«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Алматы» филиалының Ақтоғай станциясы агенттік пунктінің бастығы

552 225 - 600 780
НОД-7 (Алматинское отделение ГП) Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
23

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Агенттік пунктінің жүк цехының барлық бөлімшелерінің жұмысына басшылық жасайды;
  • Жүк цехында поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай-күйі мәселелерін қарайды және агенттік пункт шекарасында жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігі бұзушылықтарының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
  • Басқа ТЖ жүк операцияларында вагондардың пайдаланылуын бақылауды және тексеруді қамтамасыз етеді (оның ішінде жалға берілген: мамандану, РСВ, тұрып қалу және т.б.);
  • Вагон паркін сақтау, жүктердің массасын өлшеу құралдарын ұстау мәселелерін қарайды, агенттік пункт шекарасындағы кірме жолдарды тексеруге қатысады;
  • Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету және жүктерді жеткізу мерзімдерін орындау бойынша жұмысты бақылайды.

Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, Теміржол көлігіндегі көліктік логистика;
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 3 жыл бюро меңгерушісі (жүк және багажды іздестіру бойынша), кеңсе (тауар) бастығы, жүк ауданының бастығы лауазымдарында.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр