5МВт ЖЭС кезекші инженері

«Samruk-Green Energy» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
114

   Конкурс туралы

5 МВт Жел электр станциясының (ЖЭС) Кезекші инженерінің функционалдық міндеттері:

 

ЖЭС жабдықтарының жай-күйіне жүйелі бақылауды жүзеге асырады, ауысымына кемінде үш рет айналып өту мен тексеруді жүргізеді, жедел журналға жазбалар енгізеді.

Персоналға қауіп төндірмейтін жабдық ақаулары анықталған жағдайда, оларды ЖЭС станциясы бастығының нұсқауы бойынша жояды.

ЖЭҚ (жел электр қондырғысы) негізгі компоненттерінің: генераторлардың, трансформаторлардың, тежегіш жүйелерінің, автоматтардың, басқару жүйелерінің жұмысын бақылайды.

SCADA-жүйелерінің және өзге де автоматтандырылған мониторинг пен басқару құралдарының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді.

Станция бастығының және/немесе Шелек АЭЖ (аудандық электр желілері) диспетчерінің өкімі бойынша жалпыжелілік және ішкі ережелерге сәйкес жедел қайта қосуларды орындайды.

Жөндеу жұмыстары үшін жұмыс орындарын дайындайды, жұмысқа жіберу құжаттарын рәсімдейді, бригадаларды алып жүреді.

Жұмыс кестесі мен жоспарына сәйкес электр жабдықтарын жоспарлы-алдын алу жөндеуден (ЖАЖ) өткізуге қатысады немесе осы мақсаттар үшін мердігер ұйымдар тартылған жағдайда, олардың жұмыстарды орындау сапасын бақылайды.

Өз құзыреті шегінде электр техникалық аппаратураға ұсақ-түйек жөндеу жүргізеді.

Жабдықтарды пайдалану шарттарын бақылайды, мерзімінен бұрын тозу себептерін анықтайды, ақаулардың алдын алу шараларын қолданады.

Электр жабдықтарының жұмысына, жұмыс режимдері мен параметрлерінің сақталуына техникалық және пайдаланушылық бақылауды жүзеге асырады.

Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтар мен техникалық қызмет көрсету регламенттеріне сәйкес жабдықтың тиісті күйде болуын қамтамасыз етеді.

Есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін алады, өндірістік көрсеткіштер мен энергия өндіру бойынша есептілікті қалыптастырады.

Энергия өндіру бойынша деректерді береді және диспетчерлендіру, қайта қосу және станцияның жұмыс режимі мәселелері бойынша KEGOC, АЖК (Алатау Жарық Компаниясы), БРЭ (Өңірлік электрлік желілер) және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

Диспетчерлік кестенің орындалуын және жүйелік оператор талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.

Жұмыс ауысымының басында және аяғында белгіленген нысан мен тәртіп бойынша басшылыққа өзінің физикалық жай-күйі, технологиялық жабдықтың күйі, іркілістер мен ажыратулар туралы мәліметтерді баяндайды.

Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, электр қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария ережелерін сақтайды.

Жұмыс берушіден алған жеке және ұжымдық қорғану құралдарын, жұмыстарды қауіпсіз орындауға арналған құрылғылар мен тетіктерді тікелей тағайындалуы бойынша қолданады.

ЭҚОЕ (Электр қондырғыларын орнату ережелері), ЭТТПАЕ (Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану ережелері), электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың және Серіктестіктің ішкі стандарттарының талаптарын сақтайды.

Басшылықтың келісімінсіз станция аумағында бөгде тұлғалардың болуына жол бермейді.

Авариялық және штаттан тыс жағдайларға әрекет етеді, оларды жою бойынша алғашқы кезектегі шараларды қабылдайды және басшылықты хабардар етеді.

Жабдықтарды қабылдауға, маусымдық тексерулерге, күзгі-қысқы кезеңге дайындық жұмыстарына қатысады.

Тәулік бойы кезекшілікті және жедел әрекет етуді қамтамасыз ете отырып, түнгі, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, ауысым ұзақтығы 12 сағаттық ауысымдық режимде жұмыс істейді.

Тапсырмаларды орындау алдында, соның ішінде қайта қосу, биікке көтерілу, жөндеу жұмыстары кезінде жұмыс қауіпсіздігін алдын ала талдауды (ЖҚАТ) жүргізеді.

Жабдыққа қызмет көрсету кезінде мердігер ұйымдармен, сервистік құрылымдармен және дайындаушы зауыттың өкілдерімен өзара іс-қимыл жасайды; мердігер ұйымдар өкілдерінің еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ҚР заңнамасы талаптары мен Серіктестік стандарттарын сақтауын бақылайды.

Серіктестікте белгіленген құпиялылық режимін және ішкі тәртіпті сақтайды.

6.2 ЖЭС Кезекші инженері білуі және істей алуы тиіс:

Еңбекті қорғау, электр қауіпсіздігі және электр қондырғыларын пайдалану жөніндегі заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерді;

Серіктестіктің ішкі регламенттерін және қолданылатын жабдықтарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды;

Станцияның және электрмен жабдықтау жүйелерінің негізгі және қосымша жабдықтарының орналасуын және техникалық сипаттамаларын;

Электрлік схемаларды оқуды, жабдықты қосу/ажырату логикасын және автоматтандыру жүйелерінің жұмыс істеу принциптерін түсінуді;

Диспетчерлендіру ережелерін, жедел құжаттаманы жүргізу және штаттан тыс жағдайларда іс-қимыл жасау тәртібін.

 

 

Талаптар:

ЖЭС Кезекші инженері лауазымына орта техникалық және (немесе) жоғары энергетикалық немесе техникалық білімі, сондай-ақ кемінде 1 жыл жұмыс өтілі бар тұлға тағайындалады.

 ЖЭС Кезекші инженері келесі талаптарға сай болуы тиіс:

Лауазымдық міндеттерін орындауға медициналық қарсы көрсетілімдердің болмауы;

Кернеуі 1000 В-тан жоғары электр қондырғыларында жұмыс істеу үшін электр қауіпсіздігі бойынша кемінде III рұқсат тобының болуы;

Орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеруі.

Қосымша талаптар:

Дербес компьютерді сенімді пайдалану, офистік бағдарламаларды және мамандандырылған бағдарламалық жасақтаманы (мысалы, SCADA-жүйелерін және диспетчерлік мониторинг жүйелерін) білу;

Техникалық құжаттама негіздерін (пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды, регламенттерді, электрлік схемаларды және т.б.) білу;

Жауапкершілік, тәртіптілік, командада жұмыс істей білу және өз құзыреті шегінде шешім қабылдай алу.

 

Шарттары:

  • Ресми жұмысқа орналастыру.
  • Толық жұмыс күні (ескертпе: Қызметкерге жұмыс уақытының жиынтық есебімен бекітілген ауысым графигіне сәйкес ауысымдық жұмыс режимі белгіленеді).
  • Медициналық сақтандыру.
  • Еңбекақы мөлшері әңгімелесу нәтижелері бойынша анықталады.

 

Станцияның мекенжайы / жұмыс орны: 5 МВт ЖЭС келесі мекенжайда орналасқан: Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Масақ ауылдық округі, Нұрлы ауылы.

Ескертпе: Жұмысқа қабылдау кезінде Серіктестік станцияда тұрғын үймен қамтамасыз етпейді. Компанияға жұмысқа орналасатын үміткерлер жұмыс орны бойынша тұруға және орналасуға байланысты мәселелерді өз бетінше шешеді.

Қажетті қабілеттер

  • - Выполнение работы в соответствии с требованиями и инструкциями.