Лауазымдық жауапкершілік:
1) БК, ЖҚ тарапынан корпоративтік шешімдерді уақтылы және сапалы қабылдауға жәрдемдесу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау.
2) "Қазатомөнеркәсіп "ҰАК" АҚ Корпоративтік басқару кодексінің (бұдан әрі - КБК) ережелерін қолдану мәселелері бойынша ҰК мүшелері үшін кеңесші рөлін орындау.
3) корпоративтік басқару саласындағы озық халықаралық практиканың мониторингі және Серіктестікте корпоративтік басқару практикасын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу.
4) БК жұмыс жоспарын әзірлеу және алдағы кезең басталғанға дейін оларды бекітуді қамтамасыз ету.
5) БК отырыстарын өткізу кестесін әзірлеу.
6) қойылатын талаптарға және материалдарды дайындау рәсімдерін сақтауға сәйкес БК отырыстарының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды дайындауды және жинауды ұйымдастыру.
7) БК отырыстарының күн тәртібіне енгізілген мәселелер бойынша ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру.
8) мәселелердің маңыздылығын және олар бойынша шешімдер қабылдаудың басымдығын ескере отырып, БК отырыстарының күн тәртібін қалыптастыру.
9) БК қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдарды тарату.
10) БК қарауына жіберілген мәселелер бойынша Жалғыз қатысушының корпоративтік басқару қызметімен өзара іс-қимыл жасасу.
11) Серіктестіктің БК -на, олардың мүшелеріне және отырысқа шақырылған тұлғаларға Серіктестіктің Жарғысында белгіленген мерзімде БК отырыстарын өткізу туралы хабарламаларды, отырыстың күн тәртібін және барлық қажетті материалдарды уақтылы жіберу.
12) мәжiлiстердi өткiзу және БК шешiмдерiн қабылдау рәсiмдерiнiң тиiсiнше сақталуын қамтамасыз ету.
13) БК отырысының күн тәртібіне олар бойынша материалдар Серіктестіктің Жарғысына сәйкес БК отырысының күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды дайындау мерзімдерін, тәртібін бұза отырып ұсынылған мәселелерді енгізбеу жөнінде шаралар қолдануға міндетті. Мерзімдері бұзылған мәселелер күн тәртібіне енгізілген жағдайда, БК төрағасына осы қажеттіліктің толық негіздемесі ұсынылады.
14) БК мүшелерінің БК құзыреті шеңберінде мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін қажетті өзекті және уақтылы ақпаратты алуын қамтамасыз ету.
15) БК мүшелерінің сырттай дауыс беруі үшін бюллетеньдер дайындау, БК отырыстарының күн тәртібіндегі мәселелер бойынша дауыс беру қорытындыларын шығару.
16) талқылаулар мен қабылданған шешімдердің қорытындыларын толық көлемде көрсете отырып, БК отырыстарын хаттамалау. БК хаттамаларында Атқарушы органға бұрын берілген тапсырмаларды орындау бойынша шолу да қамтылуға тиіс. Сырттай отырыс болған жағдайда, сондай-ақ осы ақпаратты БК отырысының күн тәртібінің әрбір мәселесіне түсіндірме жазбада, бюллетеньдерде Атқарушы органға тапсырмалар көрсетіле отырып (қажет болған жағдайда) көрсету қажет.
17) отырыстар шешімдерінің түпнұсқалары мен көшірмелерін, БК хаттамалары мен шешімдерінен үзінділерді олардың мүшелеріне және Атқарушы органға жіберу.
18) БК комитеттерінің қызметін ұйымдастырушылық сүйемелдеу (олар болған кезде), оның ішінде: материалдарды дайындауды қамтамасыз ету және отырыстарды өткізуді ұйымдастыру, комитеттердің мүшелерін және шақырылған адамдарды отырыстарды шақыру туралы хабардар ету, отырыстардың күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдарды комитеттердің мүшелеріне жіберу, ұсынымдарды сақтау, БК хаттамаларын, сондай-ақ БК және оның 4 комитеттерінің атына келіп түсетін барлық хат-хабарларды есепке алу және сақтау, келіп түсетін сұрау салуларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етуге қатысу.
19) БК мекенжайына келіп түсетін барлық хат-хабарларды есепке алу және сақтау.
20) БК хаттамалары мен стенограммаларын жүргізу және сақтау.
21) БК Төрағасының және мүшелерінің, БК жұмысы мәселелері бойынша Атқарушы органның атына келіп түсетін сұрау салуларға жауаптар дайындауды қамтамасыз етуге қатысу.
22) бірінші рет сайланған БК мүшелерін Серіктестіктің лауазымға енгізу рәсімін реттейтін ішкі құжаттарына сәйкес Серіктестіктің қызметімен таныстыру, оның ішінде Серіктестіктегі қызметтің қолданыстағы ережелерін және БК мүшелерінің өз міндеттерін тиісінше орындауы үшін қажетті өзге де ақпаратты түсіндіру.
23) БК мүшелері, Жалғыз қатысушы және Атқарушы орган арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
24) Жалғыз қатысушының сұрау салулары бойынша ақпаратты уақтылы ұсынуды қоса алғанда, Серіктестіктің онымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.
25) Атқарушы органның және оның құрылымдық бөлімшелерінің анықталған Қазақстан Республикасының заңнамасын және Серіктестіктің корпоративтік басқару саласындағы ішкі құжаттарын бұзушылықтары туралы БК Төрағасын және мүшелерін хабардар ету.
26) әлеуетті және нақты корпоративтік қақтығыстар және Серіктестіктің тиісті органдары мүдделерінің қақтығыстары туралы хабардар ету және оларды шешуге қатысу.
27) Серіктестікке корпоративтік басқару мәселелері бойынша консультация беру.
28) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Серіктестіктің Жарғысында және ішкі құжаттарында белгіленген Серіктестік туралы ақпаратты сақтау және ұсыну тәртібіне қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
29) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Серіктестіктің Жарғысында және ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен Серіктестіктің БК үшін ақпаратты уақтылы ашуын бақылау.
30) міндеттерін атқаруына байланысты Корпоративтік хатшыда бар құжаттарды Серіктестіктің мұрағатына уақтылы беруді ұйымдастыру.
31) орта мерзімді бағдарламаларды диагностикалау немесе талдау барысында анықталған Серіктестіктің корпоративтік басқаруындағы барлық кемшіліктерді жоюды қамтамасыз ету.
32) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Серіктестіктің Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес, оның ішінде БК дайындау және өткізу тәртібін реттейтін басқа да функцияларды жүзеге асырады.Білім:
Жоғары заңгерлік, экономикалық білім немесе әкімшілік басқару саласында.Дағдылар:
Корпоративтік басқару және корпоративтік құқық саласындағы практикалық білім. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғысымен.
Өз қызметiнiң шеңберiнде СК мәжiлiстерiн дайындау мен өткiзудi бақылайтын Серiктестiк органдарының жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, СК мәжiлiсiнiң күн тәртiбiнiң мәселелерi бойынша материалдарды қалыптастыруды қамтамасыз етедi, оларға қол жеткiзудiң қамтамасыз етiлуiн бақылауды жүргiзедi.
Іскерлік хат алмасу және талдау материалдарын дайындау дағдылары. Алқалы органның отырысын дайындау және өткізу тәртібін білу.Қосымша:
Бақылау кеңесімен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі. Корпоративтік басқарудағы жұмыс тәжірибесі. Корпоративтік басқару және корпоративтік құқық саласындағы практикалық білім. Отырыстарды, хаттамаларды, шешімдерді және корпоративтік жауапкершілікті дайындау тәжірибесі.Білетін тілдер:
Қазақ, орыс, ағылшын