«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қауіпсіздік, еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметі бөлімінің жетекші инженері (экологы)

Жалақы көрсетілмеген
Актобинское отделение магистральной сети Орал қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
31

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын орындауын, еңбеті қорғау құралдарын, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдануын, аспаптарды, машиналарды, механизмдерді, электр қорғаныс және сақтандырғыш құралдарды сынау мерзімдерін сақтауын, жұмыс істеушілердің арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілуін, жұмыс істеушілердің арнайы сабынме қамтамасыз етілуін бақылауды жүзеге асыру;  
  • Жазатайым оқиғалар кезінде зақымданушылардың  есебін, өндірістік зақым алу себептеріне талдау жүргізу, зақымданушылар туралы, еңбекті қорғауға құралдарды игеру туралы есептемелер құру, еңбекті қорғау жағдайына талдау жүргізу, еңбек жағдайларын жақсарту бойынша іс-шаралар жоспарын және еңбекті қорғау бойынша келісімді орындау; 
  • Жеке шаруашылықтарда еңбекті қорғау жағдайынәкімшілік тексерулерге қатысу; 
  • Жұмыс істеушілерді жұмыстың қауіпсіз тәсілдеріне уақытылы және сапалы оқытуды, нұсқамалар жүргізуді бақылау және жұммысшылардың білімдерін тексеру, нұсқамаларды тіркеу журналының, еңбекті қорғау бойынша техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылау және т.б.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (Теміржол көлігі); Электр техникасы (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Теміржол құрылысы, Теміржол жолы және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бағыты бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр