Орталық қойманың 4-разрядты операторы
«Қызылқұм» ЖШС Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Лауазымдық жауапкершілік:
Орталық қойма операторы қоймалардағы тауарлық-материалдық құндылықтарды (ТМҚ) қабылдау, сақтау және босату жұмыстарын ұйымдастырады. ТМҚ-ны қойма алаңдарын барынша ұтымды пайдалану, іздеуді және босатуды жеңілдету мен жеделдету, сондай-ақ олардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында орналастырады. Қоймада сақталатын ТМҚ-ның сақталуын қамтамасыз етеді. Сақтау режимдерінің сақталуын және қоймалық операциялардың есебін жүргізуді қамтамасыз етеді. Кіріс-шығыс құжаттарын рәсімдеу және тапсыру қағидаларының сақталуын, белгіленген есептіліктің жасалуын қамтамасыз етеді. Өртке қарсы құралдардың болуы мен жарамдылығын, үй-жайлардың, жабдықтар мен мүкәммалдың жай-күйін бақылайды және олардың уақтылы жөнделуін қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, қоймада ТМҚ қабылдау, босату және тиеу-түсіру жұмыстарын ұйымдастырады. Қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, ТМҚ тасымалдау және сақтау шығындарын қысқарту, сондай-ақ қойма шаруашылығын ұйымдастыруға заманауи есептеу техникасы мен байланыс құралдарын енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады. ТМҚ түгендеу жұмыстарын жүргізуге қатысады. Қойма аумағында темекі шегуге жол бермейді, қойманың уақытылы тазалануын қадағалайды. «Харасан-1» кенішінің орталық қойма қызметінің жұмысына жалпы басшылықты жүзеге асырады.Білім:
Арнаулы орта (кәсіптік) білімДағдылар:
«Қызылқұм» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар, өндірісте қолданылатын нормалар, ГОСТ стандарттары, техникалық шарттар, әдістемелік және басқа да басшылық материалдар. «Қызылқұм» ЖШС-нің сапа, экология және еңбекті қорғау мен кәсіби қауіпсіздік саласындағы саясаты мен мақсаттары. Менеджмент жүйесінің құжатталған рәсімдері. Өндірісте қолданылатын нормалар, ГОСТ стандарттары, техникалық шарттар, сондай-ақ жоғары тұрған органдардың қағидалары, қаулылары, нұсқаулықтары мен өкімдері, өндірісті жедел басқару, технологиялық құжаттаманы рәсімдеу тәртібі, өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыру негіздері. Үнемді өндірістің (Lean Manufacturing) негізгі қағидаттары: бір бұйым ағыны (One-Piece Flow), Канбан (Kanban), жабдыққа жалпы күтім жасау жүйесі (TPM – Total Productive Maintenance). 5S жүйесі, жедел қайта баптау (SMED), Кайдзен (Kaizen), Пoка-ёкэ (Poka-Yoke – «қателіктерден қорғау») және Бака-ёкэ (Baka-Yoke – «аңғал әрекеттерден қорғау») қателіктердің алдын алуҚосымша:
.Білетін тілдер:
Қазақ тілі,Орыс тіліҰқсас вакансиялар
ҰЖҚ машинисті
«Инкай» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.07.2026 | 114
Геология және әзірлеу департаментінің бас жобалау менеджері (әзірлеуші) (аутстафф секторы)
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.06.2026 | 3468
Геология және әзірлеу департаментінің бас жобалау менеджері (геолог) (аутстафф секторы)
«QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
22.06.2026 | 3814