарағанды станциясы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр