ТД-3 Шұбарқұдық щұғыл - техникалық есеп орталығының тасымал құжаттарын өңдеу операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Машинист маршруттарын АРМ ТЧУ ЭММ бағдарламасына уақтылы енгізу.
- Машинист маршруттарындағы деректердің «ҚТЖ» ҰК» АҚ Бас есептеу орталығының ақпараттық жүйесіне локомотив бюджеті уақытына сәйкес дұрыс әрі толық енгізілуін қамтамасыз ету, оның ішінде локомотивтердің жоспарлы және жоспардан тыс жөндеу түрлеріне қойылуын есепке алу.
- АСУ ЭДТ ЭММ жүйесіндегі дизель отыны мен дизель майы бойынша есептік деректердің рұқсат етілген ауытқуларын бақылау, машинисттердің электрондық маршруттарындағы мәліметтерді отын қоймаларының тәуліктік ведомостарындағы деректермен салыстыру (рұқсат етілген мәндерден асқан жағдайда анықтау үшін Жылу-техникалық бөлімге жолдау).
- Машинисттердің электрондық маршруттарын АСУ ЭДТ ЭММ бағдарламасында өңдеу.
- Локомотивтердің негізгі және айналым деполарындағы бос тұру уақытын қозғалыс түрлері мен тарту түрлері бойынша есепке алу және тіркеу.
- Тіркелген парк локомотивтерінің жүрісін жоспарлы жөндеу түрлеріне уақытылы қою мақсатында есепке алу.
Біліктілік талаптары:
Біліктілік талаптарының сипаттамасы
- Білімі: техникалық және кәсіптік немесе орта білім.
- Мамандығы: «Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша)», «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару».
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
- Техникалық және кәсіптік білім беру