Рұқсат беру құжаттамасы жөніндегі жетекші менеджер
«QazaqGaz Processing » ЖШС Мақат к.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Негізгі міндеттері
- Газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу жобасын іске асыру үшін қажетті рұқсат беру құжаттарын алу процесін ұйымдастыру және сүйемелдеу.
- Рұқсат беру құжаттарының тізілімін қалыптастыру және жүргізу, оларды алу мерзімдері мен өзектілігін бақылау.
- Рұқсаттар, келісімдер, техникалық шарттар алу, мемлекеттік сараптамадан өту және құрылысқа рұқсат алу үшін қажетті құжаттарды дайындауды үйлестіру.
- Рұқсат беру құжаттарын алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, жобалау ұйымдарымен, мердігерлермен және консультанттармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
- Мемлекеттік органдарға ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен сапасын бақылау.
- Құрылыс, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік және жер қатынастары салаларындағы рұқсат беру рәсімдерін реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасындағы өзгерістерге мониторинг жүргізу.
- Рұқсат беру құжаттарын алу процесіне байланысты тәуекелдерді айқындау және оларды азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу.
- Рұқсат беру құжаттарын алу барысы бойынша есептер мен ақпараттық материалдарды дайындау.
Біліктілік талаптары
Білімі
- Жоғары білім (құрылыс, сәулет, мұнай-газ ісі, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, мемлекеттік басқару, құқықтану немесе өзге де бейінді мамандық).
Жұмыс тәжірибесі
- Құрылыс немесе өнеркәсіптік жобаларды іске асыру кезінде рұқсат беру құжаттарын сүйемелдеу саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі.
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі.
- Мұнай-газ, энергетика немесе өнеркәсіп объектілерін салу жобаларын сүйемелдеу тәжірибесі артықшылық болып табылады.
Кәсіби білім
Үміткер келесі салалар бойынша білімге ие болуы тиіс:
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы;
- экологиялық, жер заңнамасы және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама;
- рұқсат беру құжаттарын алу және мемлекеттік сараптамадан өту тәртібі;
- ірі инвестициялық-құрылыс жобаларын іске асыру рәсімдері.
Кәсіби дағдылар
- Рұқсат беру құжаттарын алу процесін ұйымдастыру.
- Мемлекеттік органдармен және жобаға қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау.
- Рұқсат беру рәсімдерінің орындалу мерзімдерін жоспарлау және бақылау.
- Нормативтік және жобалық құжаттаманы талдау.
- Есептер мен іскерлік хат-хабарларды дайындау.
Бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі
- Microsoft Office (Word, Excel, PowerPoint).
- Электрондық құжат айналымы жүйелері (EDMS).
- SAP S/4HANA (қалаулы).
Тілдерді білуі
- Қазақ тілі – еркін меңгеру.
- Орыс тілі – еркін меңгеру.
- Ағылшын тілі – Intermediate деңгейінен төмен емес (қалаулы).
- Қытай тілі – іскерлік деңгейде (мердігерлермен келіссөздер жүргізу үшін).
Артықшылықтары
- Газ өңдеу зауыттарын (ГӨЗ), мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) немесе өзге де ірі өнеркәсіптік объектілерді салу және пайдалануға беру жобаларын сүйемелдеу тәжірибесі.
- Жобаларды басқару саласындағы сертификаттардың (PMP, IPMA және т.б.) болуы артықшылық болып табылады.
Ұқсас вакансиялар
(негізігі қызметкердің жұмыста болмау кезеніне) өндірістік-техникалық бөлімінің инженері
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы | Қызметкер болмаған кезде
| Орал қ.
10.08.2026 | 1897
Таскала газ шаруашылығының Достык-Ынтымак ауылының газ желілерін пайдалану және жөндеу қызметінің жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу жөніндегі слесарі 0,9 мөлшерде 3 дәрежелі слесарі
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Орал қ.
10.08.2026 | 885
Активтерді басқару жөніндегі бас маман
«QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.08.2026 | 1212