Міндеттері
1) пошта келуін растайды, жазбаша корреспонденциямен сөмкелерді ашуды жүзеге асырады, жеке тізіммен тексереді, ППИ пакеттерін алады;
2) ППИ-ді бақылау-анықтама кестесі бойынша тексереді. Газет жетіспеген жағдайда бақылаушы тұлғаға хабарлайды;
3) корреспонденцияның тағайындалуы бойынша келуінің дұрыстығын тексереді (жолдама тексеру). Жолдама болған жағдайда ф.30 нысанындағы хабарламаны рәсімдеп, жолдаманы тағайындалған жерге жібереді;
4) жүйеде әрбір тапсырысты корреспонденцияны салыстырады;
5) тапсырысты корреспонденцияны және ППИ-ді пошташының жеткізу учаскелері бойынша сұрыптайды (бар болса, абонементтік жәшіктер бойынша); 6) пошташының жұмысқа келуін бақылауды жүзеге асырады;
7) пошташылардың жеткізу тізімдерін уақытында жасауларын бақылауды жүзеге асырады;
8) жеткізілмеген корреспонденция мен ППИ-дің қалдықтарын тексереді; 9) пошташылардың жеткізуге шығуын бақылауды жүзеге асырады; 10) пошташылардан жеткізуді аяқтағаннан кейін есеп қабылдайды және жеткізу тізімдерінің уақытында жабылуын бақылауды жүзеге асырады;
Талаптар: Жоғары, орта-арнайы БҰҰ Азаматтық Кодексі, ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, Почта туралы заң, Акционерлік қоғамдар туралы заң, Физикалық және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заң. Іскерлік этика кодексі. «Қазпошта» АҚ-ның пошта-қаржылық қызметтерін реттейтін ішкі нормативтік-құқықтық актілері. Нұсқаулықтар мен пошта ережелері. ППИ-ді қабылдау, өңдеу, тарату бойынша нормативтік әдістемелік материалдар және т.б. Персоналды компьютерде және қажетті бағдарламаларда (MS Office: Word, Excel, Power Point, Outlook, Интернет браузерлері: MS Internet Explorer, Adobe, Acrobat reader, WinRAR, Google, Сolvir, WF) жұмыс істеу негіздері.
Жағдайлар: 6 күндік жұмыс аптасы, 09:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.