Лауазымдық жауапкершілік:
• еңбек заңнамасына, ұйым басшысының ережелеріне және бұйрықтарына, сондай-ақ персонал бойынша басқа да белгіленген құжаттамаға сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды ресімдейді;
• Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастырады және жүргізеді, оларға еңбек қызметіне байланысты өзгерістер енгізеді;
• біліктілік, аттестаттау, конкурстық комиссиялар мен қызметкерлерді ынталандыру мен марапаттау үшін қажетті материалдарды дайындайды;
• ұйымның кадрлық деректер банкіне қызметкерлердің сандық, сапалық құрамы және олардың қозғалысы туралы ақпаратты енгізеді, оның уақтылы жаңартылуын және толықтырылуын бақылайды;
• қызметкерлердің ұйымдағы нақты жұмыс уақытының кестесін жүргізеді, олардың жұмысқа уақытылы келуін және жұмыстан шығуын, жұмыс орнында тұруын қадағалайды;
• қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын, науқастарды күту туралы анықтамаларды және олардың жұмыста болмауы құқығын растайтын басқа да құжаттарды уақтылы тапсыруын бақылайды;
• қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін еңбек шарттарына келісімдер дайындайды.
• тиiстi себептермен жұмыстан босатылған немесе кәсiпорыннан кеткен қызметкерлердiң жеке iстерiн дайындайды; және кадрлық іс жүргізу құжаттары ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін мұрағатқа сақтауға жібереді
Білім:
Жоғары, орта арнаулыДағдылар:
• персоналды есепке алу мен қозғалысы бойынша құжаттаманы жүргізу бойынша заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер және әдістемелік материалдар;
• ұйым қызметкерлерінің еңбек кітапшалары мен жеке істерін есепке алу, жүргізу және сақтау тәртібі;
• персонал қозғалысын есепке алу және белгіленген есептілікті жасау тәртібі;
• ұйым персоналы туралы деректер банкін жүргізу тәртібі;
• іс жүргізу негіздері;
• коммуникативті дағдылар;Қосымша:
қажет емес Білетін тілдер:
қазақ, орыс