«KTZ Express» АҚ Логистика және тарифтер департаментінің кешенді қызметтер және тарифтік әдіснама тобының менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қызмет көрсетушілерден барынша бәсекеге қабілетті тарифтік шарттар мен жүк жеткізу тәсілдерін қамтамасыз ету мақсатында тарифтік мөлшерлемелерді ұсыну бойынша өзара іс-қимылды ұйымдастырады;
- CI CRM жүйесінде және сату блогының сұраныстары бойынша тасымалдау құнының өзіндік құнына есептеулер жүргізеді;
- Қызмет көрсетушілер бойынша шығындарды оңтайландыру арқылы контейнерлік/мультимодальды тасымалдардың өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді;
- Көліктік шешімдердің жаңа/баламалы маршруттарын және жүкті жеткізу тәсілдерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- Қазақстан аумағында және шет мемлекеттердің аумақтарында барынша бәсекеге қабілетті тарифтік шарттармен жаңа қызмет көрсетушілерді тарту, сондай-ақ қолданыстағы қызмет көрсетушілердің адалдығын сақтау және арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
- Жасалатын және жасалған шарттарды кейіннен төлеу (посттөлем) талаптарына ауыстыру бойынша қызмет көрсетушілермен жұмыс жүргізеді (арнайы тасымалдарға қатысты шарттарды және табиғи монополия субъектілерімен жасалған шарттарды қоспағанда);
- Шетелдік және қазақстандық қызмет көрсетушілермен шарттар жасасу бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуін қамтамасыз етеді (ақпарат жинау, іскерлік байланыстар орнату, шарттар жасасуға арналған материалдарды дайындау, бірлескен жұмыс жоспарларын әзірлеу);
- Көлік-логистикалық қызметтерді көрсету бойынша қызмет көрсетушілермен баға хаттамаларын келісуді және қол қоюды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Логистика; Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану; Менеджмент; Маркетинг; Халықаралық қатынастар; Құқықтану; Халықаралық құқық; Автоматтандыру және басқару және/немесе теміржол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қосымша талаптар:
Білуі тиіс:
- Rail-Тариф;
- CI CRM;
- ИРС-Тасымалдар;
- Power BI.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар