"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Ақсу электрмен жабдықтау ауданның тарату жүйелерін пайдалану бойынша электромонтері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Жұмсалған электр энергиясы үшін шоттарға уақытылы ақы төлеуді бақылау.
- Жұмсалған электр энергиясы үшін мерзімінде ақы төлемегені үшін абоненттерге электр энергиясын беруді тоқтату және шоттарға ақы төлеу кезінде электр энергиясын босатуды қалпына келтіру.
- Электр энергиясын ұрлау, есепке алмау және шартсыз пайдалану оқиғаларын анықтау, акт жасау және оны басшылыққа уақытылы ұсыну.
- Іске асыру кезеңінде электр есептегіштердің көрсеткіштерін алу.
- Объектілерді тексеруді тіркеу журналын жүргізу (барлық журналдар нөмірленуі, тігілуі, бастықтың мөрімен және қолымен куәландырылуы тиіс).
- Ағымдағы айдың 25-күніне дейін "Павлодарэнергосбыт" ЖШС үшін жеке тұлғалар бойынша электр есептегіштер көрсеткіштерінің тізілімін жасау.
- Тұтынылған электр энергиясы бойынша берешегі бар тұтынушыларды (жеке тұлғаларды) электр энергиясынан ажыратуға «Павлодарэнергосбыт» ЖШС өтінімдерін орындау.
- Тұтынылған электр энергиясы бойынша берешекті төлеген тұтынушыларды (жеке тұлғаларды) электр энергиясына қосуға «Павлодарэнергосбыт» ЖШС өтінімдерін орындау
Біліктілік талаптары:
- білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Саладағы мамандығы: Темір жол электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу, Автоматтандыру және басқару, Электр стансаны, қосалқы стансаны және жүйелерді электрмен жабдықтау, Көлікте қозғалысты басқару және тасымалдауды ұйымдастыру (темір жол көлігі)
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап етілмейді
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру