«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Никельтау жол дистанциясы бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттері:
- Рельстік тізбектердің жай-күйіне, жолдың жоғарғы құрылымы материалдарын жол учаскелері (айналымдары) арасында жөнелту мен бөлуді ұйымдастыруға және бақылауға басшылық жасау, пайдаланудан шыққан жолдың жоғарғы құрылымы материалдарын жинауды ұйымдастыру, рельстердің километрлік қорын толықтыруды бақылау;
- Жолды (табиғи, ай сайынғы, көктемгі және күзгі тексерулер), инженерлік құрылыстарды, қызметтік-техникалық ғимараттарды, жер төсемін, жол құрылғыларын, рельстердің километрлік қорын және жолдың жоғарғы құрылымы материалдарын тексеруді ұйымдастыру және жүргізу;
- Учаске бастықтарының, жол шеберлерінің және жол бригадирлерінің ПУ-28, ПУ-29, ПУ-30 журналдарының жүргізілуін тексеру;
- Жол жұмыстарын жүргізуге жауапты басшылардың жолды ағымдағы күтіп ұстау жұмыстарының технологиясын сақтауын, жол аралықтарында және теміржол станцияларында жол жұмыстарын жүргізу кезінде пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының орындалуын тексеру, сондай-ақ жолдың қисық телімдерін белгіленген талаптарға сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру;
- Жылжымалы диагностикалық кешен мен жол өлшеу вагонын жол дистанциясының барлық шекарасы бойынша алып жүруді ұйымдастыру;
- Анықталған ауытқуларды жою жұмыстарын ұйымдастыру, оларды жою сапасын тексеру және белгіленген регламент талаптарының сақталуын бақылау;
- Пойыздар қозғалысы қауіпсіздігінің бұзылуы және техникалық құралдардың жұмысына қатысты оқиғаларды тергеп-тексеруге қатысу және оларды жүргізу;
- Қармен күрес жұмыстарын, сондай-ақ су тасқыны және нөсер суларын қауіпсіз өткізу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
- Қолданыстағы қағидаларға сәйкес станциялық жолдар мен бағыттамалық бұрмаларды комиссиялық тексеруден өткізу;
- Филиал қызметкерлерінің пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша лауазымдық міндеттерін орындауын кенеттен және жоспардан тыс (оның ішінде түнгі уақытта) тексерулер жүргізу;
- Дефектоскопиялық бақылау құралдарымен анықталған ақауларды жою жұмыстарын ұйымдастыру, жол диагностикасына қойылатын талаптардың орындалуын және рельстер мен дәнекерленген түйіспелердің жай-күйін тексеру мерзімділігінің сақталуын бақылау;
- Белгі беру және байланыс дистанциясы, электрмен жабдықтау учаскесі, жергілікті атқарушы органдар және жол полициясы өкілдерінің қатысуымен теміржол өткелдерін комиссиялық тексеруден өткізу, теміржол өткелдерінен өту қағидаларын бұзудың, жолға бөгде заттарды қоюдың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу, оларды іске асыру және орындалуын бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Құрылыс (Теміржол құрылысы, теміржол жолы және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтергіш-көлік, құрылыс және жол машиналары мен жабдықтары).
- Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда жұмыс бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр